Материалдар / Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен- патриотпын». 5 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен- патриотпын». 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен- патриотпын». Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу. Кешенді міндеттері: - білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету; - білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу; - білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту; - білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту; - жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру; - Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2510
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы:  5 «А»Күні: 02.09.2017ж. Сынып жетекшісі: Кумусбаева Г.О.Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Мен- патриотпын».Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.Кешенді міндеттері:- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;- Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру. Күтілетін нәтижелер:Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады.Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.Сабақтың ресурстық картасы.
РесімдеуМемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар


Елбасы суреті, Қазақстан экономикасының әртүрлі саласына үлес қосқан атақты адамдардың суреттері Слайдтар, Видео, Қазақстан тарих кітабы 3,4 том, рәміздер суреттері, қанатты сөздер, формат, маркер. және т.б.
Музыкалық және бейне көркемдеуМемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», «Менің Қазақстаным» әндерінің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтарыКомпьютер, Ноутбук.
Үлестірмелі материалдарПатриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер және т.б.
Эпиграфтар«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»Н.Ә. Назарбаев


«Патриот болу нені білдіреді?Сүю –иә, бірақ тек өз жерін ғана емес, бірақ оған міндетті түрде нақты бір нәрсе істеу".Ш. Уәлиханов
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер«Мен – Қазақстанның патриотымын».«Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында»«Қазақстанның болашағы - менің болашағым»,«Материалдық мәдениет - ұлттың қазынасы» және т.б.
Дайындыққа арналған әдебиет

1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy2. 2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі.3. http://www.metod-kopilka.ru/ klassnyy_chas_po_kazahstanskomu_patriotizmu_quotya_-_patriot_rkquot-22113.htm
Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.2. Топқа бөлуМұғалімнің кіріспе сөзі:- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Сабақтың кезеңі:І. Мотивациялық «Ассоцация» тәсілі. Патриот – бұл........... ІІ. “Білімдіге дүние жарық” викториналық сұрақтар. ІІІ. “Тіл өнері” мақал мәтелдің жалғасын табуIV. ПолиглотV.“Ойлан, тап!VI. «Патриот деген кім постер қорғау.VII. “ Туған жеріңе не бересің? ”ойыныVIII.Қорытындылау. РефлексияI Мотивациялық «Ассоцация» тәсілі Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады: Патриот – бұл........... Болжамды жауаптар:1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам. 4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды. 13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады. 14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

ІІ. Білімдіге дүние жарық”Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.І топ
  • ҚР тәуелсіздікті қашан алды. 1991ж. 16-желтоқсан.
  • Қандай ұлттық тағамдарды білесің? қазы-қарта, жал-жая,бесбармақ, қымыз, шұбат.
  • Қазақ хрестоматиясын жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
  • Күй атасы кім? (Құрманғазы)
  • Балдан тәтті не? (Бала)
  • Әкеден балаға берілетін зат? (мұра)
  • Үйдегі алтын адам кім ? (Ана)
  • Бес дұшпанды атаңдар ? (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек)
  • Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
  • Ақындар жарысы (Айтыс)


ІІ топ
  • Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды. (1989ж)
  • Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан)
  • Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.
  • Қазақ алфавитін жасаған кім? ( А.Байтұрсынов)
  • Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)
  • ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? (2002ж. 8-тамыз)
  • 18жасқа толмаған адам ( бала)
  • «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)
  • Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
  • Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)


ІIІ топ
  • Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Т.Әубәкіров
  • Ұлттық киімдер қалай аталады? ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)
  • Шоқанның әжесі ? Айғаным
  • Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай)
  • Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)
  • Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)
  • Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
  • Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)
  • Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? 14 жас
  • Ұлттық валюта (Теңге)


ІІІ. “Тіл өнері” мақал мәтелдің жалғасын табуАтаға қарап – ұл өсер, анаға қарап – қыз өсер.Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.Ата-ананың қадірін -Балалы болғанда білесің.Атаның баласы болма, халықтың баласы бол.Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер.Ананың сүті –бал,баланың тілі бал.Туған үйдің түтіні жылы, туған ананың күтімі жылы.Анаңа ауыр сөз айтпа, артыңа ауыр жүк артпа.Бала – ананың бауыр еті, көз нұры.Әке асқар тау, ана –шал

IV. “Полиглот.Шардың ішіндегі мақал-мәтелді оқып асты сызылған жерге тиісті сөзді тауып, орысша және ағылшынша аудару.
  • Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл. (человек, person)
  • Өз елім — өлең төсегім. (страна, country)
  • Аққу көлін аңсайды,Адам туған жерін аңсайды. (земля, earth; land)
  • Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. (султан, sultan)
  • Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді. (родина, motherland)
  • Отаны бірдің жүрегі бір, Жүрегі бірдің тілегі бір. (сердце, heart )
  • Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды. (вода,water)
  • Отан — оттан да ыстық. (горячий, hot)
  • Жері байдың елі бай. (богатый, rich)
V.“Ойлан, тап!”















Суретте еліміздің патриоттары ұлы тұлғалар берілген. Үш қатар үш топқа бөлініп осы тұлғалар кім және қандай ерлігі өзінің артынан не қалдырғанын қысқаша айтып берсендер. VI. Үш топ «Патриот деген ол» тақырыбында постер қорғайды. (Ресурс бойынша постер жасау, қорғау).VII. “ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабыАғаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.– Ағашқа не жетіспейді? Жапырақтары– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)VIII. Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Тәрбие сағатымызды Көк тудың желбірегені әнімен аяқтаймыз. ( бейнеклип көрсету)Рефлексия парағын толтыру.Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:Мен ...............................................таныстым.Маған ................................................оңай болған жоқ.Мен .........................................................қол жеткіздім.Мен ...........................................................істей алдым...................................................болса жақсы болар еді. Менің .......................................................есімде қалды.Мен ...........................................................істеп көремін.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!