15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Нағыз қазақ жігіті-2018»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Нағыз қазақ жігіті-2018»
Байқау барысы:
І. Ұйымдастыру
(ұлттық музыка әуені ойнап тұрады)
1-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 4 «Ә» сыныбы ұлдары арасында өткізілгелі отырған «Жігітке жеті өнер де аз!» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Жігіттеріміз өз өнерлерін ғана көрсетіп қоймай, салт-дәстүрлерімізді, ұлттық ойындарымызды, өз шеберліктерін көрсетеді.
2-жүргізуші:
-Олай болса, жігіттерге сәт сапар тілей отырып, «Жігітке жеті өнер де аз» атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті.
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді.
2-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға ұлдарымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(«Солдат боламын мен ертең» әнімен ұлдар ортаға шығады).
1-жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе гой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып, байқауымызды әдемі бір әнмен бастасақ дейміз.
Ән.
1-оқушы:
Мылтығың түзу болсын, өзі сырлы,
Сүйменді оғы болсын алты қырлы.
Қолында қызыл темір қалың ауыз,
Алысы мен талғамас жақын жерді.
2-оқушы:
Жігітке мықты дәулет амандығы,
Қанағат барға етпес надандығы.
Шарт жұмып жүргенімен екі көзін,
Көрінер қалайынша амандығы.
3-оқушы:
Жігіттіктің екпіні
Қаптаған қара дауылдай!
Күркіреп жауған көктемде
Қара нөсер жауындай!
4-оқушы:
Жігіттер сақтаныңыз жаман достан,
Досыңның жаманынан артық дұшпан.
Өштескен жаудан адам сақтанады,
Тиеді достың оғы қапылыста.
5-оқущы:
Ата-бабаларымыз ер қаруы-бес қаруды да сайлап қойған.
Сойыл, дойыр, шоқпар, найза, жансадақ-
Бес қаруды батырлардың аңдасаң,
Бәрі ағаштан жасалыпты байқасаң.
6-оқушы:
Ер жігіттің басынан «алты асыл қасиет», «үш асыл мінез», «ажырамас үш серік» табылуын талап еткен. «Зерде-зейіні болсын, өнер өрісі болсын, тапқырлық, талап, ерлігі болсын, күш-жігері болсын, қайрат қаруы болсын, білімі болсын». Міне, осы талаптар жігіттің басындағы «Алты асыл қасиет» болып табылады.
7-оқушы:
Жігіттің «Үш асыл мінезі»: туған елі мен дос-жарандарына адал болу, қара қылды қақ жарған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.
8-оқушы:
Ер жігіттің «Ажырамас үш серігі»: астыңда мінген тұлпарың болсын, шыңдалған ақыл, айлаң болсын, айнымас адал досың болсын.
9-оқушы:
Ер жігіт үшін «Жеті қазына» да керек,
Жүрдек аты-жігіт қаны, қанаты
Қарын бүркіт-қарым күші, қуаты,
Құмай тазы-бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы-сөнбес оты, серігі,
Алмас кездік- жігіт сұсы, һәм мысы,
Ау-жылымы-айла, амал әдісі,
Қара қақпан-серті, себі тірліктің,
Осы жеті қазынасы жігіттің.
10-оқушы:
Жігіттің тоғыз жауы:
Басты жауың-жалқаулық,
Сорлататын жаныңды.
Осалдығың-аңқаулық
Соқтыратын саныңды.
Жасқаншақ болсаң ұры алар,
Қорадағы малыңды.
11-оқушы:
Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.
Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды
Өсек терсең телмеңдеп,
Суға кетірер салыңды.
12-оқушы:
Көпірме бекер мақтан қып,
Түкке тұрмас барыңды.
Көрінгенге жалақтап,
Бола алмайсың жағымды.
Біреуді алдап-арбаумен
Аша алмайсың бағыңды.
(Қытай биі)
1-жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!, - деп бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І. «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру
ІІ. Ескірмейтін ескі сөз (тыйым сөздер айту)
ІІІ. Шебер қолдар (Үй тапсырмасы)
ІV. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
V. «Жеті атасын білмеген жетесіз» (Жеті атасын айту)
VI. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.
Бүгінгі байқауға қатысушы сайыпқырандырдың ақыл парасаты мен күшіне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
2-жүргізуші:
Ақыл-көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырп өтеді. – деп «Тегімді менің сұрасаң»өзін таныстыру сайысын бастайық!
(өздерін таныстырады)
1-жүргізуші:
Ей, жігіттер!
Сендерге артар міндет көп,
Көтер биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп.
Келесі сайысымыз «Ескірмейтін ескі сөз».
(Тыйым сөздер айтады)
Ән:
2- жүргізуші:
Мықты болсаң қане мында шыға ғой,
Келді кезек шеберлікті танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде, - деп
Шебер қолдар сайысын бастаймыз.
(Әркім өзінің үй тапсырмасын қорғайды)
1-жүргізуші:
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
«Бәрекелді!» деп шіркінге,- дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
(Өз өнерлерін көрсетеді)
2-жүргізуші:
«Жеті атасын білмеген жетесіз» демекші жігіттеріміз жеті аталарын атап береді.
(Жеті аталарын атайды)
1-жүргізуші:
Ей, ер жігіт, ер жігіт,
Ей өр жігіт, өр жігіт
Атыңа ерік бер жігіт,
Күшіңді көрсет, ер жігіт, - дей отырып сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын қол күресі бөлімін бастаймыз.
(Қол күресі)
2-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар! Өздеріңіз өнерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жеңімпаздарды анықтағанша ән мен биге кезек береміз.
Балалар, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын,-дей отырып, сөз кезегін әділ қазыларға беріледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген