«Он
саусақ». сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың ой - өрісін, білімін жан -
жақты кеңейту. Жас ұландардың өнерге
қызығушылығын ояту, шығармашылық қиялын,
қабілетін, көркемдікке деген бейімділігін
дамыту.
Көрнекілігі:
Плакаттар: «Өнерлі елдің өресі биік»,
«Өнерлі өрге жүзер», «Өнерден қуат
алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді».
Түрі:
Сайыс.
І.Ұйымдастыру
кезеңі.Балаларды сайысқа дайындау.ІІ.Негізгі
бөлім.
Мұғалім:Құрметті
ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Он
саусақ» атты тақырыбындағы сайысымызды
ашық деп жариялаймыз. Сабағымыздың
эпиграфы ретінде «Өнерден қуат алмаса,
тіршіліктің шырағы өшеді» деген М.
Әуезов атамыздың қанатты сөзін алып
отырмыз. Бұл сабақты өткізудегі мақсатымыз
оқушылардың білімін, ой - өрісін жан -
жақты кеңейту, өнерге қызығушылығын
ояту, шығармашылық қиялын, қабілетін,
көркемдікке деген бейімділігін дамыту.
Алдымен сайысымыздың ара жігін ажырататын
қазылар алқасын сайлап алайық.
Топтармен
таныстырып өтеміз.
топ:
« Талаптылар» тобы
топ
«Алғырлар» тобы
топ
«Ойшылдар» тобы
Бірінші
сайысымызды бастамас бұрын сайысымыздың
шартыммен таныстырып өтейік.Ол қарапайым
4 кезеңнен тұрады.
Сайыстың
шарты:
1.Білгенге-маржан.
2.Үй
тапсырмасы. «Сырлы
бояу».
Сурет
салу.
3.Ойлы
болсаң-озып көр. Сұрақ - жауап.
4.Ою
ойғанның ойы ұшқыр.
1.
«Білгенге маржан»-бөлімі
бойынша. 2- сыныптар сурет салуға қажетті
құрал жабдықтарды, 3-4 сыныптар бейнелеу
өнеріне байланысты сөздер жазады. Әр
сөзге 1 ұпайдан беріледі.
2.«Сырлы
бояу»
деп
аталатын тапсырма үй тапсырмасы болып
табылады.
Өнердің басқа да түрлері секілді сурет
салу да оқушылардың ой - өрісі мен
білімдерін жан - жақты дамытуда әсері
мол. Сурет салу өнері қазақ халқында
ертеден ғасырлар бойы халықпен бірге
жасасып, халқымыздың мәдени қазынасының
өзекті бір саласына айналды. Ендеше
яғни әр топ салған суреттері бойынша
тақырыбымен таныстырады, не салынғаны
жайында айтады.
3.Ойлы
болсаң-озып көр.
Сұрақ - жауап. Қоржыннан асық алып, шыққан
нөмірге байланысты сұрақтарға жауап
береміз.
1.Бейнелеу
өнерінің түрлері қандай?
2.Қанық
түстерді ата
3.Инеден
қорғайтын саусақ ұшына киетін зат.
4.Қандай
мата түрлерін білесің?
5.Киіз
үйдің ішкі көрінісі туралы айтып бер.
6.Пейзаж
дегеніміз не?
7.
Зергерлік бұйымдарды кім жасайды?
8.Кеңістік
перспективасы дегеніміз не?
9.Ұлттық
төсеніш түрлерін ата
10.Аппликация
дегеніміз не?
11.Жылы
және суық түстерді ата.
12.Коллаж
дегеніміз не?
12.Акварель
бояулары дегеніміз не?
13.Ою
туралы не айтасыңдар
4.
«Ою ойғанның ойы ұшқыр»
деп аталатын соңғы сайысымызда ою ойып,
түсті қағазға жапсырмалаймыз.
Қорыту.
Марапаттау.
«Талаптылар»
тобы
«Алғырлар»
тобы
«Ойшылдар»
тобы