Гүлназ
Саханова
Бастауыш сынып
мұғалімі
«Е.Сыпатаев атындағы орта
мектеп МДШО»КММ
Алматы облысы ,Панфилов
ауданы
Тақырыбы:
Өнеге
-отбасынан
-
Білімділік:Оқушыларға
жанұя,шаңырақ,отбасы,Отан ұғымдары жөнінде,отбасының қоғамның бір
бөлігі екені жөнінен толық мағлұмат беру;
-
Дамытушылық: отбасы мүшелерінің құқығы мен
міндеттері жайлы айта отырып,іс-әрекеттері үшін жауап беру,туысына
қамқор болу сияқты дағдыларды
қалыптастыру;
-
Тәрбиелік:отбасы мүшелеріне деген құрмет
пен сүйіспеншілікке баулу;
Психологиялық
ахуал
Әкем,анам-қамқорым,
Көздерінің нұры
біз.
Ағатайым
екеуміз,
Өмірінің
гүліміз.
Біз де аянып
қалмаймыыз,
Екі етпейміз
айтқанын.
Гүлдерді де
баптаймыз,
Тазалықты
сақтаймыз.
Біздің үйде бәрінің
,
Міндеті бар
атқарар.
Татулықпен
сый-құрмет,
Осындайдан
басталар.
Негізгі
бөлім
Отбасы-неке мен туыстық
қатынастарға негізделген адамдар тобы.Отбасы дегеніміз-әкесі мен
анасы, олардың балалары және ата-әжесі. Оларды бір-біріне деген
махаббат,құрмет, бауырластық біріктіреді, олардың ортақ
шаруашылығы, мүлкі болады.Отбасында балаларды ата-анасы өсіріп,
тәрбиелейді.Оған аталар мен әжелер көмектеседі.Олар бала тәрбиелеу
жөнінде кеңес береді,немерелерін күтіп-бағады.Ата-ана отбасын не
қажеттің бәрімен қамтасыз етеді,сүйіспеншілікке және бірін-бірі
құрметтеуге жағдай жасайды.Қазақ отбасында үлкенді сыйлау,құрметтеу
және кішіге қамқорлық, Отанды шексіз сүю
дәстүрі сақталған.
Туған жер –алтын
бесік.
Отаннан артық жер
жоқ,отандастардан артық ел жоқ.
Үлкендер-кішілердің
ақылшысы.Ана өз баласына: “Жаман істен,жағымсыз сөзден
аулақ бол”, “Егіннің соры-арамшөп,
жігіттің соры-жалқаулық”деп үйретеді.Кішілер
ата-ананың,аталар мен әжелердің және басқа туыстардың
жәрдемшісі.Отбасының әр мүшесі өз міндетін,өз ісін атақарады.
Отбасындағы бірін-бірі құрметтеу және бірін-бірі жақсы көру
көптеген қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді.

-Бір үйде
тұрады
-Отбасы мүшелері бір-бірін
жақсы көреді
-Үй шаруасымен
айналысады
-Отбасы қаражатын қажет
нәрселер сатып алуға жұмсайды
-Қиындықпен қуанышты бірге
бөліседі
-Бос уақытты бірге
өткізеді
Отбасы-біздің
мемлекетіміздің,халқымыздың бір бөлігі.Отбасына
қамқорлық-мемлекеттің басты мақсатының бірі.
Қазақстан Республикасының
Конституциясының 27-бабында: “Неке мен отбасы,ана,әке
және бала мемлекеттің қорғауында болады”деп
көрсетілген.Бұл мемлекет
ата-аналарға балаларды өсіруге және тәрбиелеуге жәрдемдеседі деген
сөз.Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын бағып-қағуға
міндетті.Олардың тәрбиесіне,білім алуына және денсаулығына қамқор
болуы тиіс.Олар өз балаларының іс-әрекеттері үшін жауапты.Ал
есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап,көмек
көрсету-балалардың парызы.Толыққанды отбасында өзара сыйластық орын
алады. Отбасының татулығы қоғам дамуы үшін өте
маңызды.
Қорытынды
Рефлексия
-Сабақ саған ұнады
ма:
-Несімен
ұнады?
-Саған не жаңалық
болды?