Материалдар / Тәрбие сағаты."Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты."Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1-қыркүйекте өткізген ашық тәрбие сабағым. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі етіп тұтуға баулыдым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
13682
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  «Патриотизм  - ұлттық  рухтың  асқақ  белгісі»

Мақсаты: Жас ұрпақты рухани мінез-құлықтық және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.

Армысыздар құрметті ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі  «Патриотизм – ұлттық рухтың  асқақ белгісі»  тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!  Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын өз еліміздің яғни Қазақстанымыздың әнұранымен бастамақпыз.

(Әнұран орындалады)

Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қазақстандық патриотизмнің іргетасын қазақ елінен жайлы қоныс тапқан 130-дан астам ұлттың бірлігімен берік қалыптастыруымыз керек. 

Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық, салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар, кеңестік ортақ дәуір, Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Осыған орай бүгінгі тәрбие сағатымызды үш кезеңге бөліп отырмыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері:

1. Ежелгі ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз–ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ – жауап).

2. Әдеби монтаж.

3. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық

батырлардың ерліктері.

1 кезең. Ежелгі ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз–ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ – жауап). Сұрақтарға  асық таңдау арқылы жауап береді.  

1.«Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім?

(Ж. Молдағалиев)  Міне  керемет, бұл өлеңнің тарихы өте жақсы қазақтың қазақ екенін білдіреді. Олай болса барлығымыз осы өлеңнің бірер шумағын қайталап көрейік.

2. Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім  біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)

3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата (ханталапай, қыз қуу, бәйге, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, асық)

4. Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық)

5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (домбыра, қобыз,сазсырнай, дауылпаз, жетіген).

Иә, дұрыс оқушылар, соның ішіндегі  домбыра – сан ғасырлардан бері қазақтың сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар.

6. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер? ( «Туған жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».

7. Батырлар туралы қандай жырларды білесіңдер? (Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батыр).

8. Қазақ халқының  салт – дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, шілдехана, тілашар, бесік той, сүндет той, қыз ұзату, сыңсу, тұсаукесер, асар, шаңырақ  көтеру).

2 кезең. Әдеби монтаж. «Мен – патриотпын»  тақырыбында өлең оқылады. (оқушылар өздері жатқа білетін өлеңдерін оқиды)

 Ойын ойнайық. «Атомдар мен молекулалар»  ойыны. «Атомдар» деген кезде ойыншылар  жеке дара жүреді де, «молекулалар бесеуден, молекулалар үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

3 кезең. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері. Ұлы Отан соғысының  батырлары: Бауыржан  Момышұлы,  Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,  Талғат  Бигельдинов, Рақымжан  Қошқарбаев туралы мәлімет беру.                                                  

Негізгі ұғымдармен жұмыс

Оқушыларға  парақшалар таратылып береді. Оқушылар парақшалардағы сөздердің анықтамасын табу керек. Келесі топпен анықтамасын табады.

Патриотизм  дегеніміз -  Отанға  деген сүйіспеншілік, әрбір  азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярықпен орындау;

Отаншылдық патриотизм - бұл елдікті,  мемлекеттілікті  саналы  түрде  сезіну.

Мәселен, кез келген адамның өзі туып өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлау, туған жеріне деген адалдық, өз елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отанының тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды.

Әскери патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан – менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты мен де ол үшін жауаптымын» - деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Әскери-патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады.

Жалпы патриот дегеніміз отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.

Патриот және әскери патриотизм деген ұғымдар бойынша постер қорғау.

Жердің де, елдің де иесі өзің

екеніңді ұмытпа!»  деген болатын. Олай болса, жүрегі елім деп соққан  азаматтарымыз көбейе берсін! Құрметті ата-аналар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге  алғысымыз шексіз.

Келесі кездескенше,  сау болыңыздар!

 











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!