400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты.Қанаттылар ханы-бүркіт.4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру аясында өткізілген тәрбие сағаты бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиешілерге ,оқушыларға көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№37 негізгі мектеп











Shape1

Тақырыбы: «Қанаттылар ханы-бүркіт»

Сынып : 4 «А»

Мерзімі: 22.02.2019жыл

Өткізген: Суйндикова Н.Т

























Тақырыбы: «Қанаттылар ханы-бүркіт»

Сыныбы:4а

Мақсаты: Рухани жаңғыру аясында қасиетті құс бүркіт туралы мағлұматтар бер,жыртқыш құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы, құсбегінің қыран құстарды қалай баулитынын, құсбегіге қажет құралдар туралы түсіндіру.

Тәрбиелілігі:Қыран құстарды қорғауға, әсемділікке баулу.

Дамытушылығы: Қыран құстар туралы мол мағлұмат беру, дүние танымын кеңейту,құсбегілік өнерді насихаттау.

.Тәрбие сағатының түрі: Сайыс сабақ

Тәрбие сағатының әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.

.

1) Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатымызды тамашалауға қош келдіңіздер! 

Рухани жаңғыру аясында құсбегілік өнердің,оның ішінде қанаттылар ханы –бүркіт туралы бірі білсе,бірі білмейді.Бұл ата-бабамыздан келе жатқан өнерді насиаттау,келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру-біздің міндеміз.Осы мақатты тиек ете отырып,бүгінгі сынып сағатымызда «Қанаттылардың ханы-бүркіт» туралы болмақ.


2)Ұйымдастыру. 

Шаттық шеңбері:Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Топқа бөліну. 

Қыран және сұңқар.


1кезең-«Білгім келеді» айдары бойынша «Қанаттылардың ханы-бүркіт» туралы фильм көру.

2-кезең. «Сұрақ-жауап» айдары бойынша .

3-кезең. «Жалғасын тап» айдары бойынша

4-кезең. «Үй тапсырмасы»



Сайыстың барысы:І кезең -«Білгім келеді» айдары бойынша «Қанаттылардың ханы-бүркіт» туралы фильм көру.


2-кезең. . «Сұрақ-жауап» айдары бойынша .



 Екі топ кезекпен ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

5 -Сонар деген не? Аңшылардың аңға шығатын ,қар жауғаннан кейінгі сәті.

5-Бүркітті қолға қалай шақырады? « Кәу-кәу» деп шақырады.


10-Құсбегілік дегеніміз қандай өнер түрі?

Құсбегілік– бүркіт сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, , салатын саятшылық өнер

10-Томаға деген не? Бүркіттің басына киетін ,теріден тігілген жабдығы.

20-Құсбегілік туралы ақын-жазушылардың шығармаларын ата

А.Құнабаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қыран құс не алмайды салса баптап», С.Мұқанов «Лашын»

20-Бүркіттің жабдықтарын ата /томаға, сапты аяқ, жемқалта, биялай, тұғыр, аяққап/

30- БҮРКІТТІҢ ЖАС АТАУЛАРЫ

Балапан,қан түбіт,тірнек,тастүлек,мұзбалақ,көк түбіт,қана, жана,май түбіт,барқын,баршын,шөгел.


30- Бүркіттің түрлерін ата.

Алтайдың мұзбалағы,шегелдер,оралдың ақиығы.

40-Тұғыр деген не? Бүркіт отыратын ағаштан жасалған зат.

40-Балақбау деген не? Жұмсақ иленген теріден тігілген бүркіттің аяғына байланатын бауы.

50-Салбурын дегеніміз не?

Саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді.

50- Бүркіттің бітімі қандай? Төс сүйек,сан,тірек, ,сирақ,шуда,,баутағар,орақ,қиғақ.
3-кезең. «Жалғасын тап» айдары бойынша

1-топ.  Қыран құс шашып жейді, /қара құс басып жейді.

Екі сұңқар таласса, Бір қарғаға жем түсер.

 Қаршыға қаз алса, Ителгі етек қабады

2-топ.Ажалды қарға бүркітпен ойнайды. 

Тауындағы түлкіні Бабындағы бүркіт ғана алады

Ит иесі үшін алады. Бүркіт жемі үшін алады.

4-кезең. «Үй тапсырмасы»

Әр топтан құсбегілік туралы ақын-жазушылардың шығармаларынан өлеңді мәнерлеп,жатқа айту.

Бүркіттің суретін салу.

V.Қорытындылау. топтың ұпай сандарын санау.

 Оқушылар сабақта өзіне ұнаған екі әдісті және мұғалімге тілек жазады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі