Материалдар / Тәрбие сағаты:"Қарттарым асылқазынам" 5 сынып

Тәрбие сағаты:"Қарттарым асылқазынам" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл тақырыпта оқушыларға қарттар жайында көптеген мағлұмат беріледі,және оқушылар қарттарды силап құрметтеуге көмек беруге силауға үйренеді. Жыр шумақтарын арнап қарттарды қуанышқа бөлейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2018
950
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынамМақсаты:Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттарБарысы:                                    І ҰйымдастыруІІ. Негізгі бөлімКөп жасаған қария,Ақылы теңіз-дария.Көп өнеге сөзі бар,Сөзі соқпақ, сөзі нәр.Ата салты ардақты,Әрбір сөзі салмақты.Сол сөздерді ұқпасаң,Тістерсің бір күн бармақты.«Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!Көкіректен жыр төгілмей жата ма?Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,Кенеліп бір ілтипатты батаға. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.Біздің ауылымызда қырыққа жуық қарт ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі Алтынбеков Пернебек  атамыз және Шарипова Алтынкүл апамыз  бүгін бізде қонақта.Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.І бөлім Ата-әжем мақтанышым Оқушылар үйден әжелері жайындадайындап келген слайдтарын көрсетеді.ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймынАталары жайында жыр мен ән жолдайды.ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымынІ бөлім   «Ата-әжем мақтанышым»Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.б/ Ауыл әжелері туралы мәлімет беру. ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.Бала деген бал екен,Бал дегенің бала екен.Немеренің бойында,Бар жақсылық бар екен.Туған балаң жай ғана,Демесең де жат бөтен,Нағыз бала ойласаң.«Немере» екен тәтті екен.в/ Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.Ән: Анашым -------------------------------------------------Ақиқатты айқындап жариялар,Бара жатыр азайып қариялар.Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,Бара жатыр сарқылып қариялар.Көрініс: Атасы мен немересіАта-әже ауылымның асылдары,Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.Сіздер үшін мереке шашулары.Би: Өзбек биі-----------------------------ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымынАта-бабаң ардақты,Жамандыққа бармапты.Ардақ тұтып үлкенді,Ата жолын жалғапты.Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.а/Оқушыларға жеті атасын айтқызуә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелікҚорытындылау«Бабаларым, рахмет сендерге!Балаларым болмасын деп бос кеуде,Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,Өмірге мен мылқау болып енгендеБабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ