400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты."Қазағымның мақтанышы."2-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал өте жақсы құрылған, бірінші желтоқсан елбасының мерекесі Президент күніне орай өткізген ашық сабағым.Өте жоғары деңгейде өтті.Сабақтың өн бойында оқушылар сұрақтарға жауап беріп,өз ойларын ортаға салды. .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құдретті тұлға екенін таныту.Елімізге еңсе тікетіп,мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып елбасының кісілік келбетін меңгеру.

Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Елбасының суреттері,өлеңдер,тақпақтар, ту құрастыру, сөз жұмбақ.әндер.

Түрі:тәрбие сағаты

Шаттық шеңбері:

Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін,туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

Топқа бөлу:Қырын құс,Көк ту,Бәйтерек.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан Республикасында.

Біздің бас қаламыз қай қала?

Астана қаласы.

Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Қазақ тілі.

- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

- Елтаңба,Көк ту, Әнұран.

- Біздің елбасымыз кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ол президент.

- Иә балалар,біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ.

Себебі 1-ші желтоқсан-Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн.Осы күні,яғни1991жылы 1-желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ.Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы-Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды.

Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып,Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап, дауыс берді.

Енді 1- желтоқсан-Президент күні болып тағайындалды.

Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев 1940- жылы 6- шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз- маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы темір жол бекетіне бару деген керемет бір мереке болған.Мектепті жақсы оқып ,жақсы білім алған.Ата –анасын қатты құрмет тұтты.Жұбайы Сара Алпысқызы. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Елбасымыздың үш қызы бар.Дариға,Динара,Әлия.

Елбасымыз сондай ақ өнерге де көңіл бөледі.Ол кісінің «Елім менің», «Үшқоңыр» деген әндері бар.Бұл әндердің сөзін елбасымыз жазған.

Лауазымдық жұмыста отырсада демалыс уақыттарын үнемдей алады екен.Табиғат аясында демалғанды ұнатады екен.Спортпен де шұғылданады.

Ойын :Көк туды құрау

Тақпақтар оқу.

Бағалау:

Сергіту сәті: Ән: Көк тудың желбірегені.

Тақтаға Көк туды құрастыру.

Бағалау:

Сөз жұмбақ: «Елбасы» сұрақтары .Әр топқа

1.Н.Ә.Назарбаев қай жылы туған?

2. Н.Ә.Назарбаевтың туған жерін ата

3.Президентіміз кім?

4.Н.Ә.Назарбаевтың әкесінің аты кім?

5.Елбасының неше баласы бар?

6.Елбасының әндерін ата.

Бағалау:

Олай болса «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,бүгінімізді ертеңіне жалғайтын,қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді дәлелдейік!»

Кері байланыс: «Киіз үйді безендіру»







































Мақсаты:

А)Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата- бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларының ерлігін үлгі етіп көрсету.

Ә)Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін,сезімдерін ояту.Елін,жерін сүюге.Отанын қастерлеуге,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Желтоқсан құрбандарының суреттері,рәміздер,тақпақтар,сөз жұмбақ,шарлар.

Жылулық шеңбері:

Топқа бөлу:

Құрметті қонақтар,оқушылар!Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арнап«Тәуелсіздік тұғырым!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

1986 жылдың 16 желтоқсан ызғарлы қыста Қазақ елінің көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш бас көтеріп, құрбан болған аға-әпкелерімізді еске алып ,сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

1986 жылы 16желтоқсан күні таңертең,Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады.Алаңда «Біз қазақ,ежелден еркіндік аңсаған»,«Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын»,«Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды.Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді.Өз елінің тәуелсіздігін талап еткен,шеруге шыққан жастарға»Бұзақылар»,»Ұлтшылдар»,»Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

Сұрақ-жауап:Оқушылар жауап береді.

Иә .

Көптеген студент жастар түрмеге қамалды,оқу орынынан шығарылды.

Тәуелсіздік жолында ҚайратРысқұлбеков,Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев,Сәбира Мұхаметжанова,Молданазарова және т.басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.1991-жылы тәуелсіздігімізді алдық. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996-жылы 9- желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековқа «Халық қаhарманы» атағы беріліп,айырықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды.Сәбира,Ләззат,Ерболға тағы басқада желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаhарманы »атағы берілді.

Желтоқсан құрбандарын 1-минут үнсіздікпен еске алу.

Оқушылардың тақпағы:

Сөз жұмбақ: Әріптерден сөз құрау.

-Иә дүниені дүр сілкіндіріп әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып,елімізде «Тәуелсіздік таңы »атты.

Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік ,халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын , деп тілейік.

Сабағымызды қортындылап оқушылар ды бағалау.

Кері байланыс:











































































































































1). Н.НАЗАРБАЕВ ҚАЙ ЖЫЛЫ ТУҒАН?



2) . Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ТУҒАН ЖЕРІН АТА.



3) . ӘКЕСІНІҢ АТЫ КІМ?



4) . АНАСЫНЫҢ АТЫ КІМ?



5) . Н.НАЗАРБАЕВТІҢ НЕШЕ БАЛАСЫ БАР?



6) . ЕҢ АЛҒАШҚЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫН ҚАЙДА БАСТАДЫ?



7) . 1-ЖЕЛТОҚСАН ҚАНДАЙ МЕРЕКЕЛІК КҮН?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
951
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі