Материалдар / Тәрбие сағаты:«Қазақстаным- байтақ мекенім»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты:«Қазақстаным- байтақ мекенім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күніне орай өткізілген тәрбие сағатын ұсынып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2024
401
4 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстаным- байтақ мекенім»

Мақсаты:Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру

Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, , мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай білуге, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, гүлдер, слайд, Астана суреттері.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ПShape1

Менің отаным-Қазақстан

Мен отанымды сүйемін

Мен отанымды қорғаймын.

Мен отанымның болашағымын.

сихологиялық дайындық







Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгін сіздерге Республика күніне арналған «Қазақстаным- байтақ мекенім » атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.  1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні.

ӘНҰРАН орындалады.

ІІ. Балалар, «Отан дегеніміз не?»

1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.

2-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.

3-оқушы:  .Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.

Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген..Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат

(Қазақстанның  картасын көрсету)

Иә, балалар,  Қазақстанның жері үлкен, әдемі, әрі бай. Қазақстанның жер көлемі жағынанан дүние жүзінде 9-орында . Балалар, Қазақстанда  негізгі ұлт – қазақтардан басқа 120 ұлт өкілдері тату-тәтті, береке-бірлікпен тұрып жатыр,





Еліміздің картасы Жұлдыз

Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.

Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 17 облыс89 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (АстанаАлматыШымкент), 186 аудан174 ауылдық округ кіреді.

Отан туралы мақал-мәтелер айту.

Үйіңде атаңның намысын қорға,

Шет жерде Отаныңның намысын қорға.

Отаны бардың оты өшпес.

Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Халықтың ортақ үйі – Отаны.

Отан оттан да ыстық.

Жері байдың елі бай.

Ердің сыншысы – халық.

Туған жерге туың тік

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

ІІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дал рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс-ерліктің белгісі.
Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу.

Тудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков


Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі.

Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов.

Әнұраны –  сөзі :Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев

 Әні: Шәмші Қалдаяқов

Оқушылардың отан туралы тақпақтарына кезек берейік

 Рахим

Отанды 

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені, онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген – атамекен.

Отан деген туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел.

Иба Отан! Отан! Отан! - Әдемі
Отанда бар әлемнің сәулесі.
Отаным бар Тәуелсіз,
Отаным  бар кең байтақ.

Отаным бай, қуатты,
Сонымен әлемді таңырқатты.
Отаным менің беделді,
Отаным мәңгі  гүлденеді
.

Сулу

Туған жер
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

ІV. «Кім жылдам?» ойыны Сұрақ-жауап

Тұңғыш президентіміз кім? Н.Ә Назарбаев

Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады? 1990 жылы 25 қазанда

ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды? 1992 жылы 4 маусымда
Елорда қай қала? Қай жылдан? 
Астана қаласы 1997ж

ҚР-ның ұлттық теңгесі қай жылы айналымға енді1993 жылы 15 қарашада

Ата заң қай жылы қабылданды? 1995 жылы30 тамыздағы

Еліміз өз Тәуелсіздігін қашан жариялады? 1991 жылы 16 желтоқсан

Қорытынды:

Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі –халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын президентіміз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

Халық үшін Елбасы,

Әскер үшін қолбасы.

Тар жол тайғақ кешуде

Қасым - Жомарт ағаны

Туған жұрты қолдасын, - деп бүгінгі Республика күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ән: «Асыл елім Қазақстаным».



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!