400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты:«Қош бол, балабақшам»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мектеп жайлы түсінік қалыптастыру. Бар өнерлерін көрсете отырып балабақшамен қоштасу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шымқорған» бөбекжай балабақшасы ЖШС-і

Тәрбиеші: Ергашова С.



«Қош бол, балабақшам»

Мақсаты: Балаларға мектеп жайлы түсінік қалыптастыру. Бар өнерлерін көрсете отырып балабақшамен қоштасу.

Өткізілетін орны: Жабдықталған балабақша ауласы.Тәрбиеші Сұлухан: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз мәпелеп күтіп баптаған бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,

Қуанышы бүгінгі.

Құтты болсын тойларың-деп бүгінгі «Балауса» тобының тәрбиеленушілерін қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық.

Музыка әуені ойналады. Күй.

1.Көрікті келбетті озат жігітіміз-Сұлтанбай Ердәулет

1.Ақылына көркі сай озат қызымыз- Байшова Інжу

2.Еңбекқор еңбексүйгіш жігітіміз- Дүйсенғали Жанарыс

2.Сұлуда сымбатты қызымыз-Қуаныш Іңкәр

3.Озат биші қызымыз-Құрал Ақттоты

3.Зерек ойлы ұшқыр жігітіміз-Бақытжол Бейбарыс

4.Озат оқымысты жігітіміз-Ахмет Данияр

4.Сұңғақ бойлы биязы мінезді қызымыз-Ибадулла Нұрия

5.Алғыр ойлы арманшыл жігітіміз-Дәулет Иманғали

5.Инабатты көрікті қызымыз-Қошқарәлі Айсұлу

6.Парасатты талантты қызымыз-Жұмаділла Ұлдана

6.Үлгілі тәртіпті қызымыз-Жұмаділла Ұлсана

7.Озатта биші әнші қызымыз-Нұрлан Қазына

7.Ер мінезді тәртіпті ұлымыз-Аманкелді Абдрахман

8.Ер жүрек батыл жігітіміз-Парман Бекарыс

8.Тобымыздың өнерлі қызы-Өмірзақ Айару

9.Нәзік сыпайы сұлу қызымыз-Нематулла Аружан

9.Мінезді де қайсар жігітіміз-Мамет Ерзат

9.Әдемі де әдепті қызымыз-Момынбаева Кәусар

1.Би: Туған жердей жер болмас.

Туған елдей ел болмас-деп

Би «Туған жер»




Сұлухан:Бақыт деген-еліміздің тыныштығы,

Бақыт деген-жеріміздің гүлдері.

Бақыт деген-отбасының достығы,

Бақыт деген-сәбилердің күлкісі.

1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын.Балаларымыздың денсаулығы мықты болсын. Ұйқысы тыныш күлкісі көп болсын.

2.Хор: Оқуда озат боламыз.

Ердәулет:Жігіттер мерекеміз басталып кетіпті.Қарап тұрмайық тақпақ айтайық.

Бейбарыс:Жігіттер тақпақтан бұрын әзілдер айтайық.

Иманғали:Қыздар қайда.

Ерзат:Қыздар дайындықта сәнденіп жатыр.

Данияр:Абдірахман Абдірахман

Абдірахман: Не

Данияр: Сағыз берші

Абдірахман:Жоқ сағыз

Данияр:Абдірахман Абдірахман

Абдірахман:Не

Данияр:Кәмпит берші

Абдірахман:Жоқ кәмпит

Данияр:Абдірахман Абдірахман

Абдірахман:Не

Данияр:Құрт берші

Абдірахман:Жоқ құрт

Данияр:Абдірахман Абдірахман Абдірахман

Абдірахман:Тыныш тұрсай біз сахнада тұрмызғой.

Данияр:Енді тақпақты бастасай.

Ердәулет:Жігіттер апайларымызға арналған жыр шумақтарымызды айтайық.

Ердәулет:

Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Гүлге толы жан-жағым,

Асыр салып ойнадым.

Мектепке барам мен енді

Балабақшам қош енді.

Ерзат:

Әдіскер Рыскүл апайға,

Алғыс айтып барамыз.

Қабыл алып әнімізді,

Әдемі болып жүріңіз.





Иманғали:

Аязға да тоңбаған,

Болып алдық шыңдалған.

Бес жыл емдеп шыңдаған,

Дәрігер Гүлнәр апайыма мың алғыс.

Жанарыс:

Баулап баптап өсірдіңіз,

Балалық етсем кешіріңіз.

Ұмытпаймыз сөзіңізді,

Ұмытпаймыз өзіңізді.







Бегарыс:

Біздер бес жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырады,

Қош бол балабақшамыз.


Абдірахман:

Тамылжытып ән салдырып үйреткен,

Би билетіп мың бұралтып үйреткен.

Арай апай сізге де алғыс айтамыз,

Мың қайтара сәби бала жүрекпен.















Данияр:

Оқимыз білім аламыз.

Болашақ жолын ашамыз.

Бақшаменен қоштасып,

Біріншіге барамыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер-білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.


Бейбарыс:

Еркетайын әр үйдің,

Бабын тауып сәбидің.

Балапандай өсірген,

Тәрбиешінің есімі,

Мәңгі өшпейді есімнен.

Тәрбиеші Асқарқызы Сұлухан апайыма мың алғыс.

3.Би: Жігіттер Жентілмен.

Тәрбиеші:

Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес билерің.

4.Ортада Үнді биімен қыздарымызбен жігіттеріміз.

Қазына:

Орын берген бақшадан,

Меңгеруші жақсы адам.

Сондықтанда біз үшін,

Артық өзі басқадан.

Меңгеруші Гүлжан апайыма мың алғыс.

Ақтоты:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,

Біріншіге барамыз

Біріншіге барамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып білім аламыз.

Інжу:

Мектепке енді барамын,

Үлгілі оқуші боламын.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітаптыда оқимыз,

Жақсы оқушы боламыз.


Ұлсана:

Томпиған тәтті бауырсақ,

Самса,палау бешбармақ.

Бізге арнап пісірген,

Аспазшыларға рахмет.


5.Ән: Туған жер, Ұлдана, Ұлсана, Іңкәр.

Тәрбиеші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік тау орман тоғай жерімізді.

Тәрбиеші:

6.Би.Ортада Махаббат биімен қыз жігіттеріміз.

Айару:

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Бал татыған әндерді,

Мың бұралған әндерді,

Үйреткен сазгер Пернеш апайға мың алғыс.

Айсұлу:

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы.

Ырза сізге бәріде,

Ұмытпаймыз сізді-деп

Бақытгүл апайға мың алғыс.

Кәусар:

Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз сауық құрамыз.

Қашықта болса арамыз.

Сіздерге келіп тұрамыз.





Нұрия:

Біз бақытты баламыз,

Жетіліп ой санамыз.

Бақшаменен қоштасып,

Мектепке кетіп барамыз.

Бал күндерді қиялдап,

Сағынамыз әліақ біз.

Аружан:

Бақшадан тәлім алғанбыз,

Жеті жасқа толған соң.

Барады деп мектепке,

Қуанып жүр анамыз.

Іңкәр:

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бірге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Жаман болсақ кешірген.

Тәрбиеші Мейірбекқызы Мөлдір апайыма мың алғыс.


7.Тәрбиеші: Ойын ата-анамен баламен. Қай ата билей

Ойын шарты ата-ана баласымен бірдей билеу керек.

-Көктем келді кереметі көп екен,

Көбелектер әсем гүлдің сәні екен.

Шақырайық олай болса ортаға,

Биші топты көбелектер әнімен.

8. Көбелектер биі.

-Ғажайып сәт. Музыка әуенімен сыйқырлы перизат келеді. Мен сендерді сұрақ-жауап алу.

9.Әнші қыздарымыз Ақтоты Айсұлу.

10.Шашу биі.

Қыздар билейді.

Қыздар қыздар сұлу қыздар,

Қандай әсем сұлусыңдар.

Қыздарымыз Қазақша биімен ортада.

-Мектепке шақырып кетуі.



11.Қазақша ұлдар қыздар биі.


12.Ән Көңілді күн, Нұрлан Қазына.

Ортаға балалар шығады,

13.Орыс ағылшын тілінде тақпақтар:

Орысша:

Қазына:

Пусть весна и солнышко

Согревают вас

И мечты, радости

И добра желаем!

Бейбарыс:

Поздравляем девочек

Сегодня от души

Пусть у вас все сбудутся

Надежды и мечты

Ақтоты:

Не скучайте,не грустите,

Лишь с улыбкою ходите.

С восьмого марта вас! Ура!

Счастья,радости,добра.









Аяру:

Э саме дей

Хәз рэйн о сан

Бат эйзә вэй

Ай файнд ит фан


Ердәулет:

Ай лав зе спринг

Фо эври дэй

Зериз самфиң ню

Затс нам ту стей


Інжу:

Ит из зе спрингтайм

Винте хаз ган

Саме тайм из наминг

Ит вант би лоң


Ұлсана:

Спринг из наминг

Спринг из нминг

Оп эроунд из феә

Ви винт н хэппи мей

14.Хор орыс тілі «Досвидание детский сад»

Тәрбиеші:

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып, алтын ұя мектепті

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік.

15.Қоштасу Вальсі Грамота беру

Бақшамыздың меңгерушісі: Көбейова Гүлжан апайымызға сөз берейік.

Ата-аналардың құттықтау сөзі.

Шар биі :Шар ұшыру.

Аружан,Ерзат,Айсұлу,Абдірахман,Ердәулет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1074
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі