Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат
беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін
дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Барысы:
Армысыздар ағайын! Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің
де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше
мейрамдарының бірі – Наурыз.
Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер, киіз үй
керегесі, ұлттық бұйымдар.
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз
құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер
әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа
Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол
болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң
күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние
жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған
Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің
мәңгілік!
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу
шашылады).
(«Көктем келді
!» әні орындалады)
Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен
тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан
қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су
қосылады. Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға
қою керек:
-3 ауыл өздеріңізді таныстырып,өнер
көрсетеді.
-Бүгінгі байқаудың шарттарымен
танысайық:
1.Әр ауыл өз ауылын
таныстырады.
2.Сұрақ-жауап
3.Өз өнерлерін көрсету.
Мереке қарсаңында бәріміз
бірге «Қаражорға» биін
билейік! Топ жігіттер ортаға
шығып
билейді.
Наурыз
көже–
ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз
тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр
бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем
дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ
санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы
сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол
негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже).
Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай
береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі
асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол
болсын” деген тілек айтып тарқасады.
Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың
ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.
1. Қол күрестен жарыс
(ұлдарға)
2.Асық
ату.
Құрметті
ата-аналар әріптестер,Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік
ертеңгілігіміз өз мәресіне
жетті.
Наурыз мерекесі
әр отбасына құт-береке,ырыс әкелсін
дейміз.