Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты:"Құстар- біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Куропаткино орта мектебі




















Тақырыбы: «Құстар–біздің досымыз!»















Өткізген:Сонгина Д.А.




Тақырыбы: «Құстар–біздің досымыз!»

Мақсаты: 
Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.

Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар –біздің досымыз!», нақыл сөздер.

Әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру, ойын.
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар, ата-аналар.Қадірменді достар!Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Альмира:

Ән құрад ымәніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт-береке күнімен
Алдияр:
Құстар,құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Альмира:
Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар,ұстаздар. Мен міне барлық даланы әнге, сәнге бөлейтін өз достарымды яғни құстарды ала келдім.Құстарменен көңілді.Әрі олар табиғатқа сұлулық сыйлайды.

Ойын:«Құстар сайрайды» айдары. Бұл ойынның шарты бойынша жасырылған құстардың дауысын қандай құстың дауысы екенін табу.

1.Таныстыру. Әр топ басшысы өз топтарын таныстырады.

4 «А» сынып «Қарлығаш»

Қарлығаш - адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Оны «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген ертегіден ұғынуға болады. Қарлығаш өте пайдалы құс. Қазақ баласы қарлығаштың ұясын бұзбайды. Қарлығаш құсына ән шығармаған,өлең жазбаған ақын кемде кем. Қарлығаш әдеміліктің де символы.«Қасың бар қанатындай қарлығаштың, болсайшы бәрі сендей қарындастың» деген қара өлең - соның дәлелі. Қарлығаш адамға ең жақын, киелі құс болып табылады. Сондықтан тобымыздың атын қарлығаш деп атадық.

Аяулым ,Никита,Алина.

Аққу - сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмейді, жалғыз өспейді. Сыңарынан айырылған аққу да аспандап барып, құлап өледі. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды.Бұлбұл - әнші құс.Бұлбұлдың дауысы адамды жақсы әсерге бөлейді.Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді.Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді.

3 «А» сынып:«Көгершін» тобы:

Көгершін: Дана қазақ аққуды - махаббаттың, қарлығашты - мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, танымал әннің қаһарманы - көгершін құсы.Көгершін –бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Қазақ халқы көгершінді қастерлейді.

Бейбітшілік құсы көгершін

Жер бетінде бейбіт еңбек, көгерсін

Аспан тұнық , шат көңілді болайық

Ақ ниетті, адал жандар көбейсін – деген мақсатта біз көгершінді алып отырмыз.

Жанбота:

Бүркіт - киелі, қастерлі құс. Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Бүркіттің қанат, құйрық қауырсынын, бас терісін, тұяғын, аяғын алып үйдің төріне түс киізге, жас баланың бесігінің басына іліп қояды. Мұның себебі, қасиетті құс адамды пәле-жаладан, көз-сұқтан, қатерден сақтайды, баланы шошынудан қорғайды дейді.Бүркіт әбден қартайған кезде өзін-өзі аспаннан тастап өлтіреді екен.

Ғаяз

Даниял

Рахат

Альмира

Көкек – жыл құсы. Жылы жақтан сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты. Көкек жұмыртқа баспайды. Олар өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады.Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.Карина Махаббат

Эльдана

Жақсы, балалар әрі қарай жалғастырамыз:

«Тапқыр болсаң,тауып көр» мақал-мәтелдер жалғастыру сайысы. Үй тапсырмасы.

Аққу құссыз-көл жетім, (айтылмаған сөз жетім).

 Қарға баптанып, сұңқар болмас,( есек мақтанып, тұлпар болмас).

Ерді талап ұшырар, (құсты қанат ұшырар).

Ер елге паналайды, (аққу көлге паналайды).

 

 Аққуды атпа ,досыңды сатпа.

 Құс қанатымен ұшады,( құйрығымен қонады).

Ит тамағы үшін жүгіреді, (құс тамағы үшін ұшады).

 Тоты құс бойына қарап зорланады, (аяғына қарап қорланады

Келесі кезеңі

«Сен құстарды білесің бе?» жұмбақтар сайысы.

1.Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес,құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)


2.Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? 
(үкі)


3.Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)


4.Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)


5.Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)


6.Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)


7.Көңілдің көркі сән екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Айқындар оны байқаған.

Адамдар оны сақтаған.

Бұл қандай құс? (Аққу).


8.Өзі сақ, өзі ұсақ,

Шықылдақтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс? (Сауысқан).


«Кім жылдам?» ойыны. Оқушыларға белгілі бір құстың суреті беріледі, сол суретті жылдамдықтарын, шапшаңдықтарын байқата отырып, қиылған құс бейнесін құрастыру.

«Қызықты ребус» Тек данышпандар таппақ.(Видео)

Өнерлерімізді көрсетейік .

Би «Ақ көгершін»

Ән. «Қарлығаш»

Видеоролик: «Құстарға қамқор болайық»



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.11.2018
1043
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12