400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты:Қыз қылығымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жалпы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған,өздерінің ашық сабақтарыны тәжірбие алмасуға азда болса көмектеседі деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  «Қыз қылығымен »қыз сыны байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.
3. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
І жүргізуші:
Құрметті аналар, ұстаздар,бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр.

Байқаудың шарттарымен таныстырып өтейік
1. Таныстыру
(қатысушылар өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады)
2.Өз өнерін көрсету. (Ән,би,тақпақ)
3. «Сұлулық сыры» (шаш үлгілері)

4. Сұрақ-жауап
5. Сән үлгісі.

6. Ас мәзірін дайындау

ІІ жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

 Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

 «Қыз өссе - елдің көркі" деген сөзді,

  Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

І жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)
ІІ жүргізуші:
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

І жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап,сайысқы қатысушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Бүгінгі сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.----------------------------------------------------------------------------------------------------

2.----------------------------------------------------------------------------------------------------

3. ---------------------------------------------------------------------------------------------------

Ендігі кезекте сайысқа қатысушы арулар өздерінің реттік нөмірлерін таңдап алып, сол бойынша сынға түседі.
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
ІІ жүргізуші:
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.


І жүргізуші:
Байқаудың І кезеңі «Таныстыру».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады. Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Аслан:

Аналардың мейрамы күліп бақыт,
Келеді шуақ алып таңдар атып.
Гүлдей әсем жүздерің қартаймасын,
Таққаның болсын әркез алтын – жақұт.



Бекжан:

Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы.
Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін,
Отбасының жайын ойлап қамдаушы.
Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Арманымен әлем шарлап самғаушы.
Қанаттарың ешқашанда талмасын,
Көркемдіктің көрмесіндей таңдаушы.

Мирас:

Аялаған анашым

Әлпештеген баласын,

Еміп өскен бөбекпіз

Анамыздың мамасын

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым


ІІ жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

Ал енді аруларымыз көрермендерді өздерінің  өнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Өз өнерін көрсету»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін өнерін көрсетеді.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Масхад:

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған

Шуақтарың бар әлемге таралған

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың

Орындалсын жүректегі бар арман

Мерекелі күнің

Қандай тамаша

Кеудедегі гүлің

Қалды жараса

Күлімдеген көзің

Күннің нұрындай

Күнім деген сөзің

Ақыл жырындай

.

Досжан:

Талмайсың бір күйбің тірлік өмірде,
Бала әкеліп, бақыт сыйлап өмірге.
Мерекеге лайық жандар, әйелдер,
Ұрпақ жалғап жасай бергін, жеңілме


І жүргізуші:

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз қазір шаш үлгісін көрсетеді.

ІІІ кезеңі «Сұлулық сыры» шаш үлгісіне кезек келіп жетті.

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Алихан:

Ақ жүректен сақтаған

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетінді сүйейін

Келші,келші ақ мамам

Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным таппаған

Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын ақ мамам

Біржан:

Раушан гүлін сыйлаймын,
Мейрамыңмен құттықтап.
Өзгеге сені қимаймын,
Сенімен жаным жыр ұқпақ.
Жаныңда сенің тең келмес,
Әсемдігі гүлдің де.
Мейрамыңда тілеймін,
Шаттықпен күліп жүр күнде.


І жүргізуші:
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей байқаудың ІV кезең «Сән үлгісі» Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, «Сән үлгісі» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету бойынша сынға түседі. Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Бекжан:

Аналардан шын мейірім көресің,
Талмай ескен өмір алып кемесін.
«Айналайын», «Ботам» деген сөзімен,
Қиындықтың талай шыңын жеңесің.
Жанға сенсең тек Анаға сенесің,
Анаменен сөгер бақыт көбесін.
Ауырмасын асыл, алтын Аналар,
Жаратқаным Аналарды демесін.
Ақ жаулықты Аналар қартаймасын,
Бақыттың нұры шалқып ортаймасын.
Тілегі баласына қабыл болып,
Әр күні қуаныштан той тойласын!

Амир:

Жетіңіз мерекеден мерекеге,
Бақытын молдан берсін өмір бөле.
Көктем қандай сұлу болса дәл сондай боп,
Гүлдей болып жайнаумен жетші 100 - ге.





«Сұрақ жауап » деп аталатын кезеңіне де келіп жеттік.
Бұл кезеңде әр түрлі сұрақтар қойылады, яғни мен сіздерге сұрақ қоям сіздер жауап бересіздер.

«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Ас мәзірін дайындау» – деп, аталатын бұл кезеңде бармақтарынан бал тамған аруларымыз өз қолдарымен жасаған ас мәзірін ұсынып жасалу жолын түсіндіреді. Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі

VII Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
1182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі