400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты.Қыздар,көктем гүлі! 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен тәжірбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыз сыны

Мақсаты: 8-наурыз туралы түсінік беру, көктем мерекесін сезіне отырып,

ару қыздардың өнерімен ақылдылығын анықтау; тапқырлығы мен

ақылдылығын анықтау, ортада, сағнада өзін еркін ұстауға үйрету,

тіл байлығын дамыту, сахна мәдениетіне баулу, қыздардың

еңбегін бағалап, сыйлауға, құрметтей білуге тірбиелеу.

Барысы:

Мұғалім: - Армысыздар, ардақты да қадірлі, аяулы, сымбатты біздің аналар, ұстаздар, ару қыздар!Өздеріңізге арналған «Қыздар!Көктем гүлі!» атты Қыз сыны 2018 байқауын бастаймыз. Қош келдіңіздер!

1.Өлең М.Мақатаев «Шеше »

2. Ана өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін – дей отырып 2 « В» сыныбының «Қыздар! Көктем гүлі!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Шыңғысхан Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар мен аяулы қыздар!

2-жүргізуші: Тамерлан Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

1-жүргізуші: Шыңғысхан Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын, әдемілігімен, сұлулығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік недеген керемет десеңші.

2-жүргізуші: Тамерлан Ия... Бүгінгі байқауға қатысушы қыздарымызда осы талаптарға сай өнер көрсетері сөзсіз.Ендеше, бүгінгі талапкеріміз қандай номинациялар бойынша өнер көрсететінін таныстырып өтпейміз бе?

1-жүргізуші: Шыңғысхан Олай болса, байқауымыз мынадай номициялар бойынша өтеді:

  1. «Менің бейнем» (Өзін таныстыру)

  2. «Өнерлі өрге жүзер» (Өнер сайысы)

  3. «Мен анамның гүлімін» (Ана туралы сыр шерту)

  4. «Көрермендер көзайымы» (Киім үлгісі)

  5. «Білімдіге бес сауал» (Сұрақ-жауап)

  6. «Менің сүйікті асым» (Өзінің сүйікті асы туралы айту)


2-жүргізуші: Тамерлан

Мінекей, байқауымыздың шарттары қиында, қызықтыда

1-жүргізуші: Шыңғысхан Тіл байланып қалатындай көргенде

Сұлулықты соған ғана берген бе

Кімде болса бас иеді мойындап,

Қарсы алдына қазақ қызы келгенде-дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, қошеметпен ортаға шақырайық.

2-жүргізуші: Тамерлан

Ән менен өлең жырды дестелеген,

Ою ойып, өрнектеп, кестелеген.

Он саусағы майысқан шеберіміз

Ол біздің ару қыз Айша деген

1-жүргізуші: Шыңғысхан Бұраңқағып майысқан қыпша белі

Аялап еркелеткен туған жері

Өнерлі де сүйкімді, бұл дара қыз

Қарсы алыңыз,көрермен бұл Азима қыз!

2-жүргізуші: Тамерлан

Атыңнан айналайын Аяла деген,

Сенің ісіңе жақсы баға берген.

Жеңіс туын тігерсің болашақта,

Үміті зор осы мектептің саған деген.

1-жүргізуші: Шыңғысхан

Білімді оқу озаты сыныптағы,

Талай қиын істерді құрықтады.

Айарудың алдыңда талай іс тұр

Болашақта жандырар білімді тағы

2-жүргізуші: Тамерлан

Қыздар деген қыр гүлі,

Қазақ қызы үлгілі.

Жақсылыққа ұмтылған

Бану атты бір гүлі

1-жүргізуші: Шыңғысхан

Шәкіртісіз ұстаз ісі,

Жарқырамай, жанама

Жеті өнерде жеткіліксіз

Дариядай қызына!

2-жүргізуші: Тамерлан

Отбасының еркесі,

Жарқыраған жұлдызы.

Сабақты жақсы оқитын

Еңлік деген бұл қызы!



1-жүргізуші: Шыңғысхан

Сабақтан еш қалмаған

Ерінбей оқып талмаған

Боламын дейді үлгілі

Амина қыз сүйкімді

2-жүргізуші: Тамерлан

Ата-анасы теңейді күн көзіне

Сыныптағы ең көркем қыз,өзі тегі

Шақырамыз Аминадай нәзік гүлді

1-жүргізуші: Шыңғысхан

Қарсы алыңыз көрермен

Келе жатқан сұлуды

Өнерлі де,білімді

Баяндай біздің сұлуды

2-жүргізуші: Тамерлан

Жақсы әдепті, жақсы ісі,

Бойына әр кез теретін.

Жақсылырдың жақсысы

Шұғыла ханым келеді

1-жүргізуші: Шыңғысхан

Өлең оқып,би билеп,ән салады

Жеңу үшін қиынды

Қарсы алыңыз көрермен

Дариядай сұлуды

2-жүргізуші: Тамерлан

Әділдікпен баға берер аруға

Әділдікпен ақылды жаруға.

Алқасына салайық қазылардың,

Ақ аруды талдап бүгін алуға- деп бүгінгі сайысымызға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.

1-жүргізуші: Шыңғысхан

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Әннен шашу шашылсын, сыр шертіліп,

Қош келдіңіз халайық, сергісін бой!

2-жүргізуші: Шыңғысхан

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көргенге болмайық сахнада

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі- дей отырып біз байқауымызды бастаймыз. Бірінші сайыстың шарттарымен таныстырып өтсем.

  • Бірінші байқауымыз «Менің бейнем» деп аталады. Яғни, қыздарымыз өздерін таныстырады.

1-жүргізуші: Шыңғысхан

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп сайыста бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жар салыпты

2-кезеңде барынша аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

2-жүргізуші: Тамерлан

Наурыз күні-ана күні, әлем күні

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал, аруларым, сендер мұны – дей отырып

«Мен анамның гүлімін» атты сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыс барысында ана туралы өлеңді мәнерлеп оқиды.

1-жүргізуші: Шыңғысхан

Гүл көктемнің ерекше аппақ нұрысың.

Қыздарымыз әдемі әсем гүлісің,

Жарасымды балаға бүгінгі күн

Ұсынамыз жаңаша сән үлгісін

  • Бұл бөлімде аруларымыз сән үлгісін көрсетеді.

2-жүргізуші: Тамерлан

Қазылар алқасының бұл бөлімнің бағасын сұраймыз.

Келесі бөлім «Білімдіге бес сауал» деп аталады. Аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді. Енді ортаға барлық қыздарды қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші: Шыңғысхан

Тұз емес пе, астың дәмін келтірер,

Қыз емес пе, үйдің сәнін келтірер.

Қыздың жинаған жүгіндей демейміз бе,

Сұлулық пен нәзікті білгізер дегендей

  • Бұл номинацияда байқауға қатысушыларымыз өздері жақсы көретін тағамдарымен таныстырады.

2-жүргізуші: Тамерлан

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.

Зерделі ол, зейінді келіп сынар – дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі