Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты.Шындықтан шыққын шын поэзия

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатына арналған жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Шындықтан туған шын поэзия»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне ,жалпы сөз сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушының сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу,рухани танымын кеңейту.

Тәрбиелілік: Туған халқының талантты ақынына әдебиетіне , туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, ақынның өмірбаяны туралы видео, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері, музыка.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1-жүргізуші:Қайырлы кеш,ұлағатты ұстаздар,қымбатты қонақтар,озық ойлы оқушылар!

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күлі киген қазақтың қара өлеңін ,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын»-деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен, қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіне қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Бүгін қазақтың ақиық ақыны,сонымен қатар қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз,қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі Мұқағали Мақатаев 87 жасқа толды.

1-жүргізуші: Мұқағали –ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

Оның поэзиясы –өзі өмір сүрген дәуірінің шындығы Мұқағалидың өмірде бағы мен қиындығы қатар жүрген ақын.

2-жүргізуші:Ақынның бағы-оның өлмес жыры,ойлаумен өрудің теңдесі жоқ классикалық әлемдік биігіне көтерілгені,өтірік өлең жаза алмағаны. Ал-қиындығы өз қоғамына,өз ортасына сыймай қасірет кешкені , тапқан-таянғаны өз отбасына жетпей өмірінің қиыншылықпен өткені өлмес теңдесіз жырды замандастарының дер кезінде бағалай қоймағаны.Бағаласын-бағаламасын,танысын-танымасын өзіне өзінің қайталанбас ақындық тағдырына іштей қалай сенсе,ол өз жырының ертеңіне ,әр өлеңінің болашағына сенген.

1-жүргізуші: Бүгінгі поэзия кешіміз-

Алтынға мейлі толмай-аққойсын сандығым,

Ырзамын саған,Ырзамын саған тағдырым!-деп өз тағдырына

ырза болып кеткен ғасыр ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығына арналады.

-1-


І –бөлім: «Ақынның жұмбақ әлемі». /Ақынның өмірбаяны/

ІІ-бөлім: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»/Мәнерлеп өлең оқу/

ІІІ-бөлім: «Ақын халықтың жүрегінде»./Нақыл сөздер/

ІҮ-бөлім: «­Өмір жайлы жыр». /Туған жер туралы сурет салу, ақынның өлеңдеріне жазылған әндер.топтық жұмыстар/

2-жүргізуші: «Ақынның жұмбақ әлемі». /Ақынның өмірбаяны, интерактивті тақтадан видео көрсетіледі./

1-жүргізуші: ІІ-бөлім: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

/Мәнерлеп өлең оқу/

2- жүргізуші:Мұқағалидың өлеңдерінің тақырыбы Отан,туған жер,махаббат, достық жайлы.

1-оқушы:Бексұлтан.Мұқағали –біздің заманымыздың ғажайып ақыны.Ақынның өзі «Кімде-кім шынымен менің өткен өмірімді білмек,зерттемек болса,онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпасын. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін»-деген екен.

1-жүргізуші: Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Болашық ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки,он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді. Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес,ыстық сағынышы болатын.

2-оқушы: Айқын.«Әке»

2-жүргізуші:Ақын «Өткенде ғажап түс көрдім.Шешем Нағиман Батанқызы басында ақ жаулығы бар,Абай атамызыдың қасында қуана болып,маған қарай келе жатыр екен. Ояна келсем түсім екен.Анам бақытты болады екен деп ,ұзақ толғаныстан соң «Шеше,сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді деп айтқан екен.

3-оқушы:Ақторғын. «Шеше сен бақыттысың»

4-оқушы: Бексұлтан. «Кең дүние төсіңді аш мен келемін»

5-оқушы: К.Рамазан. «Үш бақытым»

1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой.Көзі тірісінде «Жазылар естеліктер мен туралы »деп аз ғұмырының мәңгіліктеп жалғасатынын дөп басып айтуы көрегенділік. Иә,уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып, биіктеп бара жатқаны ақиқат.Оның поэзиясы –халық байлығы.

6- оқушы:Мағжан. «Отан»

7-оқушы: Рухия. «Жырым көп әлі менің жазылмаған»

8-оқушы:Нұрай «Арыз жазып кетейін»

9-оқушы:А.Аяулым. «Өкінбеймін»


-2-




10-оқушы: Гаухар. Өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақында өлмейді. Олай болса Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда,әне,ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп бүкіл залды тебірентіп,жазық маңдайы жарқырап жыр оқып жүр.


2-жүргізуші: ІІІ-бөлім: «Ақын халықтың жүрегінде»./Нақыл сөздер/


1.«Ғажайып даналықтың бір көзі –Мұқағали поэзиясы. Бізде дәуірі басталды»

Әбділдә Тәжібаев

2. «Мұқағали поэзиясы –таңғы шықтай мөлдір,мұңлы поэзия».

Фариза Оңғарсынова


1-жүргізуші: ІҮ-бөлім: «­Өмір жайлы жыр». /Туған жер туралы сурет салу, ақынның өлең жолдары нақыл сөзге айналды,ақынның өлеңдеріне жазылған әндер.топтық жұмыстар/. 3минут

2- жүргізуші: Туған халқының арман –мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп ,жанының жаршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі –мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.Өлмес өнері-өлеңмен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып ,бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық.


1-жүргізуші: Хор: «Құттықтаймын мама,туған күніңмен»


2-жүргізуші: Ақынның өміршіл өлеңі,артында қалған асыл мұрасы өмірдегі қандай сыйға болса да лайық дейміз.

Өмір жайлы ,өзі жайлы,ел жайлы,

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойлаған шын ақынның ,

Өлген күні болған емес болмайды!- дей отырып, бүгінгі «Шындықтан туған шын поэзия» атты поэзия сағатын аяқтаймыз.









-3-

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12