400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты:"Табиғат-туған анамыз" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыс қолданушыларға керек және көпшілікке жариялау арқылы тәжірибе алмасамыз.Әріптестеріме және жас мамандарға өте қажет деп ойлаймын.Жұмыстарына шығармашылық табыстар тілеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Табиғат - туған анамыз

Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: табиғат туралы суреттер, слайдтар, шарлар, бояулар, нақыл сөздер,табиғат бұрышы, кітаптар

Жоспары:

1. Сәлемдесу

-Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

2.Шаттық шеңбері Күн шапағын орналастыру

«Жүректен-жүрекке» Тақтаға күннің суреті ілінеді, оқушылар шапағына тілектер жазып оқиды, таратады.

Топтар бір-біріне табиғатқа байланысты тілек тілейді.

-Ормандай достарың көп болсын!

-Бұлақтай мөлдір таза бол!

-Айың оңынан тусын!

-Жұлдызың жарқырай берсін!

- Көңілің көлдей шалқысын!

-Гүлдей жайнай бер!

-Таудай талапты бол!

-Қанатың талмасын!

-Отанды сүйе біл!

-Ата-анаңды құрметте!

-Аспаның ашық болсын!

-Даламыздай пейілің кең болсын!

-Биік таудай бол!

3. Топқа бөліну: «Орман», «Тау», «Су»

4. Жұмбақтар шешу арқылы топ аттарын анықтау

5. Ой қозғау: Табиғат деген не? Сызба толтыру

6. Топтық қорғалым

7. Тақпақтар. 1.Табиғат - алтын күнім, күміс айым,

Шашылған жұлдыз, меруерт жастанайын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге

Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.


2.Табиғат-көркем жырым,асқақ әнім,

Сен – ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп

Тіліңді түсінүге тырысайын.


3. Табиғат - ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.


4. Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар, көл, өзені,

Әкем сол, анам еді мені туған.


5. Табиғат қызығамын суретіңе,

Бас ием, сенің алып құдіретіңе

Тұрасың күллі әлеме нұр таратып,

Тұтқасын тіршіліктің күн бетіне.

6.Тамаша аспаны мен жері қандай,

Зеңгір тау, дария менен көлі қандай!

Орман, тоғай, гүлденген бақшалары

Пайдаланған бұларды елі қандай.

7. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғат-асыраушың, қамқоршың. Ата –бабамыз: «Жер-қазына, су-алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған.

8. Табиғат-ол бізді қоршаған орта: аспан, ай, күн, жұлдыз, ауа, күннің көзі, жылуы, өзен, көл, жарық.Табиғат - байлықтың көзі.Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя талбесігі.

9.Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз.Өйткені, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жеріміз сортаңдап қалды.Осының бәріне кім кінәлі? - Әрине, адам.

10.Абай Құнанбайұлы табиғатқа ерекше қызығушылық танытқан.Табиғат аясында отырып төрт мезгілді жырлаған.

11. Жер –ана- біздің тұратын, демалатын,тәрбиеленетін мекеніміз.


12. Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.


13. Табиғаттың панасымыз-

Түйіп айтар сөзіміз.

Табиғаттың панасы-

Біздің мына өзіміз.


14. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекеттеріне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.


15.Жер-ана мен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен.

Анам туды, Жер-ана жетілдірді,

Осыны өзім өмірге негіз етем.


16.Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол, сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

8. Мақал-мәтелдер

  • Туған жер - алтын бесік.

  • Жер – ырыстың кіндігі.

  • Жер – ана, ел – бала.

  • Тозған жерде тоқшылық болмайды.

  • Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ.

  • Бір тал кессең, он тал ек.

  • Орман көп болса, олжаң көп.

  • Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.

  • Сулы жер - нулы жер

  • Бұлақ көрсең көзін аш

  • Су жүрген жер – береке,

Ел жүрген жер – мереке.

  • Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр жерге жауған нұр.

  • Аққу құссыз – көл жетім

Айтылмаған сөз жетім.

  • Бұлбұлға бау жақсы

Кекілікке тау жақсы.

  • Ауа - өмір тынысы.

  • Судың да сұрауы бар

  • Жер - қазына, су - гаухар


9. Тыйым сөздер

Суға түкірме.

Суды лайлама.

Су ішетін құдыққа түкірме.

Бұлақты былғама.

Көкті жұлма.

Орманды өртеме.

Жалғыз ағашты кеспе.

Құмырсқаның илеуін бұзба.

Өрмекшіні өлтірме.

Аққуды атпа.

10. «Иа» немесе «жоқ» ойыны

11. Сергіту сәті

12.Егер де мен... (әкім болсам, эколог болсам, орман қорғаушысы болсам). Ойларын айтады.

13. Суретпен жұмыс

14. Көрініс: Аңшы мен бала

І-бөлім.

А: -Құс аулауға шығамысың?

Б:-Шығамын.

А:–Атқаныңды жығамысың?

Б:-Жығамын.

А:-Мә, мылтығым, атамысың?

Б:–Атамын.

А:-Сен атып қайт, мен демалайын.



ІІ-бөлім.

А:-Құсың қайда, қарағым-ау?

Б:–Атпадым.

А:-Тоғайдан құс таппадың ба?

Б:-Таппадым.

А:-Көп еді ғой, көлде құс.

Б:–Көп екен.

А:-Иә, неге атпадың?

Б:-Түк дәлелім жоқ екен.

А:-Атуға қимадың ба?

Б:-Қимадым.

Туған жердің құстарын да сыйладым.

Орманға бара жатқандар,

Аңшылық дәмін татқандар,

Өтінем түгел бәріңнен

Ешқашан құсты атпаңдар!

15. Бейнебаян көру «Атамекен»

16. Бейнелі сөз шешу, ертегі оқу.

Жыл мезгілдері

-Ғасыр бабаның Жыл атты жалғыз ұлы болыпты. Жыл төрт перзент сүйіпті: екі ұл, екі қыз. Үлкені Қыс – шатақ мінезді, ә десе мә деп, жағадан ала кетер сотқарлау, басынан сөз асырмайтын қиқар болыпты. Содырлау болғанымен, әкесі оны бірбеткейлігі, шымырлығы үшін жақсы көріпті. Қыстың үш ұлы болыпты.

Екіншісі, Көктем – жұрттан асқан көрікті, жаны да, тәні де сұлу қыз болып өсіпті. Нені болса да жүрегіне жақын алатын сезімталдығы мен көркемдігі үшін оны бәрі де сүйеді екен. Көктемде бір қыз, екі ұл бар екен.

Үшіншісі, Жаз – әпкесіне қарағанда ашық – жарқын,жайдары мінезді, көңілді қыз болып қалыптасыпты. Ол аузын ашса көмейі көрінетін адалдығымен, таңғы шықтай мөлдір, пәктігімен көпке ұнапты.Оның да бір ұл, екі қызы бар еді.

Ал, ең кенжесі Күз – өте ерке болыпты.Ол сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағын түйе қалады екен. Кейде болмашыға өкпелеп, әрең іркіп тұрған көз жасын төгіп-төгіп жібереді екен. Әйтсе де, Күзді жомарттығы мен ақкөңілдігі үшін бәрі де ұнатыпты. Күздің де үш баласы бар екен.

Балалары өсіп, ержеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:«Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды.Енді барып халыққа қызмет етіңдер, өз міндеттеріңді атқарыңдар.Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар»,- депті .Осыдан бастап үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты. Жыл мезгілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері әуел баста осылай қалыптасқан екен дейді.

17. Әндер

Хор: «Атамекен»

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
2336
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі