400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты"Талаптың мініп тұлпарын,тас қияға өрледің" ұстазбен сырласу.Сыр-сұхбат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазбен сырласу,жан-жақты қвырынан тану,үлгі алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Талаптың мініп тұлпарын,тас қияға өрледің.
Мақсаты:Ұстазбен сырласып,оны жан-жақты қырынан тану,жақсы жақтарынан үлгі алу.
Көрнекілігі:Слайдтар,тұқымдар,салатқа керекті заттар,смайликтер,қайшы,қағаз,математика пәні бойынша анықтамалық құрал.
Жүргізуші:
Мұғалім.Бұл адамның ардақты аты.
Білімділік бар биікке шығар саты.
Ең алғш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын жаты.

Өткізіп өз алдынан талай бала,
Бойына құйған ақыл,ой мен сана.
Нұр шашып мектебіне шырай берген,
Ахмет Нұрсәуледей апай ғана, - деп ,
ортаға Нұрсәуле апайды шақырамыз.
Апайдың өмірбаянымен таныстыру (Слайд).
Жүргізуші:Нұрсәуле апай, "Сыр сұхбатымызға" келгеніңізге көп-көп рахмет! Әзірлігіңіз қалай? Дайынсыз ба?Олай болса бастаймыз.
Оқушылар сауалы:
1)Өзіңізді үш жақсы сөзбен қалай сипаттар едіңіз?
2)Сөмкеңізде міндетті түрде болатын үш зат?
3)Ертегідегідей алтын балық ұстап алсаңыз, қандай үш тілек айтар едіңіз?
4)Қоя алмай жүрген әдетіңіз?
5)Бірнеше рет қайталап оқыған кітабыңыз?
6)Қазіргі оқушылардың ең үлкен проблемасы?
7)Сіздіңше адамзат нені бекер ойлап тапқан?
8)Енді аяғымды баспаспын деген жер?
9)Өмірде сізге қандай қанатты сөз күш береді?
Оқушылардың сұрақтары тыңдалып, жауап беріледі.
Жүргізуші:С.Ковалевская:"Математик ақынжанды болу керек!" деген екен, олай болса апайдың ақындығын сынап көрсек.
1-тапсырма:бір топ оқушы шығады."Математика - білім желісі,спорт - денсаулық жемісі" тақырыбында сайыс өтпекші. Мынау сіздің тобыңыз. Осы топты сайысқа дайындау керек, яғни топтың атын, ұранын, таныстыруын шығарып берсеңіз (апайға қағаз,қалам беріледі).
Жүргізуші:Енді аспаздық қырыңызды сынап көрсек.
2-тапсырма. Жеміс-жидек салатын әзірлеу. Салат әзірленгенше апайдың шәкірті,математика пәні бойынша аудандық олимпиадалар жүлдегері 10 "Ә" сынып оқушысы Шабаров Наурызбектің апайына арнауын назарлазыңызға ұсынамыз.
Жүргізуші:Көбіміз біле бермейміз апайымыз бағбан,үйінің жанында бау-бақшасы бар. Онда жыл сайын қызанақ, қияр, қауын-қарбыз өсіреді. Оның дәмін де татып жүрміз. Оқушыларымыздың келесі тапсырмасы "Тұқым айырып білесіз бе?" деп аталады.
3-тапсырма.Бірнеше көкеністердің тұқымдары беріледі (соңынан тұқымдарды апайға сыйға береді).
Жүргізуші:Апайдың жетістіктеріне тоқтала кетсек (слайдтан көрсетіледі).Апайдың шәкірті,мектебіміздің математика пәні мұғалімі Ш.Жарылғасова апайдың "мәңгілікке өзіңізге ризамын" атты мақаласынан ұстазына деген шексіз ризашыллығын аңғаруға болады.
4-тапсырма."Менің атым Қожа" фильмі бәрімізге таныс, сл фильмдегі Майқанова Сабира апайдың рөлін сомдасаңыз.
Жүргізуші:Көп рахмет,апай. Енді смайлик таңдап,бүгінгі сыр-сұхбаттан алған әсеріңізді бейнелеп берсеңіз.
Қорытынды:
"Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім",-деп Ғ.Мүсірепов айтқан екен. Бүгінгі "Сыр-сұхбатымызға" қатысып,сырын бүкпей айтқан Нұрсәуле апайымызға шығармашылық табыс тілейміз, шәкірттеріңіздің ризашылығына бөленіп, биік белестерден көріне беріңіз!

Жазира БЕКТИЛЕУОВА,
Құланды орта мектебінің математика пәні мұғалімі,
Қарақия ауданы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі