400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты.Тәуелсіздік таңы атты

Материал туралы қысқаша түсінік
Патриоттық сезімдерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Желбірей бер тәуелсіздік көк туы!

1.«Қазақша» би

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер!

2-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді қонақтар!

1-жүргізуші:Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Желбірей бер тәуелсіздік көк туы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! (екеуі бірге)

1-жүргізуші:Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

2-жүргізуші:Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Гимн (ашық деп жариялаймыз)

1-жүргізуші:Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

2.Ән «Туған ел» орындайтын 1-курс студенті Аманбаева Гүлсезім

1 - жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Қараша айының 11 жұлдызында Қазақстан Республикасының президентті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» атты Жаңа Экономикалық Саясаты жарияланды.

Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

2-жүргізуші:

2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.

Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының егемендік алғанына 23-жыл толған мерекесімен баршаңызды құттықтау үшін Гуманитарлық-педагогикалық коолледжінің оқу әдістеме істері бойынша директор орынбасары Мамбетова Арайлым Құрбанқызына және тәрбие істері бойынша директордың орынбасары Бексейітова Кенже Рахишқызын хошаметпен сахна төріне шақырамыз.

2 - жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бүгінгі мерекеге арналған өлең шумақтарын арнау үшін ортаға Д-122/б оқу тобының студенті Мәден Айнұрды шақырамыз.

1 - жүргізуші:

Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.



6.Сахнада «Самғанұр бишілер» тобын қабыл алыңыздар

2 - жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

7.«Астана» әнімен ДТ-131 студенті Умербеков Фердаус

1 - жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз - өзінен жүрегім ән салады.

2 - жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой - қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық

8.Жұмабек Ләззаттың орындауында Секен Тұрысбековтың күйі «Көңіл толқыны»

2 - жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

1 - жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

9. Гуманитарлық педагогикалық колледжінде 05 желтоқсанда өткен Венн балының жеңімпаздарының «Вальс» биі

1 - жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

10. Жазылбектің орындауында Ән

11.Самғанұр бишілер тобының орындауында «Қазақ» биі.

2 - жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.


1 - жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

13. «Флешмоб»

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Желбірей бер тәуелсіздік көк туы» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

14. Финал.Ән

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!























































16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік.



Жүр. Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 20 жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Ән-ұран

Жүр. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған таппақтар тыңдаңыздар:



1 Бала:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен ляззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік



2 Бала:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан



3 Бала:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады.



4 Бала:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн



Жүргізуші:

Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.



1-бала:

Елдігімнің – реңі,

Тендігімнің – тірегі

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі.

Алтын заңым – арай таным!



2-бала:

Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

3-бала:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.



Жүргізуші:

Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қаның төккен жоқ бабаларын демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын.



Би: «Шаңырақ»



1-бала:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық



16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік.



Жүр. Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 20 жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Ән-ұран

Жүр. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған таппақтар тыңдаңыздар:



1 Бала:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен ляззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік



2 Бала:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан



3 Бала:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады.



4 Бала:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн



Жүргізуші:

Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.



1-бала:

Елдігімнің – реңі,

Тендігімнің – тірегі

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі.

Алтын заңым – арай таным!



2-бала:

Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

3-бала:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.



Жүргізуші:

Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қаның төккен жоқ бабаларын демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын.



Би: «Шаңырақ»



1-бала:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық



Тәуелсіздік таңы атты

Сценарий Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Сценарий Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сценарий Дамытушылығы:

Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.



Сценарий Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,

Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты

плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға

газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.



Алғы сөз.

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.



1-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!



Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.



2-жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын

шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.



1-оқушы:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!



1-жүргізуші:

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі

бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ

халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің

бірі.

2-жүргізуші:

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан

ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт

бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.



2-оқушы:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.



1-жүргізуші:

Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі

1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00

да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып

келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің

пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

2-жүргізуші:

Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.

Көрініс

- Қыздар, мен газет әкелдім.

- Не жаңалық шығыпты?

- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына

В.Колбинді тағайындапты.

- Колбин деген кім екен?

- Қайдан келіпті?

- Колбин Ульяновтан келіпті.

- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!

- Біз демократияны талап етеміз.

- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!





3-оқушы:

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?



Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.



1-жүргізуші:

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

2-жүргізуші:

Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.

Соның бірі «Менің тағдырым».



4-оқушы:

Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді,

Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.

Жолдаған сәлемімді дос алмады,

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем қайбірін,

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.

Тағдыр мені аямады, қорлады,

Жалынсам да, жыласамда болмады.

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,

Армандаған ақ сәулеге жетпедім.



1-жүргізуші:

Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан

үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.

(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)



2-жүргізуші:

1 минут үнсіздік



1-жүргізуші:

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын.



5-оқушы:



Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.



1-жүргізуші:

«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.



2-жүргізуші:

1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.



Көрініс.

Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге

милиционер жігіт кіреді.

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты

тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!

Жеңгесі: Қайрат, бері кел.

Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар

еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.

Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.

Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.

(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)



6-оқушы:



«Ақтың сөзің не? деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін.

Салт – санадан айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Қызғаныштан тозбасын,

Қолдаушысыз болмасын.

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан,

Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойным алып жаланы,

Мен болайын құрбаны!

17 жыл мен жатырмын,

Ақ жазыңтың түбінде.

Мені өлтірген таксист жігіт,

Тірімісің бүгінде?

Тірі жүрсің өткен күнді,

Еске алғанның несі бар?

«Желтоқсанда» құрбан болған,

Ляззат қызды есіңе ал!

Халқым, саған ризамын!

Батыл бас аяқты, жас достар,

Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,

Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,

Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр.

Бұл жерден мәңгілік аттанған,

Халқымның есінде сақталған!



1-жүргізуші:

Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына

дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін

үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт

болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.



Көрініс.

Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:

«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден, мен сағындым анамды,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.



Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала

дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп

мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен

Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.

Әйтпесе әкеңді де…

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.

Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,

«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат:

Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?

Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!

Қайрат:

Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басм бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

(Қайратты кісендеп алып кетеді.)



Ойын: «Алма ағашы»



1-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

2-жүргізуші:

1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.

1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.

2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.

1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.

2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.

1-жүргізуші:2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.

2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.

1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары

2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы

1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.



1-жүргізуші:

Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,

Елеулі іске қосар емірентіп.

Бүгінгі кеш қонағы апайымыз

Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Төрешова

Ақкенже Қонысбекқызына сөз береміз.



Өлең: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші:

Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.



2-жүргізуші:

Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл

толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
1023
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі