400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты.Ұлыс оң болсын! 9-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне орай №96 Жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығында өткізілген мерекелік сыныптан тыс іс-шара. Шараны өткізудегі мақсат жеткіншек ұрпақты елжандылыққа тәрбиелей отырып,ұлттық құндылықтарымызды білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№96 Жалпы білім беретін мектеп







Сыныптан тыс

конференциялық сабақ





Тақырыбы:

«Ұлыс оң болсын!»



9 «ә» сыныбы

9 «а» сыныбы



Өткізгендер: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Каденова М.К.






Алматы 2022ж

12.03.2022ж



Тақырыбы: “ Ұлыс оң болсын!”

Мақсаты: Оқушыларға «Ұлыстың ұлы күні» туралы және дүниежүзі халықтарының «Наурыз» мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Түрі:   Конференциялық сынып сағаты

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар .

Сынып сағатының жүрісі:

1. Наурыз – думан.

2. Наурыз – жыл басы

3. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

4. Наурыздағы салт – дәстүрлер

5. Ата – салтың – қазынаң.

 Мерекелік шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Каденова М.К.келген қонақтар мен оқушыларға ақ тілегін жолдай отырып,шашу шашып,іс-шараны бастайды.


Жүргізуші Дамира::Аманбысың ардақты халқым менің,

Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Наурыз тойға жиналған халқым менің

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің.

Сіздерді келе жатқан қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған сынып сағатымыз «Ұлыс оң болсын!» деп аталады. Бізге қонаққа Қыдыр атамыз келіп қалыпты,сондықтан Қыдыр атамыздан бата сұрасақ!

Ғабиден: Наурыз  бата

 Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!!!

8 «Ә» сынып оқушысы Айбекқызы Айғанымның орындауында «Қамажай» биі.

2.Жүргізуші.Енді құрметті оқушылар:- Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

 Наурыз
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.

ІІІ. Дамира. Дүние жүзі  халықтарының  Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

  Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық.Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.

 Иран елі:  Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.

Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі  «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы. 

Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде “алғашқы түрен” – “кулькабаши” деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.

 Араб елі:    Арабтар мейрам салтын өзгертіп, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әріпі–«синнен» басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.

Жангүлім:Наурыз жайлы бейнебаянға көңіл аударсаңыздар.

https://yandex.kz/video/preview/4085191791661367325

https://yandex.kz/video/preview/18269018801910916418

Бейнебаян интерактивті тақтада көрсетіледі.

Осы бейнебаянды көргендеріңіздей енді қалаған ұяшықты таңдай отырып,сұрақтарға жауап берсеңіздер! Әр дұрыс жауап берген балаларға сыйлығымыз бар.Қане,белсенді болыңыздар! Қол көтеріп тиянақты жауап берейік!

Сұрақтар шеңбері.

1.Ұлттық салт-дәстүрлерімізді атаңыз?

2.Неліктен «Ұлыс оң болсын!» деп айтамыз?

3.Наурыз айында болатын табиғат ерекшеліктерін атаңыз?

4.Наурыз мерекесіндегі ең басты тағам және оның жасалу жолы мен құрамын атап шық?

5.Басқа елдер наурызды қалай тойлайды екен?

6.Бата,тілек не үшін беріледі?

7.Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?


Сұраққа жауап берген балалар «Аквариумдағы балық» әдісімен өз сыйлықтарына ие болды.Құттықтаймыз!!!


3.Дамира. Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғыры

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар,

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.

Топтық жұмыс.Топпен мақал –мәтелдердің жалғасын табу.

1. Жақсылықтар жиынтығы – .....(әз-Наурыз.)

2. Көктем туа .....(Наурыз келер) 

Күн менен түн теңелер.

3.Сәуір болмай,....( тәуір болмас.)

4.(Ұлыс оң болсын,)....... ақ мол болсын.

5. Наурыздан соң қыс болмас, ......(Мизамнан соң жаз болмас.)

 IV.  Наурыздағы салт – дәстүрлер

 Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек …

 Наурызшешек – наурыз айында  өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.

 Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.

 Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.

Наурызша -  Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

   «Наурыз» өлеңі  Мәнерлеп жатқа айтатын Айбекқызы Айғаным 8 «Ә» сынып оқушысы..

Әз, Наурыз өлеңі 10 «А» сынып оқушысы Мұхаметжанов Нұрбек.11«А» сынып оқушысы Алтынбекова Ж

 V.Сабақты бекіту.Кері байланыс ретінде «Қолтырауын» ойыны.

Жасырылған сөздерді оқушы ауызша айтпай,ыммен түсіндіруі керек.Ал қалғандары оны қол көтеріп,жауабын табады.

Берілген сөздер.Алтыбақан,теңге алу,арқан тартыс,Наурыз көже,Көкпар,Көрісу күні, Бата беру,Ауланы тазалау.




Жүргізуші:Осымен бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.Белсенділік танытып, атсалысқандарыңызға көп рақмет айтамыз.Сіздерге бар жақсылықты тілейміз! Қош сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі