15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие шарасы : «Армысың,Әз Наурыз !»
Тақырыбы: «Армысың,Әз Наурыз !»
Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, нақыл сөздер, ұлттық тағам түрлері,ұлттық бұйымдар.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім.
Ата салтын бабамның
Алып келіп Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, - деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне
Жиналыңдар алаңға,
Кешігіп одан қалмаңдар!
Түскі сағат 12.00-ді соққанда Наурыздың салтанатты шеруі алаңда тоқтайды. Осы сәтте Наурыз сахнасының төбесіне қондырылған Қораз үш рет шақырып, алаңдағы мерекенің басталғанын паш етеді. Керней кернеліп, дабыл қағылады.Сахынаға ақсақал шығады.
Ақсақал: Малдар төлдеп,
қой
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Ұлттық киімдерін киген балалар бір-бірлеп
сахнаға көтеріліп, той бастаған ақын атасына тостаған толы наурыз
көже ұсынады
Ақсақал : - Әп, бәрекелді, жасың ұзақ болғыр!
Мінгендерің
балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,
Көптің көңілі жай болсын!
Ай жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын!
Айыңда келген мейманың,
Оған атын байласын!
Күн жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын!
Күнде келген мейманың,
Оған атын байласын!
Таң мезгілі болғанда,
Бозторғайдай шуылдап,
Бөденедей пырылдап,
Берекелі құт болып,
Қызыр келіп дарығай!
–
деп жасөспірімдерге батасын беріп, көжені ішеді.
«Ұлыс күні қазан толса, Мирим
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар».
Би: «Қара жорға»
Балалар билеп болған соң, ақсақал мен бірге сахына төріне отырады. Наурыз гимні ойналады. Сахнаға жүргізушілер шығады.
1 – жүргізуші: - Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
2 – жүргізуші: - Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.
1- жүргізуші: Қайырлы күн, қасиетті ел, Жерұйығы Нұржау және Ақколь ауылының жайсандары.
2-жүргізуші: Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.
1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.
2-жүргізуші: Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз, Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар.
1жүргізуші: Біз дәл осы жерде 29 желтоқсан күні жаңа жылдың бастауы - шыршамыздың ашылу салтанатына жиналған болатынбыз.Ал бүгін қадірлі жамағат! Жыл басы көрісу айттан басталып, «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» ұлттық мерекеміздің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.
2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының ашылу рәсімі жылма жыл жалғасын тауып келеді. Мейрамның ашылу салтанатын құттықтау үшін сөз қасиетті киелі шаңырақ иесі, балабақша меңгерушісі Күләш Жолдығалиқызына беріледі.
І
жүргізуші: Келе жатыр
жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны
біз.
Халқы сүйген
мейрамды
Қарсы алайық
Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі
шашу шашады)
Әже:
«Наурыз құтты
болсын!»
«Жыл басы-
наурыз!»
«Наурыз құт
әкелсін!»
Наурыз қыз: Найра : Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр
аңыз.
Қызып дулы
мереке
Қызық думан
құрамыз.
ІІ жүргізуші
: Қош келіпсің
Наурыз!
Арман тойы
халықтың.
Қуанышы
халықтың,
Құтты болсын
қадамың!
Әже мен наурыз қыз ақсақалдың қасына келіп отырады.
Уа, халайық, халайық, Шерхан
Мұнда назар салайық.
Мерекесін халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Хор: Наурыз
Келдің бе наурыз – жыл басы, Думан
Бар құтын жиып өлкенің.
Халқың сенің сырласың,
Өзіңнен өрбір көркем үн.
Қош келдің, Наурызым төрлет бері, Адия
Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.
Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,
Жадырады адамдардың келбеттері.
Келдің бе, Әз Наурызым – Жаңа күнім! Айжүрек
Оятып бәйшешекті – дала күн.
Көп болса қандай жақсы болар еді,
Жүректі жадыратар жаңалығың.
Кел, наурызым, самалыңмен еркелет, Саялы
Қырға шығар, жамағатты жетелет.
Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,
Наурыз келген, көктем келген екен деп.
Кел, наурызым, берекелі жыл басым, Ерназар
Мәңгілікке замананың құрдасы.
Жылда мені қуанышқа бөлейсің,
Ғасырлардың және менің сырласым.
Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың, Ерхан
Тәуелсіздік және өзің тынысым.
Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,
Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.
І жүргізуші: Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылаққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан – демекші, халқымыз жыл басын Наурыздан бастаған екен. Бүгін міне,біздің тойымызға «Достық», «Бірлік», «Береке » ауылдарының тұрғындары да келіп, Наурыз тойын тойлап жатыр. Кезекті «Достық » ауылына берейік.
«Достық» ауылының «Сүйінші» сұрау көрінісінен үзінді.
Кел, наурызым, шық төріме думандат, Нұрғали
Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.
Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,
Халқым да бір жадырасын сайрандап.
Басталар елдің дәстүрі, Нұрдаулет
Өзге іс түгіл тежелер.
Басталар тамақ тасқыны,
Бұрқырап наурыз көжелер.
Басталар сыр боп мына елге, Аружан
Бабалар салған мереке.
Жайғасып қалың кілемге,
Елменен енер береке.
Байқадым бұл күн – дүбірлі, Темірлан
Молшылық, мейір маңайым.
Басты ұран тойда бүгінгі –
Береке, бірлік, ағайын!
Күн мен түн теңелді, Найра
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы- салтымыз,
"Көгерсін"-деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Жарқырап тұр күніміз, Сымбат
Жайқалсын жас гүліміз,
Бақта бұлбұл сайрасын.
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен
Көңіл күндей жайнасын.
Қарды ерітіп жылғасы, Ақерке
Наурыз келді жыл басы,
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың.
Бата беріп атамыз,
Бата беріп анамыз,
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз
Би « Қамажай»
ІІ
жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі
жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы , тәрбие көзі
қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық
ағайын,
Қазақ атты үлкен , кіші балдырған, - деп
ендігі кезекте «Бірлік» ауылының Наурыз мерекесін тойлау салтанатын
көрейік.
«Бірлік » ауылының «Бесікке салу» дәстүрін тамашалау.
І
жүргізуші: Бауырласқа
тәнтіміз,
Бұзылмаған
салтымыз.
Кең даламның
ежелгі,
Қазақ деген
халқымыз.
Өзге ұлттай біздің
де
Бар дәстүр мен салтымыз. – деп ендігі кезекті
Наурыздағы қыз бен жігіт айтысына
берсек.
Жігіт: Осы Наурыз тойына,
Кім айтысар менімен,
Айтыс айтыс болады,
Айтысқанда теңімен.
Бармаймын деп бақшаға,
Жылауыңды қойдың ба ?
Көтерші деп арқаға,
Сұрауыңды қойдың ба?
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Қоса алдың ба мән беріп,
Қанша нәрсе болды сол?
Әділ сөзді жақтаймын.
Ойдан шықса мақтаймын,
Лағындай еліктің,
Сендей құрбы таппаймын.
Қыз: Айтыс,айтыс болады,
Шықса ақын теңімен,
Шешен болсаң көрейін,
Айтысып көр менімен.
Ерке қызбын білесің,
Бірақ кімге кұлесің,
Кәмпит сұрап өзіңде,
Күнде жылап жүресің.
Бес қосу бес болады,
Он деген мен сан білем,
Сен дейсің бе саусағын,
Санай алмай жүретін.
Мен де әдептен аспаймын,
Достығыңнан қашпаймын,
Қанша ақын болсаң да ,
Жеңілем деп саспаймын
Наурыз, жыл он екі ай елдің жүгін, Үздік
Арқалап арамызға келдің бүгін.
Дамытып бейбіт елдің еркіндігін,
Жайлауын жарастырдың елдігімнің.
Наурыз түріп тастап жер түндігін, Кәусар
Айығып ақ күмістей серпілді күн.
Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,
Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.
Халқымыз қастерлеген ежелден-ақ, Инабат
Келе бер аттың басын тежемей-ақ.
Наурыз көжемізден қанып ішкін,
Ұлыстың ұлы күні тұрма қарап.
Шуағы жер әлімді жандандырып, Ақнұр
Өріске барады өріп алуан түлік.
Дән сеуіп молшылықты жасаймын деп,
Барады диқан жігіт таңнан тұрып.
ІІ
-жүргізуші:Біз
қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұралады насихаттан
жүрген
халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы
бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы
бар.
Сәбидің кейбір кезін
қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі
бар.
Олай болса «Береке» аулында тұсау кесу рәсімі болып жатыр екен.бәріміз тамашалайық.
«Береке» ауылының тұсау кесі рәсімі.
Бақыттың тігілген соң көк байрағы, Аяулым
Шарықтап көңіл құсым көкте ойнады.
Нақышын Наурыздың арқау етіп,
Жырларын ақындар да төкті ойдағы.
Сәулеңді, шуағыңды аямашы, М.Ақнұр
Сәбидей жас-кәрімді аялашы.
Құтты қонақ секілді емін-еркін,
Даламды, тау-тасымды аралашы.
Наурыз тойын әдемі Бекжан
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже, Аманжан
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар, Мирас
Бар сүт, ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже-елдің ырзығы.
Құрт-бауырсақ шашылып, Мұхас
Наурыз тойы ашылсын.
Бір-бірінен мынау жұрт
Өнерлерін асырсын.
І
жүргізуші:Шайылғандай мұң, кірбің Наурыз
тойда,
Жабықпайсын жанында көз ән
барда.
Көру әже ойлайды екен ел
салтын,
Наурыз көже қайнайды
қазандарда.
Хор : «Қазақы дастарханым»
Әже
:Оу, айналайын,
балалар!
Тоя ішсін деп
тамсанып
Жеті түрлі дәм
салып
Наурыз көже
пісірдім.
Оттан қазан
түсірдім.
Бал көжеден
татыңдар.
Бар қызыққа
батыңдар.
Асқа кәрі –
жасыңды
Шақырып, ием
басымды.
Барлық ата аналарға,шараға қатысушыларға наурыз көже таратылады.
Ақсақал : Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!!! !
ІІ жүргізуші: Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің.
І жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.
Жарығымен, шуағымен күн-ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Қош келдің, Науырызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген