400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие шарасы "Ұрпағым,саған айтам" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие шарасы Ділдә Матайқызының "Ұрпағым,саған айтам" кітабының мазмұны бойынша өткізілді. Мақсатымыз жаңа өсіп келе жатқан жас буынға қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие шарасының тақырыбы: «Ұрпағым, саған айтам»

Өткізген: «Дарабоз» шаңырағы 5 «А» сыныбы

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын «Шаттық шеңберіне» жиналып, бір- бірімізге тілек тілеп, психологиялық ахуал орнатып алайық. Рахмет,оқушылар орнымызға жайғасайық.

Оқушылар «КітапFest» жобасы аясында біз бір ай көлемінде сыныбымызда кітап оқып, талқылағын болатынбыз. Бұл кітап қалай аталады, авторы кім? Иа, дұрыс айтасыздар біз Ділдә Матайқызының «Ұрпағым, саған айтам» кітабын оқыдық. Бүгін сол кітаптың мазмұнын әртүрлі әдіске сала отырып, көрермендерді де бізбен бірге кітап оқуға шақырамыз.

Кітап мазмұнын әңгіме етпес бұрын, Ділдә Матайқызының өмірбаянымен танысып алсақ.

«Миға шабуыл».Кітаптың бірінші тақырыбы қалай аталады? Иа , білім мен байлық? Ділдә әже білім мен байлықты салыстырады. Ендеше,сіздерге сұрақ : Біліммен байлықтың қайсысы артық? Неге?

Келесі тапсырма «Жанды суреттер» деп аталады. Әр топ өзіне берілген суретті әдемі әрі мазмұнды сөздерімен жандандыра отырып, әңгімелеу керек.

«Сиқырлы сандық» ойыны. Ойынның шарты бойынша көрсетілген суреттердің «Ұрпағым, саған айтам» кітабының қай тақырыбына қатысты, не бейнеленгенін айтуларыңыз керек.

Оқушылар «Киелі сандар» деген ұғым бар. Сол жайында не білеміз?

Рахмет. Кітаптың соңы немен аяқталады? Иа, «Батаменен ел көгерер» демекші сыныбымызда қанша оқушы батаны жатқа біледі екен, қол көтерейікші. Сіздер бата туралы не білесіздер?

Сергіту сәті. Ал оқушылар «Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін айтып бір сергіп алсақ.

Ділдә Матайқызы Тасмағамбет келінінің "Ұрпағым, саған айтам" туындысынан не білдім? «Шеңбердегі доп» арқылы кері байланыс жасайық.

Өзің өмір сүріп отырған дәуірдің, қоғамның оң-терісін көгенкөз ұрпағыңа екшеп, ғибрат ретінде айтып кеткенге не жетсін!

Ел сыйлаған қадірлі ана, өмір өткелдеріндегі алуан жайттарды, халқымыздың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде қағазға түсіріп жүрген Ділдә Матайқызы Тасмағамбет келінінің "Ұрпағым, саған айтам" деген туындысы әлі талай буынның қажетіне жарар деген ойдамыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі