Ата-аналарға арналған отбасылық тәрбиені қалыптастыру тәрбие жұмысының жоспары
Тақырып: "Бақытты отбасы – бақытты бала"
Мақсаты:Отбасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністік пен сенімділікті арттыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін күшейту.
Күтілетін нәтижелер: Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас жақсарады.
Отбасылық құндылықтар мен тәртіптің маңызы ашылады.
Тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға деген қызығушылық артады
Жоспар
Кіріспе бөлім (7 минут) Мұғалім сөзі:
-Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар мен оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Біз бүгін "Бақытты отбасы – бақытты бала" тақырыбында әңгіме өрбітеміз. Бұл тақырып бәріміз үшін өте маңызды, өйткені әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат әрі ерекше құндылық – ол отбасы.
Отбасы – әр адамның алғашқы өмір мектебі, тәрбиенің, махаббаттың, мейірімнің, сыйластықтың ошағы. Отбасы мүшелері бір-бірін түсінуге, қолдауға және қорғауға үйретеді. Бала үшін отбасы – оның алғашқы өмірлік тәжірибесін қалыптастыратын орта. Баланың болашақтағы мінез-құлқы, табысты болуы, тіпті өмірге деген көзқарасы да көбіне ата-ананың берген тәрбиесіне байланысты.
Отбасы не үшін қажет? Отбасы – жай ғана бірге тұратын адамдардың жиынтығы емес, бұл – бір-біріне сенім артып, бірге қуанып, қиындықтарды жеңетін ортақ шаңырақ. Отбасының басты міндеттері: Махаббат пен сыйластыққа баулу. Қоғамға пайдалы, тәрбиелі азамат қалыптастыру. Атақты ғалым Макаренко айтқандай: "Балаларымызды бақытты ету үшін ең алдымен өзіміз бақытты болуымыз керек." Сондықтан, бүгінгі тәрбие сағатында біз бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтарды талқылап, қызықты ойындар мен тапсырмалар арқылы бір-бірімізбен жақынырақ танысамыз.
Енді, тәрбие сағатымызды бастайық! Бір-бірімізбен жақынырақ танысу үшін ең алдымен бір қызықты ойын ойнасақ.
Ойын: "Отбасылық герб жасау"
Әр отбасы өздерінің құндылықтарын, армандарын және ерекшеліктерін бейнелейтін герб жасап шығады. Соңында әр отбасы өз гербін таныстырады.
Қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаз, қарындаштар, қайшы, желім.
Ортасы (30 минут)
2 –тапсырма: "Отбасы тәрбие ағашы" атты символикалық қабырға жасау.
Жеребе жасау арқылы екі отбасыны біріктіреді. Біріккен екі отбасы бір-бірімен ақылдаса отыра тәрбие ағашын жасайды. Ағаштың діңгегінен бастап, оның жапырақтарына дейін отбасы құндылығын арттыратын сөздер мен суреттер бейнеленуі керек.
Қажетті құралдар: Ақ қағаз, түрлі-түсті қалам.
3- тапсырма: "Отбасылық күн тәртібі". Алдын ала берілген тапсырма. Әр отбасы ортақ уақытты қалай өткізетіні туралы қысқаша 1-миндық видео жасайды. Жоспарға ойындар, кітап оқу, бірге тамақ дайындау немесе серуендеу сияқты идеялар кіреді.
4-тапсырма "Отбасылық құндылықтарды жинау"
Оқушылар төменде берілген сұрақтарға жауап жазып, қапшыққа салады. Ата-аналар өз баласының жауабын табу керек. Сұрақтар:
Менің сүйікті ісім? Мені ұалай еркелетеді? Біз бірге ең бақытты болған күніміз?Бір-бірімізді қалай қолдай аламыз?
Қорытынды бөлім (3 минут). Ата-аналарға балалары жазған алғыс хатты тапсырады. Мұғалім сөзі:
-Құрметті ата-аналар мен оқушылар!Бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңына келдік.
Сабақ барысында біз отбасының әр мүшесі үшін қаншалықты маңызды екенін көріп, отбасы құндылықтарын бірге талқыладық. Сіздердің бір-біріңізге деген сүйіспеншілік пен қолдауларыңыз – баланың бақытты болып өсуінің ең басты кепілі екенін түсіндіңіздер деген ойдамыз. Отбасы – бұл махаббаттың, сыйластықтың, өзара түсіністіктің мекені. Бала өмірден ең бірінші тәрбие мен өмірлік сабақтарды отбасынан алады. Сондықтан, өз іс-әрекеттерімізбен, сөзімізбен және қамқорлығымызбен біз балаларымызға өнеге боламыз. Соның нәтижесі ретінде бүгін сіздерге балаларыңыз жазған хатты тапсырғымыз келеді.
Сіздерге отбасыларыңыздың әрдайым бірлікте, махаббат пен қуанышқа толы болуын тілеймін. Бүгінгі сабақта алған ойларыңыз бен тәжірибелеріңіз отбасылық өміріңізде қолданыс табады деп сенемін.
Баршаңызға рахмет! Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие тал бесіктен

шағым қалдыра аласыз