жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие тұғыры имандылықта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы
И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектеп.
Математика пәнінің мұғалімі: Сералиева Райхан Ерқазықызы
Тәрбие тұғыры- имандылықта
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі.”Баланың бас ұстазы ата-анасы” демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. Баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі.
Тәрбиелеу – тек бір сөзбен айтқанын істету арқылы емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума- туысқан, көршілермен түсінікте болу, сөйлеу мәнері арқылы қалыптасады. Бала- жанұя тәрбиесінің айнасы. Отбасы адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті отбасының өмір тіршілігіне байланысты.Әсіресе ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі.” Қыран ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі’’ ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі. Балаларға тәрбиеші болатын да ата-ана.Отбасының біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты. Ұрпақ- болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Ұлы педагог Сухомлинский: “ Отбасы – барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісіқалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, ана мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері”- деп жады. Әр отбасы кішкене тәрбие мектебі болуға тиіс.
Жанұяда әр адамның өз орнын білу, дастархан басында отыру мәдениеті “ Әке тұрып ұл, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без” мақалына лайықты тәрбие. Қазақ халқы ежелден ата сыйлаған, ана сыйлаған халық. Әке – шаңырақ иесі, жанұяның басы дейміз. Бала тәрбиесінде “әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер” деп бекер айтылмаған.
Ана –шаңырақ жылуы, әке отбасының тірегі. Әр балаға тәрбиенің ең күштісі- әкенің өнегесі.Әкесі үлгі аларлықтай өнегелі, еңбексүйгіш адам болса, баласы да сондай болуға талпынады.
Бала тәрбиесі нәзік те қүрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала- өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіпөсіргіміз келсе , ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. адамгершілік пен саналылықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық. Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет – болмысының, мінез – құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай,
Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі сөз.
Өлтірсе де көзбе – көз
Иманын сатып алмас бөз, – дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп атбереді:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жол осы деп әділетті.
Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нәр алған данышпан тұлғалардың елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой – пікірлерінің имандылық маңына келіп тоғысатыны шындық. Кешегі «біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ. Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден, дін. Яғни, ерте ғасырлардың өзінде – ақ ұлан – ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп, олардың өмір – тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат дін – Ислам діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.
Міне, осындай басты – басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді. Иманды болу.
Екі түрлі адамға Алла- тағала ықыласпен қарамайды.
1.Туған- туыстарынан аулақ, жалғыз өзі өмір сүргендерге.
2.Көршілерін ренжіткендерге.Көршіні ренжітпей, тату-тәтті тұру адамгершілік.
Пенденің апатқа ұшырауына сеьепкер болатын жеті түрлі істен сақтаныңыз.
1.Күдік-күманнан, 2.Сиқырдан және сиқырлаудан, 3.Қомағай нәпсіден, 4.Өсім алудан, 5.Жетімнің ақысын жеуден, 6.Жаумен соғысқанда қашудан, 7.Ерлі- зайыпты адамдарды былапыт сөзбен сөгуден.
Әр адам терең ойланып әдепті жақсы істерді өзіне үйлестіру адамгершілік болады.Біреудің Алла- тағала алдында қандай адам екенін білгіңіз келсе, ол кісіге халықтың қалай қарайтынын біліңіз. Халық қалай бағаласа, оның дәрежесі де сол мөлшерде болады. Көпшіліктің берген бағасы Алла-тағаланың ризалығына тең. Шапаныңыз қаншалық әдемі, сәлдеңіз қанша үлкен, малыңыз қанша көп болсда Алла-тағала сізідіңсән-салатанатыңызға қарамайды. Жүрегіңіздің адалдығына ниетіңіздің дұрысытығына қарайды. Не істесеңізде, адал көңіл, пәк жүрекпен істеңіз. Бір мүсәпір нан сұраса беріңіз. Ауру адамның халін сұраңыз. Қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз. Артында оның пайдасын көресің. Адамдардан ештеңені сұрап тіленбе. Тіпті ат үстінде қолыңнан қамшың түсіп кетсе де өзің түсіп ал! Өлгендерді қарғап, жмандамаңдар. Өйткені олар өз кінәсін өтеуге кеткендер. Алла былай дейді, егер адам баласы маған бір қадам жақындаса мен оған бір аршын жақындай түсейін. Егер адам аршындай жақындаса, мен сажындап жақындаймын. Егер адам он қадамдай жақындаса, мен оған қарай жүгіремін деген.
Сыйластық пен достық.
Шақырған жерге барыңыз достықта. Бір адам ақса той шақырса бай, кедей молда қожа төре шәкірт демей бәрін көріңіз. әрқандай жиынға шақырса қалмаңыз. әрбір адамның өзінің парызы саналатын істі өтегеннен кейінгі артық атқарған ісі жақындарының жүрегін қуанышқа бөлейді. Кімде кім жақын адамын қуантқысы келсе барлық адамды қуанышқа бөлейтін іс істеуі керек. Оның қаншалық асыл қасиет екенін әркім-ақ түсінеді. Бір адам сөйлеп отырғанда жан-жағына қарай берсе, басқа біреуге сөйле деп сөйлескенде оның қадіріне нұқсан келтірмеу керек. Мұның пайдасы жоқ. Сенің айыпты екеніңді айтып біреу сөксе де, сен оның өз айыбын бетіне басып сөкпе, ақыры сауабы саған тиеді. Кінәсі де, обалы да әлгі кісіде қалады. Жақсы ісіңді қанағат етіп қуаныш ет. Жаман іміне қажып, қайғыр бұл имандылықтың белгісі. Абыройың аратады. Бес нәрсені бес нәрседен бұрын болжай ойластыр. Өл мен тұрып тіршіліктің қадірін біл. Басыңа іс түспей тұрып баршылықтың қадірін біл, кәрілік келмей тұрып баршылықтың қадірін біл. Өз араларыңызда сәлемдесуді жолға қойыңыз. Сонда бір-біріңізгедостығыңыза артады. Біреумен амандасып хал-жайын сұраудың өзі де өте жақсы қылық.
Пайғамбар сөзі алланың сөзі.
1. Мен айтқан хадис жүрегіңіздің ұнатқаны анық айтылған хадис мұсылманның көңіліне жақсы сезіледі. Ол пайдалы болады.
2. кімде-кім хадистерімді пайымдау үстінде шүбә келтірсе онда ол суайттың суайты.
3. Менің атымнан жалған хадис шығарып таратушы болса дозақтың ең лапылдап жатқан жерінен өзіне орын бар екенін білсін.
4. Айтқан сөзімді естіген соң басқа адамдарға естіген қалпында жеткізген адамнан жүзін Алла жарақ қалсын тікелей біздің тыңдаған адамнан гөрі сырттан естушілер хадистерімді жақсырақ есте сақтайтын болуы мүмкін.
5. Менің қауымыма арналған өсиеттерімнен қырық хадисті жатқа алған адамды ақрет күнімен қамқорлыққа аламын.
6. Кімде-кім менің есімімді құлағы шалғанда менің атыма бір мәрте мадақ сөз айтса Алла тағала оған он рет алғыс айтады.
7. Кім менің хадисімді естіп, естігендерін қауымына айнытбай жеткізсе, соған Алла шапағатын төксін. Өйткені өзге адамдар көптеген хадистер мен айтқаннан жақсырақ.Қазіргі уақыттағы алма- кезек заманда өскелең ұрпаққа имандылық тәрбиесі ауадай қажет деп ойлаймын.Соңғы уақытта әр түрлі өрескел жағдайлар, адамның жаны түршігерлік оқиғалар болып жатқанын ақпарат құралдары: теледидар, радио, газет- журналдар, кітаптар, интернет арқылы көріп, оқып, білсек, тіпті бізді қоршаған өмірден көріп жүрміз.
Адамның ақылына, санасына сыймайтын осындай жағдайлар, нақтырақ айтсақ миссионерлік, секталықұйымдардаң жастарымыздың , ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасын улап, тура жолдан тайдырып, бұрыс жолға алдап түсіріп, өз мақсаттарына пайдаланып, исламға қара күйе жағуда. Әрине бұл жастарымыздың болашағына, еліміздің болашағына қам жейтін ата- аналарды, мұғалімдерді, тәрбиешілерді, біздің қоғамымызды ойландырмай қоймайды. Дінді жамылып, бірақ істеген істері діннен, исламнан, имандылықтан әлдеқайда алыс жатқан миссионерлік, секталық ұйымдардың жетегінде кетпесін десек, өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеп, оларға рухани адамгершіліктің: адалдық, кішіпейілділік, мейірімділік, әдептілік, арлылық, ұяттылық, ізгілік, отансүйгіштік деген сияқты құнды қасиеттерді үйретіп, бойларына сіңіріп, сонымен қатар араққұмарлық, есірткі, шылымқұмарлық деген зиянды әдеттерден жирендіріп, діни сауаттылыққа үйрету басты мақсат болып табылады.
Діни сауатты адам ғана сектаның не екенін, дәстүрлі ислам дінінің не екенін айқын біліп, ара жігін ажырата алады.
«Ислам» – бейбітшілік, амандық, есендік деген мағынаны білдіреді. Ислам діні – жер бетінде «бейбітшілік пен тыныштықты» орнату үшін жіберілген Құдайлық соңғы дін.
«Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса – күллі адамзатты өлтіргендей болады» бұл Қасиетті Құранның «Маида» сүресінің, 32 аятында айтылған. Ендеше бұны білген, санасымен түсінген адам ондай әрекетке бармайды деп ойлаймын.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта, жалған болмас,
Көп кітап келді, Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас-
деп Абай айтқандай біз дәстүрлі дінімізді Құраннан, оны жеткізуші соңғы пайғамбар Мұхамедтің (с.ғ.с.) хадистерінен үйреніп, оны балаларға да үйреткеніміз жақсы. Әрине әр нәрсеге сауаттылық керек.Соңғы уақытта басына түскен болмашы қиындыққа төзе алмай, өз -өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасып жатқан жастарымыз қаншама. Ал біз бұл жағдайға не демекпіз ? Бұл тағы да имансыздықтың, діннің тайыздығының айғағы.
«Өмір» адамға Алланың берген сыйы, тамаша тартуы, ендеше оны біз қадірлеп, бағалай білу керек деп балаларға үйретіп, өз- өзіне қиянат жасау – исламда үлкен күнә екенін айтсақ, оны Құрандағы «Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар» «Ниса» сүресінің 29 аятымен бекітсек балаларға әсер ететініне еш күмәнім жоқ.
«Сабырлық – иманның жартысы» дегендей басыңа қандай да бір қиын іс түскенде оны сабырлықпен, төзімділікпен жеңе білуге үйрету, тәрбиелеу дегенді айқындайды .
Қасиетті Құранның алғашқы аяты «Иқра», яғни «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен» деп басталады. Ұлы жаратушы адамдарды адаспасын деп Құранды түсірсе, Құран арқылы оқуға , білімге шақырады. Оқу оқу, білімді болу тамаша нығымет. Оқып, білім алу үлкен бақыт, ол адамды надандықтан сақтайды. Ағартушы, педагог, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин өз өлеңін
Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.- деп бастады емес пе?
Қазақ халқы сонау бал- қаймағы бұзылмаған уақыттан бастап арақ ішу, шарап ішу, есірткі, темекі шегу деген әдеттерден аулақ болған. Гені, қаны таза халық болғанына, сусын ретінде шипасы мол қымыз бен шұбатты пайдаланғанына тарих куә. Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.) мына хадисінде «Ішкілік ішпе! Себебі ол –бүкіл жаманшылықтың көзі» -деп өсиет қалдырған. Осы өсиетті балаларға жеткіземін. Неге десеңіз арақ ішкен адам барлық зұлымдыққа барады. Ұлдарымыз бен қыздарымыз арақ ішпесін десек, ең алдымен оған үлкендер өзіміз үлгі- өнеге бола білейік. Ата- ана өзі арақ ішіп, балам сен арақ ішпе десе оның айтқан ақылы, сөзі өтімді бола ма? Осы тұрғыда барлығымыз терең ойланайықшы.
Аллаһ Тағала адамды барлық жаратылыстан артық етіп жаратқан. Оған сана, ақыл -ой, түйсік, қабілет, таңдау берді емес пе? Барлық жаратылыстың халифасы жасаған. Сөйте тұра адамзат арақ ішіп азуда. Адамнан әлдеқайда төмен дәрежедегі ит арақ ішпейді.«Ел боламын десең- бесігіңді түзе»-деген М. Әуезов. Қазақ халқы әу бастан ұрпағын бесіктен тірбиелеген. «Қызға қырық үйден тыйым» -деп қыздың тәрбиесіне жете көңіл бөлген. Себебі қыз болашақ ана. Ана бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді. Ана отбасының ұйытқысы, барлық жақсылықтың бастамасы.Ал Құранда әйелдер мен қыздарға қатысты былай деп айтылған «Әурәт (ұятты) жерлеріңді ашпаңдар, ол сіздер үшін қайырлы»- деп, ненің қайырлы екенін ашық түсіндірген. Ендеше неге біздер қазақ халқы қыздарымызға шын ықыласымызбен жанымыз ашымайды. Адам баласының бойына адамгершілік, ұялу, ұятты жерлерін жабу деген сипаттарды берген жаратушы.
«Ұят пен иман бір- бірімен өте тығыз байланысты. Егер біреуін алып тастаса, екіншісі өзі кетіп қалады» деген хадисте . Тағы бір хадисте былай айтылған «Әрбір діннің мінезі бар. Исламның мінезі – ұят». Ендеше көкірегінде намыс оты бар , ары бар қыздарымыз ашық шашық киінбейтініне еш күмәнім жоқ.Уақыт бір мезет те тоқтамайды, көзді ашып-жұмғанша зулап өтуде. Уақытпен бірге заман да, барлығы да дамуда. Адам да бірге дамып, ақылымен, санасымен саралап заманнан жақсысын алып, жаманынан жирену керек.Ғылым мен білімді меңгерген, тіліне, дініне берік , еркін ойлай алатын, рухани дамыған, жан-жақты жастарымыз көп болсын. Елдің болашағы сондай жастардың қолында болса, еліміз үшін игі болады.
“ Ел болу үшін –бесігіңді түзе”- деген, ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар , тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді парасатты ұрпақ тәрбиелеу- ұлы парызымыз деп білейік.
Пайдаланған әдебиеттер:1.Қазақстан әйелдері журналы.
2.Парасат журналы.
3.Ғалам тор жаңалықтары.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген