400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ – БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ІС- ӘРЕКЕТ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәрбиенің негізі – тұлға дамуын анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі», деп Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы,Бала құқықтары жөніндегі Конвенциясы дәлелдеп отыр. Тәрбие – жалпы білім беру мазмұнында баланың өзіндік санасы мен сезімінің, адамгершілік көзқарастар баланың мінез –құлқына сіңуіне қалыптасып дамуына бағытталған арнайы мақсатта ұйымдастрырылған іс-әрекеттер. Тәрбие қазіргі көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті тұлғаны дамытып, рухани құндылықтарының негізінде құрылған. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани- адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп, тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегіне айналып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ – БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ІС- ӘРЕКЕТ

Оқу – тәрбие үдерісі дегеніміз не?

Ол үш қосылғыштан: ғылымнан, шеберліктен, өнерден тұрады.

Кең мағынада алғанда тәрбие дегеніміз тәрбиеленушілердіңде,

тәрбиелеушілердің де рухани жағынан үнемі баюы мен

жаңаруының алуан қырлы үдерісі

В.А.Сухомлинский

Елбасы Жолдауында «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы,заңға мойынсұнушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс. Біздің жастарымыз үшін бұл өмірлік қажеттілік», - деп атап көрсеткен болатын. Елбасының көтерілген бұл идеясы еліміздің ұлттық құндылықтары мен ділін қалыптасытрудағы жас ұрпақ болашағы үшін өте маңызды мәселе деп ойлаймын.

«Тәрбиенің негізі – тұлға дамуын анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі», деп Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы,Бала құқықтары жөніндегі Конвенциясы дәлелдеп отыр. Тәрбие – жалпы білім беру мазмұнында баланың өзіндік санасы мен сезімінің, адамгершілік көзқарастар баланың мінез –құлқына сіңуіне қалыптасып дамуына бағытталған арнайы мақсатта ұйымдастрырылған іс-әрекеттер. Тәрбие қазіргі көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті тұлғаны дамытып, рухани құндылықтарының негізінде құрылған. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани- адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп, тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегіне айналып отыр.

Бүгінгі таңда барлық мұғалімдер жас жеткіншектерді тәрбиелеу қиындық туғызатынын айтады. Бұл қазіргі кезде барлық мектептерде ең басты мәселе болып отыр.

  • Қазіргі кездегі кейбір отбасылар өздерінің балаларын дұрыс тәрбиелеп жатқан жоқ, - деп педагогтарды айыптайды. Олардың көпшілігі мұғалімдердің кәсіби деңгейі төмен деп санайды.

  • Мұғалімдердің ата- аналармен тіл табысуы қиын. Өйткені көптеген отбасылар мұғаліммен кеңесуден қашады. Олар үйдегі проблемаларын айтса, мектеп әкімшілігі және басқа да мұғалімдерге жария болып кетуден қауіптенеді.

  • Мектептегі жасөсіпірімнің өмірінде отбасының рөлі қандай?

  • Отбасы – балалықтан ересек кезеңге өткенде балаға ең басты сенімін, құндылығын жоғалтып алмауда қандай көмек көрсетеді?

Отбасы тәрбиесі туралы ұлы ғалым философ Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» десе Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін- бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана –сезімі, адамгершілігі әсер ететіні анық.

Ата –ана - ең алдымен өзінің баласына балалық кезден бастап, сенім, үміт артуы керек. Соның нәтижесі баланың жасөспірім кезеңінде байқалады.

Ата – ана жеке тұлғаны дұрыс, сауатты тәрбиелеуде мектеп пен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болуы тиіс.

Жас жеткіншектердің тәрбие жұмысын жүргізуде мектепте ата- ана мен педагогтар арасында ынтымақтастық қалыптасу керек.

Тәрбие жұмысы біздің мектепте ата- аналармен байланыс ресми түрде емес, ата – аналарға жылы қарым –қатынас, психологиялық жайлылық туғызуға жағдай жасалған. Мектебімізде лекторлық топ құрылған олар мынадай жұмыстар атқарады:

Мектебіміздегі тәрбие жұмысы мына жүйе бойынша іске асырылады.

-Мұғалім кәсібилігін дамытатын түрлі жұмыстар жүргізіледі. Коучингтер, тренингтер, тәжірибе алмасу, мұғалімнің өз білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі жүргізілуі;

-Ата- аналарға арналған мектепішілік ата- аналар жиналысы және сыныпаралық жиналыстарының өткізілуі;

- Ата – аналарға арналған коучинг, тренингтер;

-Ата-аналарға арналған жекелеген кеңестер;

-Ашық есік күндері;

-Мектеп психологы мен әлеуметтік педагогпен кездесу;

Мектебіміздің дәстүрлі жұмыстарының түріне-балаларға арналған іс-шараларға ата-анамен бірігіп, жұмыс атқаруға шақыру. Осындай іс-шараларға ата-аналарды шақырып жұмыс атқарғанда ғана белсенді ата-аналар анықталады. Олар: түрлі қызықты экскурсиялар, кездесулер, мектептің әр түрлі безендіру жұмыстарына ат салысады. Осыдан кейін ата-аналарда мектепке деген көзқарасы өзгереді.

Мектепте қандай да бір келеңсіз жағдайлар туғанда мектеп әкімшілігі және тәрбие орталығы, ақсақалдар алқасы, ата-аналар төрайымы бірлесіп жұмыстар атқарады. Ата-аналарға арналған жадынамалар дайындалған, ол дөңгелек үстелдерде және балалар мен ата-аналарға арналған рөлдік ойындарда талқыланады.

Мектептің педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірге бірлесе отырып, көптеген проблемаларды шешіп, ортақ шешімге, нәтижеге, жетістіктерге жетеді. Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінеді.

Ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастық түрлі формадағы жұмыстар жүргізіле отырып, баланың тұлға ретінде дамуына, отбасы мен мектеп өзара мүдделерін қоладап, ортақ жағдай жасауға әсер етеді.

Осыдан келіп, балалар мен жасөспірімдер арасында адамгершілік моральдық құндылықтардың қалыптасуы мен тұлғаның жеке сапалық қасиеттері – жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің нысанына айналады. Ол өз кезеңінде баланың әлеуметтенуіне, өз ортасын танып білуіне ықпал етеді. Әлеуметтік ортаны танып білген сайын жасөспірімдер бірте-бірте өзін жеке тұлға ретінде тани бастайды. Осы кезеңінде ата – аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету бала өміріндегі өте маңызды іс – әрекет болып табылады.

Сөзімді қорытындылай келе Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда педагогтар қауымы өз бойындағы күш – жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі тәрбие беруде аянбай еңбек етеді деп сенемін. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ата-аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата- бабаларымыздың салт – дәстүрін құрметтейтін ұрпақ ретінде тәрбиелеу – баршаға бірдей міндет,- деп сөзімді аяқтаймын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі