Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Маусым 2018
533
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
Тақырыбы: «Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым »
Орындаған: 6 «а» сыныбының сынып жетекшісі Абилкакимова Элеонора Габдулкакимовна
«Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым»Мен Абилкакимова Элеонора Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сүйіндік совхозында дүниеге келдім. Еңбегі ешқашан уақыт безбенімен өлшенбейтін, өмір бойы ұстаз болып келе жатқан ұстаздар әулетінде дүниеге келіп, сол ұстаздық эстафетаның туын жалғастырып келе жаткан ұрпақтың бірімін деп есептеймін. Менің ұстанымым: «Мен таңдаған дара жол, аталарым салған сара жол» Саналы ғұмырының 46 жылы білім беру ісіне арнаған мерейлі де мейірімді ұстаздың бірі Абсатыров Әбілкәкім. Ол менің сүйікті атам болатын. Физика мен математикадан сабақ беру, оны шәкірт санасына сыналап енгізе білу айтуға оңай. Жаратылыстағы нәрсенің бәрі физикалық заңдылыққа бағынса, өмірдің өзі математика сөзге ұста парасат пайымы, өмір жайлы өзіндік түсінігі мол атамның ұрпаққа білім берудегі жеткен жетістігінің нәтижесін мақтан тұтар шәкірттерінің көптігі. Мен немерелерінің тұңғышы болғандықтан ба маған ерекше көңіл бөлетін кішкене кезімнен сәби деп қарамай үлкендерше әңгімелесіп, қойған сұрағыма ой тұңғиығынан суарып, ойландыратындай келістіріп барып жауап қайыратын. Тентектігімді де төтесінен тураламай астарлап жеткізетін әзілімен түзеп жіберетіні ойға оралғанда, қайран, менің атамдай адам жоқ шығар деп ойлаймын. Сол балалық қиялыма қанат бітірген атам мен әжемнің асыл сөздері мен өздері бастаған ұстаздық жолы мені де осы ұлы жолды және де физика және информатика саласын таңдауыма тікелей септігін тигізгені сөзсіз. Мен өзімді қос қанаты қатайған қыран құсқа балаймын. «Өнегелі қарты жоқ жерде, өнерлі бала жоқ», деген халық даналығы еске түседі. Ақпарат ғасырына аяқ басқан қоғамымызға ғылым мен техниканы тең меңгерген ұстаз керек екені сөзсіз. Құдайға шүкір алған білімімді жүзеге асырып, өзімнің бойымдағы қанмен келген асыл қасиет ұстаздықтың жемісін жеп отырмын. Өзім туралы жаза отырып, мынадай өлең жолдары ойыма оралғандай. Сақтайыншы әулетімнің қасиетін сақтайын, Ата-анамның менен күткен ақ үмітін ақтайын. Ұясынан көтерілген қаршығадай, қанатымды қомдап-ап, Шәкірттерді көктің жүзін кесіп өтіп самғауыңа баптайын. Алтынсарин білім алған қанат қаққан ауылдағы мектебім, Бойыма сіңді нәрлі қуат зая кетпеді еккенің. Өркен жаям гүлдей түсем, құлпырамын көкке өрлеп, Көркейтемін кемелденсін қаладағы Алтынсарин мектебін,-дей келе мектепке мұғалім болып келгеннен бастап өзімді басқаша сезіндім. Мен оқушылардың назарын өзіме аударуға тырыстым, өмір күрес деп өмір соқпағының небір сынынан сырғып өту үшін мыңды жығар білім керектігін түсіндім. Ұстаз теориялық білімі мықты болса, шәкіртте соған еліктеп соның тәлімін алып өседі. Мен алғаш мектепте сынып жетекшілік тәжірибемді 5 «а»-сынып оқушыларынан бастадым. Балалар жас ерекшелігіне сай өте қозғалғыш, жылдам шешім қабылдауға асығатын, тәртіпке көніңкіремеген кездері болды. Ондай кезде ата-аналарымен байланысып, жиналысқа қатыстырып өздерінің балаларының сабаққа ынтасын бақылаттым. Сабақ үлгерімінің де азда болса жоғарылағанын байқауға болады. Ұстаздық өмірімде өткізген мынадай тәрбие шаралары болды. Қазір ғылым мен техниканың дамып дәуірлеген заманы. Біздің тәрбиелеп отырған ұрпағымыз сол технологияны меңгере алатын шетел мамандарының өз жерімізден ығыстырып өздері игере алатындай болу керек. Ең негізгісі өзіме керекті ақпаратты пайдалана отырып өткізетін сабағыма толық пайдалануға мүмкіндігім бар. Алдыма қойған мақсатым өмірден алған және ұстаздарымнан алған білімімді жетілдіріп озық ойлы, шебер маман болу. Мен үшін мұғалім болу – педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс және бала тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жетістіктердің қуанышы дер едім. Тәрбие саласында ата-анамен жағымды қарым-қатынасты реттеуде ұстаз небір қиыншылықтарға тап болып жатады Бүгінгі күні сынып жетекші-педагог болуымен қатар, адам жанын түсіне білетін психолог та болуы тиіс. Өйткені, ол өсіп келе жатқан бала үшін жақсы оқытушы болу үшін, алдымен жақсы тәрбиешілік қасиет болу керектігі заңдылық. Жаңадан өсе бастаған өсімдікті бағбан қалай күтсе, тәрбие беруші де оқушыны солай баптауы керек деп ойлаймын. Сонымен қоса, мықты психолог маман болу, шәкіртінің ой-өрісін тереңнен зерттеу қазіргі заманның талабы. Өйткені біздің бүгінгі қоғам заманға сай өзгеріп, сол қоғамдағы адамдардың да мінез-құлқы үнемі өзгеріп келеді. Қазіргі қазақ қоғамы нарықтың заманының көшіне, жаһандану дәуіріне қадам басты. Тиісінше еліміздегі адамдар да рухани байлықтан, сана биіктігінен, білім тереңдіген бұрын, материалдық құндылықтарға қарай қол созуда. Бұл- отбасындағы ұрпақ тәрбиесінің екінші кезекке қалуы дегенді білдіреді. Отбасында ата-ана күн ұзаққа еңбек етіп, тапқан ақшасын баласының кез-келген қалауына жұмсағанды тоқтатпаса, баланың талғамы да сол арзан байлықтың бағасынан аса алмай қалады. Ал, мектепке келген сәтте оған оқушы ретінде білім берсең, кейбір оқушылар жанына рахат сыйлайтындай білім нәрін сезінбей, көңілі ата-анасың берген ақшасына ауып, «қалай жаратсам?» деген ниетте болады. Қоңырау соғылса, ол оқушы үй тапсырмасын алмастан, есікке қарай жүгіріп, асханадан бір-ақ шығады. Міне, қазіргі біздің оқушылардың бейнесі осындай. Бұл - барлық мектептерде, жалпы қоғамда қалыптасқан жағдай деп білемін. Оны жеңу үшін, әр оқушыны зерттей отырып, ата-анасының берген ақшасынан да қызықты нәрсеге баулуды қолға алу керек және оны басқа емес, алдымен сынып жетекшісі ұйымдастырғаны дұрыс. Менің жеке ойым, әр уақытта қарама-қарсы ұғымдардың пайдалы, тиімді, әрі мәселені шешуге лайықты тұстарын ескерген жөн. Мәселен, оқушы ата-анасы берген ақшаны қайда жұмсарын білмесе, оған кеңес беру керек. Оларды жетелеп рухани ордаларға, яғни театр, мұражай, кітапхана секілді қоғамдық орталарға саяхат жасауларына көмектесу керек деп ойлаймын. Сондай-ақ, сыныптың ішін оқушының жасына сай қызықты деректкермен жасақтап қою керек. Мәселен, химия кабинеті болса, онда еліміз немесе облысымыз бойынша химия пәнінен жаңалық ашып, биік жетістіктерге жеткен оқушының суретін мен дерегін іліп, үлгі ету қажет. Егер, сол пәннің ғалымдарының суреті ілінсе, ол ғұламалардың қарапайым білім алу жолымен, тарихта қалғандығын насихаттау керек. Сонда ғана оқушы, өз арманындағы биік мақсаттарға, тек оқу арқылы жетуге болатындығына сеніп, білімге деген ынтасы ашылады. Демек, оқушының тәрбиесіне сынып ішінің орынды безендірілуі, тақырыпқа сай жасақталуы зор үлес қосады. Кейбір сыныптарда ғылымның күрделі тілімен баяндалған деректер ілініп тұрады. Шыны керек, кітаптарымыз да, тапсырмаларымыз да, тіпті кейде күнделікті сабақ беру жоспарларымыз да қарапайым, жалпақ тілмен баяндалмай жатады. Біз 5-сыныптың оқушысына ғылымның тілімен сабақ үйретеміз деп, олардың бойына білімнің нәрін сіңдіре алмай жатамыз. Өйткені, бұл, кейде оқушы түгілі, өзімізге тым ауыр екені байқалады. Сонымен қоса, сынып сағаттарында, жиналыстарда тәрбие жұмыстарын ғаламторлық тілмен баяндауды доғару қажет. Керісінше, сол ғаламтордан оқушы мейірімін, адамгершілігін қалыптастыратын бейне материалдарды көрсетіп, соны жалпақ тілмен, күнделікті мысалмен түсіндіріп, санасын ояту заманауи тәрбиедегі негізі талаптардың бірі. Осының жалғасы ретінде, әр бір түсіндірген рухани дүниені әртістік шеберлікпен баяндау да қазргі тәрбиедегі сұранысқа ие қасиет деп ойлаймын. Себебі, бүгінгі оқушылардың психологиялық өзгеруі де жылдам, әрі түсініксіз. Ал, оның барлығы мектептегі білім алатын 5 сағат уақытынан бөлек, 19 сағат бойы отбасында өтетін тәрбиеге байланысты. Оқушы санасындағы ұядан көргеннің әсері, мектепке келгенде жалғасын табады. Бұл жағдайды сынып жетекшісі бірінші анықтап, анау оқушыға анасындай қамқорлық танытса, кейін барлық жағдайды ата-анасына баяндаса қазір болып жатырған, естіп-біліп жүрген көп кеселдің, келеңсіз жағдайлардың алдын алар едік. «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» балаларды тәрбиелеу үшін қырағы, әрі жан-жақты болу сынып жетекшінің басты қасиеті және міндеті.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)