400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым» тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанымыздың ертеңі саналатын жас ұрпақтарымыздың саналы да, салауатты, жарқын өмір сүрулеріне жол ашып, бағыт сілтейтін, ақылына-ақыл қосып демеу көрсететін басты тұлға – тәрбиеші. Мен өзімнің тәрбиешілік қызметімді атқару барысында алдыма мақсаттар мен міндеттер жүктеп, соларды жүзеге асыру үшін әр оқушыны тұлға ретінде танып, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ізгілік қарым-қатынас жасау үстінде, рухани тәрбие беруді, әрбір оқушының құқығын қорғап, танымдық белсенділігін дамытуды көздеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым» тақырыбында эссе

«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет»

Мұхтар Әуезов


Отанымыздың ертеңі саналатын жас ұрпақтарымыздың саналы да, салауатты, жарқын өмір сүрулеріне жол ашып, бағыт сілтейтін, ақылына-ақыл қосып демеу көрсететін басты тұлға – тәрбиеші. Мен өзімнің тәрбиешілік қызметімді атқару барысында алдыма мақсаттар мен міндеттер жүктеп, соларды жүзеге асыру үшін әр оқушыны тұлға ретінде танып, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ізгілік қарым-қатынас жасау үстінде, рухани тәрбие беруді, әрбір оқушының құқығын қорғап, танымдық белсенділігін дамытуды көздеймін.

Біздер, мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.

Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар – тарапқа жетелеуші, тәрбиелеуші.

Сондықтан да кез-келген мұғалім, оқушының жан-дүниесін жете танып, онымен сырласа да, мұңдаса білсе нұр үстіне, нұр болары анық.

Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата-ана, жанұясымен жете танысып, үнемі қарым-қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін.

Жас ұрпақ батыл, төзімді, құрыштай шымыр, жігерлі боп ержетуге тиісті. Өйткені жастар Отанымыздың болашағы, үміті мен тірегі. Алайда, жеткіншектердің бойында жас кезінен еңбексүйгіштік пен адалдық, отбасы мен қоғам алдындағы парызын жете түсінушілік сезімдері қалыптаспаған, мұндай асыл қасиеттерді сәби кезінен зердеге түймеген жағдайда кейбір балалар жарқын өмірдің жалғасы болудың орнына қылмыстық істерге араласып, ата-аналары мемлекетке орны толмас өкініш әкеледі.

«Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі – ер мен әйелдің, әке мен шешенің бір-бірімен қарым-қатынасы» деп тамаша педагог – ұстаз В.А. Сухомлинский айтқандай, ата-анасы өз баласының тәрбиесі үшін қоғам, ел, халық алдында жауапты. Сондықтан да мен сыныбымның ата-анасымен тығыз байланыс орнатып, өз балаларының парасатты, білімді, мейірбан, табанды азамат болып өсуіне жағдай жасауларын кеңес етемін.

Кез-келген бала – үздік немесе нашар оқитын болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын – бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, кеңес беріп, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенімім зор. Оқушының жүрегінен өзіме деген сыйластықтың ізін салып, сүйіспеншіліктерімен, маған деген сенімділіктерін арттыра отырып, әр баламен жасына, басқа да қасиеттеріне қарамай достық, сыйластық қарым-қатынаста әңгімелесу арқылы жан күйзелісінен, мазалайтын ойлардан құтқара алатыныма сенемін.

Қазіргі таңда еуропалық үлгіге еліктеу кезінде, оқушыларымыздың сана-сезімін, ой-өрісін жат қылықтардан сақтап қалу үшін, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап ұлттық қасиетіміз бен қалыбымызды жоғалтпау жолында, жас ұрпаққа басты көмекші сынып жетекші екенін жақсы білемін. Осы жолда оқушылардың әрбір қадамдарын тәрбиелі түрде, болашаққа сеніммен қараулары үшін түрлі мектептен тыс іс-шараларды өткіземін. Өйткені қазіргі таңда тәрбие берудің жалпы ажырамас бөлігін мектептен тыс жұмыстар құрайды. Олар жан-жақты дамытуға, бос уақытты ақылға қонымды, өмірге пайдалы етіп, одан сабақ алып, өзінің қажеттелігіне жарата білуге ұйымдастыруға септігін тигізеді.

Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды, болашағын ерте болжап қандай адам боламын, кім боламын? сұрағын алдына қоя отырып, өзінің қабілеттілігін көрсете алады. Бірі сурет салса, бірі би билеп, өлең айтып, бірі оқуға деген ынтасын, дарындылығын көрсетеді. Осындай қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамуына көмек көрсетіп, қол ұшын беру менің парызым. Ол үшін пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болып, әрдайым пікір алысып отырамын.

Алдымыздағы әр бала сәнделіп боялған көз жауын алатын құмыра іспеттес. Байқаусызда сынған құмыраны қайта жөндеп, қалпына келтіре алуым мүмкін емес. Сондықтан да сыныбымдағы оқушылардың жанына жара салып, жүрегіне сызат түсіретін әрекеттерден аулақ болып, оларға сенім артып, сырласа отырып, өз адами қасиеттерін, құндылықтарын жоғалтпай сақтап, өмірде алға қойған мақсаттары мен асқар биік асудай армандарына жету жолында менен тиер көмекті аямай, жақсылық жолына жету үшін, жамандықпен бірге күресіп, бар қиындықты жеңуге жол табамыз.

Халқымыздың бойына сіңген үлкенді сыйлау, алдын кеспеу, әке тұрып – ұл сөйлемеу, шеше тұрып – қыз сөйлемеу қағидасынан алыстап кеткен қазіргі заманда, халықтың рухани құндылықтарының ақпараттар ағынымен жан –жақтан еніп жатқан жат түсініктертасқынында жоғалып кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімінің беріктігі мен тәрбиесінің беріктігі ауадай қажет. Әр оқушыны өз әрекетіне есеп беріп, өзі қорытынды жасап, жамандық пен жақсылықты айырып, кіммен дос болу, кімнен аулақ болу, неден жиіркену керектігін пайымдай білуге баулу қазіргі заман талабының бірі болып отыр. Мен сынып жетекші ретінде оқушыға күнделікті уақыт бөліп, онымен пікірлесіп, көңіл-күйіне қарап, немен шұғылданып жүр, неге қиналып жүргенін, қандай балалармен араласып жүргенін, бос уақытында не істейтінін біліп жүруді әдетке айналдырамын.

Аумалы, төкпелі заманда жас ұрпақты тәрбиелеудің шешуші факторының бірі – қоршаған орта. Өскелең ұрпақтың әлеуметтік жағдай, олардың тәрбиесінің назардан тыс қалуы құқық бұзушылыққа жетелейді. Сыныбымдағы әр оқушының мектепте, қоғамдық орындарда бірге жүретін достарына дейін зерттеп, танып-біліп отырамын

Ұлы жазушы М.Әуезов «Ұлт боламын десең – бесігіңді түзе» деген ғой, сол арқылы қаламгер тәрбиенің тәлімді болуын алға тартады. Бізге жүктелген қарыз бен парыз ұрпақты өрелі етіп шығару. Басты мәселе оларды жан-жақты дамыған тұлға дәрежесінде тәрбиелеу. Ел алдындағы жауапкершілігін ұғындыру, өзін-өзі тануына жол ашу.

Дүниенің сәні, елдің көркі – бала жүрегін әрқашанда жылылық нәрімен шуақ шаша қарсы алсақ, қандай бала болмасын, күн сәулесіндей жарқын күлкісімен болашақтың «алтын кілтін» өз тәрбиелік бейнесімен аша алады. Осылай боларына мен әрқашанда сенім білдіремін

Менің ұстаздық жолдағы орындалар бақытым - әр баланың ұлттық құндылықтарды бойына жинай біліп, Отанын мақтар етер азамат етіп шығуы деп сенемін. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға».













3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі