Тәрбиеленушілердің қауіпсіздік ережелері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбиеленушілердің қауіпсіздік ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы қауіпсіздік ережелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЕҢБЕК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ



Балабақшаның топтары мен учаскелерінде баланың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасалуы керек:

- балалар пайдаланатын үстелдер, орындықтар, басқа да жиһаздар мен жабдықтар олардың өсу көрсеткіштеріне (бойларына) сәйкес келуі керек;

- барлық шкафтар мен сөрелер мықты бекітілуі керек. Жабдықтар, материалдар, керек-жарақтар құлау мүмкіндігін болдырмайтындай, олардың толық қауіпсіздігі мен беріктігін ескере отырып орнатылуы тиіс;

- балалардың дербес еңбек әрекетінде пайдаланылатын құралдарды биіктігі баланың көз деңгейінен аспайтын сөрелерде және шкафтарда орналастыру қажет;

- аквариумдар, тордағы жануарлар және табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері бала еденде тұрып оларға күтім жасай алатындай етіп орналастырылады; өсімдіктерді суару кезінде балалардың киіміне, жеңдеріне су ағып кетпеуі үшін су құйғышты кеудесінің деңгейінен төмен ұстауы керек.

Құралдарды қолданумен байланысты балалардың кез-келген еңбек әрекеті тек педагогтің тікелей бақылауымен жүзеге асырылады.

Балалардың қолдан бұйымдар жасауы үшін табиғи, қалдық және басқа материалдарды таңдағанда, тәрбиеші үнемі олардың қауіпсіздігін ескеруі тиіс, өткір, кесетін шөптерді, улы жидектерді, саңырауқұлақтар мен өсімдіктерді, қатты сымды, сынған шыныны, күкірті бар сіріңке шилерін және т. б.алмауы қажет.

Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың тиімділігін, сонымен қатар қолдан қандай бұйымдар жасауға болатынын ойластырып, толық аяқталмаған балалар жұмыстарының көп жиналуын болдырмау керек.

Асхана және табиғат бұрышы бойынша міндеттермен байланысты тапсырмаларды орындау кезінде балалар ас блогына тек қана ересекпен бірге бара алады; балалардың ыстық тамақты, суды және басқа да ыстық заттарды алып жүруіне қатаң тыйым салынады.

Балаларды инфекция жұқтыру қаупі бар жұмысқа тартуға қатаң тыйым салынады (унитаздарды жинау, кір киім-кешектерді, тұрмыстық қалдық заттарды жинау және т. б.).

Балаларды от жағуға, құрғақ жапырақтар мен қоқыстарды жағуға тартуға болмайды. Барлық жабдықтар, құралдар мен материалдар ұқыпты, ыңғайлы орналастырылуы, таза және жабық ыдыстарда жарамды күйде сақталуы тиіс.

Тәрбиеші балалардың еңбек әрекеті үшін қажетті жағдайлар жасайды, оларға әртүрлі материалдар мен құралдармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді, балалардың еңбек әрекеті процесінде мінез-құлық ережелерін меңгеруін және орындалуын қамтамасыз етеді.

Балалар мынадай талаптарды білуі және қатаң сақтауы керек:

- тапсырылған жұмысты тек осы еңбек түрі үшін бөлінген орындарда ғана орындау;

- жұмысқа кіріспес бұрын алжапқыш пен басқа да арнайы киім кию, жеңді түру және қолды жуу, қажет болса, шашты жинау;

- берілген тапсырмаға сәйкес жұмыс орнын дайындау: қажетті материалдар мен құралдарды ұқыпты, ыңғайлы және ретімен орналастыру, олардың жұмыс істеуге жарамды екеніне көз жеткізу;

- еңбек әрекеті кезінде үнемі өзінің жұмыс орнында тазалық сақтау, оның қоқыстануына жол бермеу;

- тәрбиеші көрсеткен ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып, құралдар-жабдықтарды тек олардың тікелей міндеті бойынша пайдалану.

Дербес әрекет үшін қажетті құралдарды тек тәрбиешінің рұқсатымен алуға болады; - алаңдамай, мұқият жұмыс істеу, қолындағы құралдармен жүрмеу және басқа балаларға кедергі жасамау; - жұмыс аяқталғаннан кейін құрал-жабдықтардың жай-күйін тексеру, оны тазарту, орналастыру және жинау.

Жұмыс орнын сыпырғыштың, щетканың және дымқыл шүберектің көмегімен ретке келтіру керек. Содан кейін қолды мұқият жуу, жұмыс киімдерін жинау, киімді түзету; - шамалы жарақат алған, денесі көгеріп немесе қолын жырып кеткен жағдайда дереу тәрбиешіге айту.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2024
271
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі