ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Тақырып бойынша 28 материал табылды

ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
"ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ" атты мақалам мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы, Семей қаласы

21 жалпы орта білім беретін

мектептің шағын орталық тәрбиешісі

Серикова Айгул Сериковна


ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Тәрбиеленушілердің білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда таным процестерін жүйеге келлтіру абзал. Танымдық құзыреттілікті қалыптастырудың бағыттары:

түсіндіру, суреттеу, «ойын» технологиясы арқылы оқыту.

оқыту принципі, әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып білім беру.

сабақтан тыс өткізілетін шаралар, жекелей жұмыстар, қосымша үйірмелер арқылы әрі қарай дамыту.

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», – деген.

Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-рухани, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байлаысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардың қалыптастыру мүмкіндігі анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыретттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасыз құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:

  • «құзыреттілік» ұғымым тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықлың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды:

  • құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;

  • құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында қалыптасады.

Мектепке дейінгі мекемедегі баланың танымдық құзыреттілігін дамытуда біртұтас кеңістікті қолдану керек. Яғни, балаларды жан-жақты, барлық танымдық қасиеттерді дамытуымыз керек. Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады. Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиеші баланы жігерлендіруші, жол көрсетуші, қуат беруші болып табылады.

Баланың танымдық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз - баланы ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі баладан шығармашылық-танымдық қабілетті талап етпестен бұрын, оны соған үйреткен жөн.

Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күннен қалыптаса бастайды. Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Өмірді танып білу, әдетте, оқып – үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады.Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамыту» бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:

Ойын – тапсырмаларын орындау барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы баланың өз мүмкіндіктері дамып жетіледі.

Оқу әрекетінде бала өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздеп, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Тілдік тапсырмаларды орындау барысында сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс – әрекетіне шығармашылықпен кіріседі.

Бейнелеу іс- әрекетінде зат пен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қиялының дамуына септігін тигізеді.

Музыкалық іс - әрекетте баланың жеке басын жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбие, дене тәрбиелерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі.

Баланың бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық дамиды. Баланың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор болмақ.

Баланың танымдық қабілетін дамыту мәселесін талдау шығармашылық – «белсенділік», «әрекет», «қабілет» ұғымдарының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.

Белсенділік дегеніміз – адамның қажеттілігінен, көзқарасынан, мақсаттарынан туындайтын қоршаған ортаны өзгерте білу қабілеті. Белсенділік объективті қажеттілік бар жерде жақсы қалыптасады. Сондықтан педагогтар балалардың шығармашылық әрекеттерін басып тастамай оған дер кезінде көмек көрсетулері керек. Бұл баланың түсінуі, есте сақтауы, білімін қайта жаңғыртуы, үлгі бойынша қолдана алуы. Әсер ету әрекетін ұйымдастыруда оқытудың түсіндірмелі - иллюстративті әдісі қолданылады. Бұл баланың әсер ету белсенділігін қамтамасыз етеді.

Тәрбиелнушілердің таным қабілеттерін дамытуда ойын технологиясын тиімді пайдаланудың маңыы зор.

«Сөздер тізбегі» ойыны

Мақсаты: балаларды мағынасы біріктіретін сөздерді таңдауға үйрету,олардыбір-бірімендұрысүйлестіру,қиялдыдамыту.

Шарты: Тәрбиеші балаларға көпсөздерден тұратын пойыз тіркесін құрауды ұсынады. Тіркестегі әр сөз ол пойыздың вагоны. Тіркестегі әр сөз вагон секілді қасындағы келесі сөз бен байланысып тұруы тиіс. Балаларды пойыз вагондары секілді бір қатарға тұрғызады. Қатарда бірінші тұрған ойыншы ойынды бастайды:

Салқын болатын қандай заттар бар? Келесіойыншы заттарды атап, жалғастырады.

Ойын соңғы ойыншыға жеткенгедейінжалғасады.

«Сиқырлы суреттер» ойыны

Мақсаты: Балалардың танымын, қиялдарын, олардың салған сызықтарында суреттерді табуарқылы ойлауды дамыту.

Шарты: Балалар көздерін жұмып, әдемі әуен тыңдай отырып, алдарындағы ақ қағазға фломастермен сызықтар жүргізеді. Әуен тоқтағанда, мұғалім балаларға өздерінің салған суреттеріне назар аудартып, ондағы бейнелердің неге ұқсайтынын сұрайды. Суретті толықтырып салып, ояудыталап етеді. Тапсырма соңында суретте не бейнеленгенін ағылшын тілінде атауға балаға көмектеседі. Бала жаңа сөзді қайталап жаттайды.

«Жұбын тап» ойыны

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту,ойлауқабілеттеріндамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

«Өз үйіңді тап» ойыны

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.

Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсінатау.

Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2024
212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі