Тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуде менің ұстанымым.
Болашағына жоспар құрмайтын жан жоқ шығар?! Себебі, өмір-құпиясы мен қызығы, қиындығы қатар тұратын тылсым дүние. Заманның дамуына қарай жас Қазақстан тек алға жылжуда. Еліміздің болашағы-балалар. Білімді ұрпақ тәрбиелеу білікті, шебер педагогтың қолында. Педагог ғылыми ізденіс пен тәжірибені қатар ұстайтын іскер жан болуы керек.
Заман талабы педагогтың алдына үлкен міндет қояды, оны арқалау оңай емес. Ең алдымен педагогтың өзі терең ойлай білетін, сын тұрғысынан пайымдап, бағалай алатын, ойы жүйрік, қыран құстай қырағы болуы керек деп ойлаймын. Өзінің тәрбиеленушілерін заман талабына сай озық ойлы шәкірт деңгейіне жетелеу үшін бар күш-жігерін, білімін сарп етуі тиіс. Егер педагогтың деңгейі тереңінен ойлауға жетпесе, онда бала қайдан ол деңгейге баспалдақ табады? Педагогтың әр сабаққа дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті ұйымдастырылған іс-әрекеттер қызықты, қолданатын әдіс-тәсілдер, технологиялар, ойындар баланың қызығушылығын артыратын, баланың жас ерекшеліетеріне сай болу керек. Ол үшін ерінбей ізденіп, талмай еңбектенсек, алтын ұядан қанаты талмайтын, биікке, тек алға самғайтын шәкірттерді ұшыра аламыз! «Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкіртінің жеңісі»,-демекші біз осындай шәкірттерді тәрбиелесек, ол-біздің еңбегіміздің еш кетпегендігінің белгісі.
Педагог мамандығының мәртебесін көтеру өте маңызды. Өз мамандығын сүйетін, тәрбиеленушілердің жүрегіне жол таба алатын педагог ғана табандылық танытып, биіктерге өрлей алады. Ұстаздық жолға бет бұрған соң, оның міндетін түсініп алу өте маңызды. Бұл мамандыққа үстіртін қарауға болмайды, дегенмен бұл мамандыққа өз қалауымен келмеген педагогтар да баршылық. Ол-үлкен қателік! Өмірде дұрыс бағыт таңдау өзіңнің де өзгенің де болашағы үшін өте маңызды. Ұстаздық-дара жол, даңғыл жол! Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі ізденімпаздылықты талап етеді. Ұстаздың да ұстазы бар! Өз кәсібін сүйетін адам ғана өз ісінің шебері болмақ!
Өз ойымды Сенеканың «Егер адам қандай айлаққа жолға шыққанын білмесе, онда оған бірден-бір жел көмектесе алмайды» деген сөзімен аяқтағым келеді. Нық сеніммен айта аламын. Мен-өз мамандығымды сүйетін, қандай қиыншылығы болса да төзетін, қадірін жете түсіне алатын және еш уақытта бұл мамандықтан бас тартпайтын кемеңгер Ұстазбын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуде менің ұстанымым.
Тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуде менің ұстанымым.
Тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуде менің ұстанымым.
Болашағына жоспар құрмайтын жан жоқ шығар?! Себебі, өмір-құпиясы мен қызығы, қиындығы қатар тұратын тылсым дүние. Заманның дамуына қарай жас Қазақстан тек алға жылжуда. Еліміздің болашағы-балалар. Білімді ұрпақ тәрбиелеу білікті, шебер педагогтың қолында. Педагог ғылыми ізденіс пен тәжірибені қатар ұстайтын іскер жан болуы керек.
Заман талабы педагогтың алдына үлкен міндет қояды, оны арқалау оңай емес. Ең алдымен педагогтың өзі терең ойлай білетін, сын тұрғысынан пайымдап, бағалай алатын, ойы жүйрік, қыран құстай қырағы болуы керек деп ойлаймын. Өзінің тәрбиеленушілерін заман талабына сай озық ойлы шәкірт деңгейіне жетелеу үшін бар күш-жігерін, білімін сарп етуі тиіс. Егер педагогтың деңгейі тереңінен ойлауға жетпесе, онда бала қайдан ол деңгейге баспалдақ табады? Педагогтың әр сабаққа дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті ұйымдастырылған іс-әрекеттер қызықты, қолданатын әдіс-тәсілдер, технологиялар, ойындар баланың қызығушылығын артыратын, баланың жас ерекшеліетеріне сай болу керек. Ол үшін ерінбей ізденіп, талмай еңбектенсек, алтын ұядан қанаты талмайтын, биікке, тек алға самғайтын шәкірттерді ұшыра аламыз! «Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкіртінің жеңісі»,-демекші біз осындай шәкірттерді тәрбиелесек, ол-біздің еңбегіміздің еш кетпегендігінің белгісі.
Педагог мамандығының мәртебесін көтеру өте маңызды. Өз мамандығын сүйетін, тәрбиеленушілердің жүрегіне жол таба алатын педагог ғана табандылық танытып, биіктерге өрлей алады. Ұстаздық жолға бет бұрған соң, оның міндетін түсініп алу өте маңызды. Бұл мамандыққа үстіртін қарауға болмайды, дегенмен бұл мамандыққа өз қалауымен келмеген педагогтар да баршылық. Ол-үлкен қателік! Өмірде дұрыс бағыт таңдау өзіңнің де өзгенің де болашағы үшін өте маңызды. Ұстаздық-дара жол, даңғыл жол! Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі ізденімпаздылықты талап етеді. Ұстаздың да ұстазы бар! Өз кәсібін сүйетін адам ғана өз ісінің шебері болмақ!
Өз ойымды Сенеканың «Егер адам қандай айлаққа жолға шыққанын білмесе, онда оған бірден-бір жел көмектесе алмайды» деген сөзімен аяқтағым келеді. Нық сеніммен айта аламын. Мен-өз мамандығымды сүйетін, қандай қиыншылығы болса да төзетін, қадірін жете түсіне алатын және еш уақытта бұл мамандықтан бас тартпайтын кемеңгер Ұстазбын!
шағым қалдыра аласыз













