№12
бөбекжай-бақшасы
«Тәрбиелі ұл-абыройлы
әке»
әкелер
сайысы
Тәрбиеші: Жолекенова
Л.Қ
2018
жыл
Тақырыбы:
Тәрбиелі ұл-абыройлы
әке.
Мақсаты:
Отбасы- шағын мемлекет екенін
түсіндіру.Отбасындағы әкенің ролі, тәлім-тәрбиесінің маңызы туралы
айта отырып ұлтжанды, мықты, батыр , тәрбиелі, саналы тұлға
қалыптастыру.
Кіріспе
бөлім: әдемі безендірілген залға балалар әуен
ырғағымен кіреді.
Тәрбиеші:
Ата-бабамыз бала тәрбиесіне ешқашан да
бей-жай қарамаған. Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы,
елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде
әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге,
салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін
болған.
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің
іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы
әке.
Олай болса «Тәрбиелі
ұл-абыройлы әке» сайысына қош келдіңіздер дей отырып ортаға сайысқа
қатысушы әкелерімізбен олардың балаларын
шақырамыз.
1-ші
номерлі:
2-ші
нөмерлі:
3-ші
номерлі:
Біздің сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін
әділ қазылар алқасымен
таныстырайын.
-
бөбекжай-бақшаның меңгеруші: Динара
Кәдірханқызы.
-
әдіскер: Света
Жайшылыққызы.
-
психолог: Сания
Жалғасбайқызы.
Сайыс шарттарымен таныстырып
өтейін:
1.Таныстыру.
2. «Мақалды жалғастыр» ережесі: берілген
мақалдың жалғасын табу.
3. «Көп шар» ережесі: 2минут уақытта бірнеше
шар үрлеп жіпсіз байлау, әкесі мен баласы
бірге.
4.«Балабақшаға жиналдық» ережесі: 2минут
ішінде бірнеше баланы
киіндіру.
Сайысымыздың
1-ші шарты
таныстыру, ортаға:
1-ші сайскерімізді
шақырамыз
2-ші
сайыскеріміз
3-ші
сайыскеріміз
1-ші сайысымыздың бағасын
сұрайық.
Отбасының мәдени-рухани, материалдық жағынан
құлдырамай, мықты болуы -әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың
иесі болып табылатын да – әке, олай болса, әкелерімізді ортаға
шақырып 2-ші сайысымызды
бастайық:
«Мақалды
жалғастыр».
2-ші сайысымыздың бағасын
сұрайық.
Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ата-ананың
ұрпағын жалғастырушы, әлсіздерге пана, еліне қорған. Олардың
мойындарына артылған жүк те ауыр. Ер балаларымыз әкесіне қалай
көмектеседі екен? 3-ші
сайысымыз: «Көп
шар», ортаға сайысқа қатысушыларды
шақырайық.
3-ші сайысымыздың бағасын
сұрайық.
Әділ-қазылар алқасы қорытынды бағаны
шығарғанша барлығымыз бірге «Қара жорға» биін билейік. Әкелер мен
балалары бар өнерін салып көрермендер көңілінен шығып билеу
қажет.
Әділ-қазылар алқасына сөз кезегін
берейік.
Қорытынды:
Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын
қалайды. Ұл бала әкесін үлгі тұтады. Әкенің мінез-құлқына қарап
өседі. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі
немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден
шыққан ғой деп мақтайды. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін
тәрбиелейміз»деген , демек, алдымен жанұя жағдайы, онда қалыптасқан
татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы
мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері арта берсін деп
сайысымызды аяқтаймыз.
РАХМЕТ!
«Ең жүйрік, ең білімді , ең мықты»
номинациялар.
Анаң — күнің,
жүрегің,
Әкең — өмір тірегің.
Сен — бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең — асыл ардағың,
Атаң — дана қорғаның.
Сен — бақытты ұлансың,
Бәрі соған қуансың!
Ағаң — қамқор
асқарың,
Інің — мөлдір аспаның
Сен — бақытты
ұлансың,
Бәрі соған қуансың!
Қарындасың —
қанатың,
Ел-Отаның —
жаннатың.
Сен — бақытты
ұлансың,
Бәрі соған
қуансың!
Атам не айтсам
көнетін,
Апам көңіл
бөлетін.
Мен осы үйдің
кенжесі,
Бәрі жақсы
көретін.
Әкеден-ақыл,
анадан-мейір.
Әке көрген оқ жонар, шеше
көрген тон пішер.
Әке- асқар тау, ана-
етегіндегі бұлақ, бала-жағасындағы
құрақ.
Ерді намыс өлтіреді, қоянды
қамыс өлтіреді.
Ағасы бардың- жағасы бар,
інісі бардың- тынысы бар.
Атадан ұл туса игі, ата жолын
қуса игі.