«Алғыс
айту-парызым!»
Мақсаты:
Оқушылардың
«Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы
түсінік беру үлкен кішіге деген
сүйіспеншілігін,әдептілікке,кішіпейілділікке
тәрбиелеу.
1.Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлеметсіздерме оқушылар, бүгін ерекше
күн! Бүгін қандай күн, оқушылар? Қалай
ойлайсыңдар? 1-наурыз Алғыс айту күні
болып белгіленді. 1-науырыз бір-бірімізге
алғыс айтуымыз керек.
Барысы:
Мемлекеттік гимн орындалады. 2016 жылы
14 қаңтарда Қазақстан Республикасының
През. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылған күні 1 науырыз
елімізде Алғыс айту күні деп жариялап,№
173 жарлыққа қол қойылды.Қазақстан халқы
2016жылы түңғыш рет Алғыс айту күнін атап
өтті.
Алғыс
адамның адамға жасаған жақсылығы,көмегі,көңілі
үшін ризашылық білдіруі сондай ақ оның
ойы мен і с-әрекетіне,жасаған істеріне
жоғары баға беру.Алғыс айту күнін-Қазақстан
халқы мәңгілікке біріктіруге бағытталған
«Мәнгілік ел жалпыұлттың патриоттық
идеясының,қазақстандық бірегейліктің
негізгі арқауы.Еліміздегі барлық ұлт
пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырған
Қазақстан халқы Ассамблиясының күні.
Сонымен
рахметке лайықты есімдер?
Тізімді
бірге құрайтың бастысы алғыс айта білу.
Анаға-өмір
сыйлағаны үшін рахмет
Әкеге-қорғаны
болған үшін рахмет
Күнге-шуағы
мен назары үшін рахмет
Әжеге-ыстық
алақаны үшін рахмет
Суға-тіршілік
көзі болған үшін рахмет
Отқа-жылулығы
үшін рахмет
Қаны
оқушылар,Алғыс айту дегеніміз не?
Бір-бірімізге алғыс айтып
көрейік.Әңгімелесу-Алғыс дегенді қалай
түсінесіндер? Адам өзінің ризашылығын,алғысым
қандай сөздермен білдірді? Сендерге
кім қандай жағдайда алғыс айтты? Өздерің
қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардын жауаптары тындалады.
1.Топ.Үйге
келген қонақтарды күтіп алу сәтін
сахналау.
2.Топ.
Сыныптағы бір оқушының бүгінгі туған
күнімен құтықтау сәтін сахналау.
«Өмірге
риза болып,алғыс айт» Адам өз ісіне
қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық
сезімге бөленеді.
Қорытынды:
Оқушылар, жылы сөз қайырымды іс,жақсы
ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен
ешқашан аямаңдар. «Рахмет» деген қасиетті
сөзді жиі айтындар. Адам алғыс пен
ризашылықты естіген сайын, жақсылық
жасағысы келіп тұратынынң есте сақтаңдар.
Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге
үйреніңдер және табиғат Анаға мейірімді
күні үшін,көңілді жаңбыры мен ақ қары
үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін жақын
адамдарға қайырымдылығы мен риясыз
махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпандар.