15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиелік іс-шара: "Ар - намысым мақтанышым Желтоқсан" 3 сынып
Бастауыш сыныптар арасында өткен іс-шараның тақырыбы: «Ар- намысым, мақтанышым- Желтоқсан!»
Сабақтың барысы:
Үнтаспадан Қазақстан Республикасының әнұраны ойналып, барлығы әнұран тыңдайды.
1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын!
2-жүргізуші: 16- декабря – у нас большой праздник. День Независимости нашей Родины. Поздравляем Вас с этим праздником!
1-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін мектеп әкімшілігіне береміз.
2-жүргізуші: Слово для поздравления предоставляется администрации школы.
-
Жалғасып соғыс өтті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті.
Мың жылдық күрестердің арқасында.
2.Жаңғырды халқымыздың мың өшкені.
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері
Ел үшін мәңгілікке жалғасады
Ақыл-ой, ар- намыстың күрестері.
1-жүргізуші: «Отаным- тірегім» әні. 3 «б» сыныптың орындауында. «Туған жер» әні.
2-жургізуші: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата-бабаларымыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп,талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.
2-жүргізуші: Этой независимости наш народ достиг с большими усилиями, немало пришлось пережить исторических событий. А теперь мы хотим показать сюжет про декабрьское событие.
1-ші жүргізуші: келесі кезекте «Желтоқсан оқиғасынан» көрініс.
Сахналық көрініс: (3 «а»-4«а») оқушылары.
1-ші жүргізуші: Қайрат Рұсқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаев сынды аға- апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. Олардың Отан сүйгіштігі, ерен ерлігі біздің, біздің ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады.
Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық..1 минут үнсіздік.
« Қазақстан» әні 3 «а» сынып оқушылары.
1-ші жүргізуші: 1991 жылы ақ түйенің қарны жарылып, қазақ халқының қолы тәуелсіздікке жетіп, шаттыққа бөленді. Ел өмірі түгелімен өзгеріп дамудың жаңа жолдарына көшті.
2-ші жүргізуші: В 1991 году настал долгажданный день. Наша Республика наконец получила свою независимость.
Тақпақтар: (3 «а» сынып)
1. Дауылға желтоқсанның желі ойналды.
Ашуға Алатау мінді кәрі, айбарлы.
Күтпеген іс ақыры не болар деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
2.Тәуелсіздік- бұл менің Парасатым
Күншілмен де тіл тауып жарасатын
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен
Қазақтың шығаратын алаш атын.
Тәуелсіздік- Арымдай аңсар әнім
Тау- тасымдай аңсаған жан- самалын
Қазақтың қанына жат пиғылдарға
Қамығып қара судай қарсы ағамын.
3. Біз-қазақпыз!
Есігі ашық- төрі кең
Жылап өттік, жылдар өмір өрінен
Жетер енді, желпінейік, қарайық..
Мына өмірге иегердің көзімен.
4. Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
Ата- баба қанымен,
Келген бізге.
Тәуелсіздік құт болып,
Қонды еліме.
Қорғап сені өтетін
Өле- өлгенше,
Мақтанамын әлемге
Мен азатпын.
5.Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсанның өрендері ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілікке сақталады.
6.Егемендік- ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күйі
Егемендік деген сөздер естілер
Ата-жұрттың арғысы мен бергісі.
.
7.Өсер ұлдың қай істе де, білік болмақ қалауы.
Лаула, алула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар- намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
1-ші жүргізуші:Міне, тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болыпты. Осы жылдары біздің Қазақстан тамаша жетістіктерге қол жеткізді.Енді тәуелсіздік шежіресі парақтарын ашайық..
2-ші жүргізуші: 1991 жыл. 1- желтоқсан Қазақстан республикасының тұңғыш президенті болып Н.Назарбаев сайланды.
1-ші жүргізуші: 1991 жыл 16- желтоқсан Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық, заң қабылданды. 1992 жылы 4-маусымда Қазақстан республикасының елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
1 «а» сынып оқушылары:
1.Тәуелсідік жолында!
Талай, талай тер тамған.
Билігіміз қолында-
Еркіндігім- елтаңбам.
2.Құт, береке, шаңырақ.
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақты көмкерген.
3. Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
4.Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай өркендеп,
Бала өседі талапты.
3 «а»-4 «а» сынып оқушылары: «Елтаңбасы-елімнің» әні
1993жыл 15қарашада айналымға төл теңгеміз шықты..
1994 жыл. Ядролық қаруды тарату туралы келісім шартқа қол қойылды.
1995 жыл Қ.Р конституциясы- Ата Заңымыз қабылданды
1996 жыл Алматыда тәуелсіздік монументі ашылды.
1997 жыл Қ.Р тіл туралы заң қабылданды.
Туған тілім- бабам тілі- өз тілім (Назым)
1997 жыл Астана Ақмола қаласына көшірілді, ал 1998 жылы Ақмола «Астана» болып өзгертілді.
2 «б»- 3 «б» оқушылары: Астана туралы өлеңдер.
1999 жыл Тұңғыш санақ жүргізілді.
2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.
2001 жыл Қ.Р. Тәуелсіздігіне 10жыл толды.
«Отаным» әні 1«а», 1«б» сынып оқушылары.
2002 жыл. Білім жылы
2003 жыл. Денсаулық жылы
2004-2007 жыл. Ауыл жылы.
Хор: барлық сыныптар: «Отаным-Қазақстан»
1-ші жүргізуші. Қазақстан- ұлан далам.
Ұлы байтақ ұран далам,
Мол байлықтың мерейі бар
Жеңіс үнін ұрандаған.
2-ші жүргізуші: Казахстан, людям ты для счастья дан
Дети мы одной страны.
Мы друг- другу так нужны!
1-ші жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған әдеби кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
2-ші жүргізуші: До встречи, дорогие зрители!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген