400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Тәрбиелік іс-шара: Бастауышым – бал бұлағым!

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың бастауышта білім негізін қалаған бастауыш сыныбын, білім мен тәрбие берген ұстаздарын құрметтеп, білімге құштарлығын арттыру, алған білімдерін негізгі сатыда көрсете білуге бағыт беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бастауышым – бал бұлағым!

Мақсаты: оқушылардың бастауышта білім негізін қалаған бастауыш сыныбын, білім мен тәрбие берген ұстаздарын құрметтеп, білімге құштарлығын арттыру, алған білімдерін негізгі сатыда көрсете білуге бағыт беру.

-Көрнекіліктері: слайд, суреттер, әндер, билер.

Жүру барысы:

Ән. «Кел ,балалар, оқылық!»

Мұғалім:

- Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар. – деп 4 жыл бұрын алғашқы білім сабағы басталған еді. Мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балалар бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бүгін бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Ендеше біздің түлектерімізді ортаға шақырайық.

Сезімім менің сыныбымның басшысы

Талабы зор, таланты асқан бас қызы.

Ал Мұхаммет – жігіттердің төресі

Оқуда да, спортта да алдысы.

Нұрымым мен Назеркем бар өнерпаз.

Бөтагөзім, анелім менің әсемпаз

Мадиярым – жақсы істің басшысы

Құралайым жан-жақты, алғыр, білімпаз.

Әлия мен Дәмелі сурет салар әдемі.

Көмекей әнші Мұнарым

Ол бір бөлек шынарым.

Ильяс пен Ерсінге жұрт бағасын берсін де

Бокстан чемпион Ералым

Жеңістің орап жүр алдын

Раянам мен Дильназым

Дарынды менің шыңдарым

Биязы өскен Наргизім

Мағжаным ол да бір дарын

Аяжан мен Мәдиім

Асып тұрған сымбаттым

Амир менен Айданам

Олар да менің қымбаттым

Қылықты қызым Алима, оны жұрт тани ма?

Байлығымыз осылар

Барлығымыз – осылар.

Әлі-ақ көшке қосылар

Ел ертеңі осылар

Білімді боп көш алда

Жүретіндер де осылар

Мақтанышы қазақтың

Атанар да осылар

Еңбек етіп халқы үшін бата алар да осылар.

-ендеше, біз де өз ұстазымызды таныстырып өтейік.

  1. Әсел апай күн нұрындай шуақты.

  2. Тау суындай шаршамаайтын қуатты.

  3. Білім іздеп келген әрбір сәбидің.

  4. Көзін ашты ашылмаған бұлақтың.

  5. Адамдарға кешіріммен қарайтын.

  6. Жан-жылуы жылылық болып тарайтын.

  7. Ұстазыма шәкірт бола бергім келеді.

  8. Айналасын нұрлы күнге балайтын.

  9. Қызғалдақтар қырда тұнып

  10. Жайқалады ырғатылып

  11. Анамыздай мейірлі күн

  12. Аймалайды шыңда тұрып



  • Рахмет, балалар. Ендеше, бүгінгі мерекелік концертімізді бастайық.

Сезім: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Мұнар: Армысыздар әкелер - аналар!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!

Ерсін: Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
ХОР: ән «Мектебім»

Сезім: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Әлия: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Алима

Алғаш ұстаз үйреткен,

Әріптер мен сандарды.

Бір класта бір жүріп,

Біздер бірге оқимыз.

Дамель

Мәтін оқып кітаптан,

Суреттерді атаймыз.

Жұмыстардың әр түрін

Сыныпта біз жасаймыз.

Айдана

Асханаға барамыз,

Дәмді астан татамыз.

Тәтті шырын, ботқамен

Ауқаттанып аламыз.

Ильяс

Тазалықты сүйеміз,

Біз таза боп жүреміз.

Әр астан соң жуынып,

сыныпқа біз кіреміз.

Әнел

Қоңырауда шынығып,

Біз денені қыздырдық.

Бірге ойнап жүгіріп,

Қуанып біз шаттандық.

Алия

Қиындықтың барлығын

Татулық пен біліммен,

Достықпенен жеңуге

Әрқашанда дайынбыз.

Мұнар

Біздің сынып әдепті,

Бәріне көмек береді.

Біздің сынып әрқашан

Жетістікке жетеді.


Ботагоз

Біздің сынып қашанда

Алғашқы боп жүреді.

Мұғалімдер барлығы

Бізді мақтан етеді.











-Сезім: киелі шаңырағымыздың директоры, қалалық маслихаттың депутаты, «Құрмет» орденінің, мәртебелі директор медальінің иегері Тілеукенов Оралхан Рахимжановичке құттықтау сөз беріледі.

-Бастауыш сыныптардың оқу ісінің меңгерушісі – Капашева Айнур Кабидолдақызына құттықтау сөз беріледі.

Дильназ
Болам мен елімнің қыраны,
Көгімде көк туым, жыр әні.
Қадамым басталды жаңарып,
Бастауыш білімнің бұлағы. 
Сезім 
Бастауышым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын

Вальс.

Сезім: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен ол тілейді,
Тек сәттілік – шәкірттердің ертеңіңе.
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Орынбек ағай мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздерімнен.

Әлия:

- Иә, алғаш қолымызға қазағымыздың қара домбырасын ұстатып, күйдің қасиетін танытқан Орынбек ағамызға алғысымыз шексіз.

Домбырашылардың орындауында күйлер.

Дильназ:

Туған елім-Қазақстан  сүйікті  өлкем,

Мен сені әрқашанда  сүйіп  өтем

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің  туған  өлкем.

Ән. Жарқырай бер, елім.


Көрініс. 100 кітап жобасы.




- Әлия, сенің жақсы көретін сабағың қандай пәндер?

- Мен ..................... пәндерін қатты жақсы көріп оқимын.

  • Ал 5- сыныпта біз қандай пәндерді оқиды екенбіз?

  • Орта буында оқитын оқулықтардың өздері қонаққа келіпті. Оқулықтарды ортаға шақырып, өздерінен сұрайық.

Химия Наргиз

Химияның әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға көз ашып,
Танисыңдар табиғаттан ғажапты.

Геометрия Құралай

Мұнан басқа шыққан ғалым көптеген,
Ғылым туы осылайша көктеген.
Теориясын түзулердің параллель,
Шығыста алғаш әл-Жауһари зерттеген.

Дүбір шықса шын қас тұлпар тұра ма,
Біліп алғын мұны да сен сұра да.
Геометрия, тригонометрия саласын,
Өрістеткен әл-Фараби ғұлама.

Физика Әмір

Күнделікті тұрмыста  физика күші қажет-ақ,
Сағаттар да, телефон да ,пульттің өзі жүрмеуі хақ.
Егер дағы батарейдің орны оң- терісі ауысса,
Оқу керек физиканы ынта қойып қызыға.

Информатика Мұхаммет

Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Тарих Аяжан

Тарих деген түп қазығым тамырым 
Тамырыңды білу сенің парызым

Биология Мағжан
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

География Мадияр
Табиғатым, сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
География пәні бар– жер қыр- сырын зерттеген

Пәнді сүйсең саяхатшы боласың кемеңгер



Ән. Мұнар.



Сезім:

Біздің сыныптың қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық, қанеки, тартынбастан 

Би. Дореми



Әзіл қалжын жадыратар көңілді,

Нұрландырып жібереді өмірді.

Келіңіздер көріңіздер шаттана,

Ұсынамын кең құшақты төрімді-

дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып,тамаша күлкі сыйлайтын сыныптың квн командасын қошеметпен ортаға шақырайық!

КВН.



Сезім:

Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады,

Мың бұралған бишілердің өнері!

«Қазақ биі»

Би. Батырлар биі. Ұлы даланың 7 қыры.







  • «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз „Білекті бірді, білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр.
    Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар деп айтқан. Біз де 4 жыл ішінде пәндер бойынша алған білімімізді көрсетйік.

    Пәндер бойынша сұрақтар қою.

«НЕ үйрендік»

-Қымбатты қонақтар біз төрт жылда не үйрендік?

-Сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға.

-Сыни ойлауға, ойымызды жеткізуге

-Сыпайы сөйлеуге,үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға.

-Ұшқыр ойлауға,Жылдам есептеуге.

-Туған тілімді құрметтеп ,сол тілде сөйлеуге.

- Ағылшынша үйреніп, орыс тілін құрметтеуге

-Отанымды шексіз сүюге, оның рәміздері мен салт-дәстүрін құрметтеуге.

-Өз отбасымды, анамды –әкемді сыйлауға

-Өз мектебімді жақсы көріп, оның босағасын сыйлауға

- Аяулы ұстаздарым мен достарымды сыйлауды ҮЙРЕНДІК.

-Хормен:Бастауышпен қоштасып,

Төрт белестен асамыз.

Оқимыз, миға тоқимыз.

Ойын сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз.

Бастауышқа келіп тұрамыз.


Ән. Бастауыш мектеппен қоштасу.


Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

  • Нұрымның орындауында Ән. Мен қазақпын.


Әлия:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Сезім:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

-Олай болса, құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.


Қорытынды. Оқушыларды марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі