жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбиелік іс-шара Ертегілер әлемінде
Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Мектепке дейінгі жастағы
балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында қолданатын
вариативтік компонент
«Ертегілер әлемі» жинағы
Мектепалды даярлық
тобының
вариативтік компоненті:
«Ертегілер әлемі» бөлімінің
ж о с п а ры .
Сағат саны: 32
№ |
Тақырыбы: |
Ұйым-н ертегі қызметінің саны |
1 |
«Ақ тиін мен қасқыр»ертегісін (әңгімелеу) |
1 |
2 |
«Ақ тиін мен қасқыр» (бейнелеп салу) |
1 |
3 |
«Орман дәрігері»(әңгіме) |
1 |
4 |
«Қысқы баспана» (әңгімелеу) |
1 |
5 |
«Қысқы баспана» (сахналау) |
1 |
6 |
«Оқу құралдар хикаясы» (әңгімелеу) |
1 |
7 |
«Екі әтеш» ертегісін (әңгімелеу) |
1 |
8 |
«Екі әтеш» ертегісін (мүсіндеу) |
1 |
9 |
«Тышқан,ит және мысық»( әңгімелеу) |
1 |
10 |
«Тышқан,ит және мысық»( сурет салу) |
1 |
11 |
«Шалқан»ертегісін сахналау |
1 |
12 |
«Алты түлкі» (әңгімелеу) |
1 |
13 |
«Алты түлкі» (мүсіндеу) |
1 |
14 |
Түлкі мен қоян (әңгімелеу) |
1 |
15 |
Мақта қыз бен мысық (сахналау) |
1 |
16 |
Мақтаншақ қоян (сахналау) |
1 |
17 |
«Жеті лақ» (әңгімелеу) |
1 |
18 |
«Жеті лақ» (сурет салу) |
1 |
19 |
«Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай» (әңгімелеу) |
1 |
20 |
«Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай» (сурет салу) |
1 |
21 |
«Қызыл телпек» (әңгімелеу) |
1 |
22 |
«Қызыл телпек» (сахналау) |
1 |
23 |
«Бауырсақ» (мүсіндеу) |
1 |
24 |
«Жалқау үкі» (әңгімелеу) |
1 |
25 |
«Жалқау үкі» (мүсіндеу) |
1 |
26 |
«Үйшік» (әңгімелеу) |
1 |
27 |
«Үйшік» (сахналау) |
1 |
28 |
Екі көрші (әңгімелеу) |
1 |
29 |
Екі көрші |
1 |
30 |
Үш қыз (әңгімелеу) |
1 |
31 |
Үш қыз (сурет салу) |
1 |
32 |
«Жаңылтпаш айтып, жұмбақтар шешейік» |
1 |
Түсінік хат
«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы,
ақылы кеңейіп,құлқы түзеліп, тілі баю үшін,
жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе.
Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды.»
Мағжан Жұмабаев
Бүгінгі күні ертегі тыңдаушы көп-ақ, бірақ ертегінің майын тамызып, көңілді тұщындыра әңгімелейтін ертегі айтушылар аз.Ертегіні баланың құлағына алғаш жеткізіп, дәмін татқызатын ең алдымен ата-ана, ата-әже және ұстаздары болуы тиіс.Айналасындағының бәрін ертегідей қабылдаған баланың бойында өшпес ізгілік қалыптасады. атақты педагог Сухомлинский «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта — әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.», — дейді.
Жер бетіндегі барлық халық ертегілерінің мазмұны мен мақсаты бір деуге болады. Оның себебіҰлы Табиғат балалармен ертегі арқылы сөйлеседі, ертегі арқылы сырласады, ертегі арқылы өнеге, білім, тәрбие береді. Ертегілердің барлығы да бір-ақ тілде сөйлейді. Ертегі – баланы рухани- парасатқа тәриелеудің бірден-бір құралы.
Қай елдің ауызша әдебиет шығармаларын алсақ та, барлығында ертегі халықтық шығармалардың мол саласы екенін көреміз. Сол барлық елдер фольклорында "ертегі" деген атау әрі саны мол, әрі алуаны көп шығармалардың тобына арналған жинақты атау болады. Жалпы, барлық ертегілерге ортақ ерекшелік: бұлар қара сөзбен айтылатын оқиғалы көркем әңгіме. Ғажайып хал, қиял әңгімелер түрінде, немесе орасан оқиғалы қызғылықты әңгімелер ретінде құрылған ертегінің бәрі де негізінде шаруа кәсіппен, қоғамдық құрылыс тартыстармен, тарихпен байланысты боп келеді. Осы аталған қызғылықты әңгіменің бәрі-бәрі де ертегінің түрлеріне қосылады.
«Ақ тиін мен қасқыр»
Ертегі мазмұны: Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.Ақ тиін жалынып:
- Мені жеме, жібер? – дейді.- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін:
- Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді.
Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
- Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.
Тапсырма: Ақ тиін байқаусызда кімге жолығады?
Ақ тиінді сипаттап бер?
Қасқырды сипаттап бер?
Ертегі мазмұнын бейнелеп салайық.
Қырыққабат пен қияр
Ертегі мазмұны: Баяғы заманда қырыққабат пен қияр дос болыпты. Бір күні екі дос кун ыстықта суға түсуге барады. Өзен басына келгеннен кейін суға бірінші болып қияр шомылуға түседі. Ал қырыққабат болса киімдерін шешіп болғанша қас қарайып қалады. Ал досын күткен қияр суда жүріп тоңып, үсті бүршіктеніп кетеді. Содан бері қиярдың бүршіктері пайда болыпты деседі.
Тапсырма: Қырыққабат пен қияр қайда барады?
Қиярдың бүршіктері қалай пайда болыпты?
Ертегіні қағаз бетіне бейнелеп салайық.
«Ай неге жалаңаш қалды»
Ертегі мазмұны: Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да, көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен күні Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
-Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзімі жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
Тігінші: - иә, бұл жолы да дұрыс өлшемегем екен ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші қайтадан өлшеп, қайта пішіп, қайта көйлек тігуге кіріседі.
Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түндігінен асқанда келе жатқан топ-толық, өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен айды көреді. Не істерін білмей сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
«Екі әтеш»
Ертегі мазмұны: Аулада бір қора тауық, бір әтеш қыт-қыттап, өз тіршіліктерімен әбігер болып жүріпті. Түс ауа сырт жақтан бір әтеш қораға кіріп келіп, іштегі әтешке: «Мына мекиендер енді менің меншігім, сен қараңды батыр!» дейді. Екеуі бірін-бірі бас салып, таласа бастапты. Екеуі қатты таласыпты. Сырттан келкен әтеш жеңіп, жеңілген әтеш қашып отынның арасына кіріп кетіпті. Оның артынан тауықтар да отынның арасына кіріп кетіпті. Бәрі менен қорқып кетті деп ойлаған жеңімпаз әтеш, қоқиланып, отынның үстіне секіріп шығып:
«Қорықпаңдар, достарым,
Тасаланбай шығыңдар.
Нағыз ерді көріңдер,
Айтқанымды ұғыңдар.
Бұдан былай табжылмай,
Осы аулада тұрамын.
Кім ұқпаса сөзімді,
Соның басын жұламын.
Мен даңқты батырмын,
Жеңіп келе жатырмын...» деп озандата шырқай жөнеліпті.
Осы кезде аспаннан бір бүркіт келіп, жеңімпаз әтешті іле жөнеліпті. Бүркіт пен жеңімпаз әтештің қарасы үзілген соң, мекиендер де, жеңілген әтеш те отынның арасынан жайбырақат шыға келіпті. Әуелгісіндей тіршілік қарекетіне кірісіпті.
Жеңілген әтеш: «Бұл әтеш шынында мықты екен. Мен одан қашып отынға тығылдым, мекиендер бүркіттен қашып отынға тығылды. Отынға тығылу біздің қалыпты дағдымыз. Ол сырттан келгендіктен бұл дағдыны білмейді. Жеңгеніне масаттанып аспанға қараған жоқ, аспанға қараса ол сақтанар еді. Бір асқанған бір тосқан деген осы» депті.
Тапсырма: Екі әтеш не үшін керісті?
Сырттан келген әтештің ісі дұрыс па?
Әтеш пен мекиендерді ертегі мазсұны бойынша мүсіндеп көрейік.
«Тышқан, ит және мысық»
Ертегі мазмұны: Бір күні аулада күшік әндетіп ойнап жүреді. Бір кезде аяғына ағаштың жоңқасы кіріп кетеді. Ойбайлаған күшіктің даусын аулада жүрген мысық та естиді. Мысық: - «мияу, мияу» бұл кімсің? А, күшік екенсің ғой, не болды соншама айқайлап, - дейді.
Күшік: - «ав, ав», мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаштың жоңқасы кіріп кетті, маған көмектесші, аяғым ауырып тұр, - дейді.
Мысық: - жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Мен саған көмектесіп аяғыңдағы жоңқаны алсам, мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын «ля-ля-ля мияу-мияу» - дейді.
Кұшік: - мысық кешірші, енді мен саған тиіспеймін, маған көмектесші «ав, ав»-дейді. Сөйтіп мысық күшікке көмектеседі. Екеуі достасып ары қарай бірге ойнауға күшік мысықты қонаққа шақырады. Екі дос ойнап отырған кезде, тесіктен тышқан шыға келеді. Оны көрген мысық тышқанды шап беріп ұстап алып: - қап, бәлем ұсталдың ба?- деп, оны жемекші болады. Сол кезде күшік мысыққа оның да қонақ екенін айтып, екеуін дос болуға шақырады. Тышқан күшікке өз рахметін айтады. Сөйтіп үшеуі дос болып, бірге ойнайтын болады.
Тапсырма: Күшік аулада не істеп жүрді?
Ол кімнен көмек сұрады?
Үш досты сипатта.
Ертегі желісі бойынша бейнелеп сал.
«Шалқан»
Ертегі
мазмұны:Баяғы бір заманда шал мен кемпір
болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде
шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен
боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден
суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері
тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал
көмекке кемпірін шақырады. Кемпір
шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады,
бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта
да алмайды.
Кемпір көмекке немере
қызын шақырады. Немересі кемпірден,
кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары
тартады, бері тартады. Тағы да суырып
шығара алмайды.
Немере қызы итін
шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі
кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан
ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды
суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты
шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит
қыздың етегінен, немересі кемпірден,
кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары
жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық
болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп
мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит
немересінің етегінен, қыз кемпірден,
кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды.
Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып
шығарады.
Тапсырма: Ата не егеді?
Шалқан қандай болып өседі?
Шалқанды суырыпы алу үшін кімдер көмекке келеді?
Ертегіні өзімізі сахналап көрейік.
Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтысының біреуінін құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі, — «сеніқ құйрығьщ жоқ»,— деп, келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: — «қалай мен осы бес түлкінің құйрықларын шолақ қылып өзіме тең қылып қоямын», — деп ойлап келіп, тапқан ақылы. Сонда бес түлкіге айтты:
— Бәріміз бір ойын ойнайық! —деп.
Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарын байлап қойып, өзі бір биік таудың басына шығып, түлкілерге айтты:
— Мына жақта бүркіттер келе жатыр, — деп өзі қашты. Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, барлығы шолақ болып қалады.Сөйтіп, шолақ түлкі басқаларын да шолақ кылып, өзіне серік қылды. Алтауы бірдей шолақ болғаннан кейін, ешкім ешкімді мазақ қылып күлмейтін болды.
Түлкі мен қоян
Әуелі түлкінің құйрығы жоқ еді. Әрқашан қасқырмен тату тұрмаған себепті құйрығының жоқтығы жүрген ізін жасыра алмай, оған бек қатты залал келтірген. Сол үшін қасқыр әрдайым түлкінің артына түсіп, аңдып жүріп, бір күні оның ініне кірген. Егер түлкі іннің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе, өлтіріп тастар еді.Әлден соң түлкі орман ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда, қоян: «Мен өлтірме, саған құйрығымды сыйға берейін»,- деп уағда қылады. Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастайды. Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалған екен.
Баяғыда
Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап
жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты
шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
–
Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп
қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
–
Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта
қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
–
Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта
қыз:
– Мен құйрығыңды кесіп аламын!
– дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта
қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
–
Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта
қыз:
– Менің қатығымды төле!
–дейді.
Мысық сиырға барады.
–
Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
–
Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ
әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа
барып:
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды
берші! – дейді.
Ағаш:
– Мен шөлдеп
тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, –
дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле
жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар,
қыздар, маған су беріңіздерші! –
дейді.
Қыздар оған:
– Бізге сағыз
әкеліп берсең, біз саған су береміз, –
дейді.
Мысық
дүкенге барады.
– Әй, дүкенші, маған
сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
–
Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық
тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған
жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
–
Бізге дән әкеліп берсең, біз саған
жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық:
«Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір
ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық
тышқанды бас салады.
– Жаныңның
барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан
қорыққанынан:
– Үйімде бір табақ
тары бар, – дейді.
Мысық:
– Маған
бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан
үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді;
мысық тарыны апарып тауыққа береді,
тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып
дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді;
сағызды апарып қыздарға береді, қыздар
су береді; суды апарып ағашқа береді;
ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып
сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты
апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз
мысықтың құйрығын береді.
Ертегі - Жеті лақ
Е
ртеде
бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік
етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.
- - Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», - дейді.
Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.
Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.
Қ
асқыр
Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты.
Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
- - Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.
Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.
Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді.
Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады:
- Лақтарым. шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып, Қасқырға жем болдыңдар!
Ешкі Қасқырға келіп: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?» – деп сұрады. Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын,» - деп жауап қатты.
«Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. Егер сен менің лақтарымды жемесен, онда оңай секіріп кетесің!» – деді Ешкі.
Қ
ампиған
қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын
түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?!
Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай,
тура ыстық шоқтарды бар орға құлады.
Қарны жарылып, одан құлан таза лақтар орғып- орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Сөйтіп, Ешкі лақтарымен бұрынғыдай ауызбірліктері күшті, ынтымақты өмір сүріпті.
Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы:
— Шық, әй! — екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-әйін» естімеген жан болмайды екен.
Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен.
Алдар қу! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ ел-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналады.
Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас, — дейді жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да есітеді.
— Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын, — деп, Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.
«Не істеп отыр екен бұл қу» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Сығаласа: Шығайбай қазы тіліп отыр екен. Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.
«Осыдан татпасам Алдар атым құрсын», — деп жылмаң етіп; — Кеш жарық! — деп кіріп барады.
Піс қазаным бес ай – десе.
— Отырайын он ай! — дейді Алдар, етігін шешіп тастайды да.
— Кер тағының терісін келер жылы киермін, – деп төрге орнығып отырады.
Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады. «Мынау кәпір қашан жатады» деп, үн жоқ қасарып бай да отырады. Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай:
— Әй кемпір төсек сал, — дейді. Бәйбішесі төсек салады. Үй ішімен ұйықтаған кезде Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды.
Бір уақытта бай тұрып бәйбішесін оятады:
— Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау иті — деп сыбыр етеді.
Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп.
— Жат жігітім, жат! Сазайың осы! — деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қыйдалайды, бұлай қыйдалайды, болмайды.
— Етін не болып кеткен. Өңкей шандыр!—деп, қатынына ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды.
Ақыры Алдардан келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады.
Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.
— Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.
— Ау, жарайды енді! — деген сайын қаттырақ қыса түседі.
— Ау, мына ит жегірді ит жесін! Мә деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.
— Ә, байеке, ит жегенше мен жейін, — деп, Алдекең барып нанды қолына алады. Бай дүзге аш кетеді.
Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып, оны, көрсетпей ішінен байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда Алдар:
— Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын амандасып қалайын дейді де, құшақтаса амандасқан болып торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп Шығайбайдың мазасын кетіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға беріп Шығай бұл жолы да аш кетеді.
Қөседен құтыла алмаған соң, бай Қөсенің атын сойып алмақ болады. Байдың мұнысын тағы естіп қойып, атына барады. Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зиян болса өзіне тисін» деп, өз атының қасқасына сыйырдың шикі боғын жағып, жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де, орнына келіп жатып ұйықтап қалады.
Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін біледі. Біледі де ішін ыза кернеп: «Тура тұр , бәлем!» — дейді. Алдар ұйықтады-ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.
— Міне жігітім сазайың! — деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып қуанып, төсегіне келіп жатып, ұйқыға кетеді.
Таңертең бай орнына« турып жатып, Алдарға айтады:
— Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Сенің атың болу керек жарылып қалған. Сорлы, атыңды бақпай қазан бағып жүрген не қылған адамсың! — деп қарқ-қарқ, күледі.
— Алдар тұрып:
— Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса менікі болар, бор қасқа болса сіздікі болар, — дейді,
Бай құдайдың ұрғанын біледі де, орнынан тура жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.
Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп:
— Жоғалт қараңды сұм! Мен сені енді көрмеймін, — деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен қатынына:
— Тез жөнелт, — дейді. Бай анадай, жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар:
— Етігім жыртылып шұлғауым шығып жүр, Бізіңді беріп кет дейді Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып жібермейді: Ақыры болмаған соң:
— Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір — дейді.
Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:
— Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, — дейді.
— Е, не үшін?
— Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.
— Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, — дейді.
— Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:
— Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, — дейді.
— Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, — деп айқайлайды бай.
— Әні, естідің бе? — дейді Алдар қасында тұрған әйелге.
— Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба? — деп, таң қалады әйелі.
Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.«Алдардың ойыны осылай болады» деп, еліне тартып отырады.
Eртеде
кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті.
Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің
де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі
немересінің туған күніне қызыл телпек
сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан
тастамай киіп жүретін болыпты. Содан
бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл
телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы
бәліш пісіріп, қызына:
– Қызым, мына
бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып,
халжағдайын біліп қайтшы, – дейді.
Қызыл телпек:
– Жарайды, анашым,
апарып берейін, – деп бәліш пен май
салынған себетті алады. Анасының
сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне
аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға
жету үшін орман арқылы өту керек еді.
Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің
қаншалықты қауіпті екенін білмеді.
Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп,
асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен
келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр
шыға келеді. – Қызыл телпек, сен қайда
барасың? – деп сұрайды қызды жегісі
келген қасқыр.
– Мен әжемнің
үйіне барамын, оған анамның пісірген
бәлішін және бір құты май алып бара
жатырмын, – дейді қыз.
Қызыл телпек
қасқырдың жаман пиғылынан бейха бар
еді. – Ал әжең қайда тұрады? – деп
сұрайды қасқыр.
– Әжем бе? Ол орманның
ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі
диірменнің жанында, диірменнің жанындағы
бірінші үйде тұрады, – деп Қызыл телпек
қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл
айтып береді. Бұл кезде жақын маңда
отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.
Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп,
қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің
тұратын жерін біліп алған ол алдымен
әжесін жемек болады.
– Жарайды,
мен де сенімен бірге сол ауылға барып,
әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел,
екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз
бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен
бар, мен ана жолмен жүрейін, – деп
қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды
таңдап алады.
Қасқырдың ұсынысына
келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі.
Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді.
Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура
ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің
әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол
есікті қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
–
Бұл кім? – деп сұрайды әжесі.
Қасқыр
дауысын жіңішкертіп:
– Әже, бұл мен
ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен
сізге қонаққа келдім, анамның пісірген
бәліші мен бір құты майын ала келдім, –
дейді.
Бұл кезде ауырып, төсек
тартып жатқан әжей шынымен немересі
келген екен деп ойлап: – Айналайын
қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,
есік ашылады, – дейді дауыстап. Қасқыр
жіпті тартып қалады, сол кезде есік
ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса
көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден
әжейді бас салады да бүтіндей жұта
салады.
Содан соң есікті жауып,
басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне
көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да
қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті
Қызыл телпек қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
–
Бұл кім? – дейді жуан дауыспен, тойып
алған қасқыр.
Қыз гүрілдеген дауысты
естіп, қорқып кетеді. Артынша «Әжеме
суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар»
деп ойлайды.
– Бұл мен, сіздің немереңіз
– Қызыл телпекпін! Мені сізге анам
жіберді. Бәліш пен бір құты май алып
келдім. Қасқыр дауысын өзгерте қойып,
жіңішке дауыспен:
– Тұтқаның жанындағы
жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік
ашылады, – дейді. Қыз жіпті тартады,
есік ашылып, үйге кіреді. Көр пемен
бүркеніп жатқан қасқыр оған:
– Қызым,
себетті үстелдің үстіне қойып, өзің
менің қасыма кел, – дейді. Қызыл
телпек бәліш пен май құйылған құты
салынған себетті үстелдің үстіне қойып,
қасқырдың жанына жақындайды.Қасқыр
енді:
– Жолдан шаршаған боларсың,
қасыма кеп жата ғой, – дейді. Әжем деп
ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына
жатады да:
– Әже, әже, сіздің қолыңыз
неге үлкен? – деп сұрайды.
– Сені
қатты құшағыма басу үшін, қызым.
–
Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
–
Сені жақсы есту үшін, қызым.
– Әже,
әже, көзіңіз неге үлкен?
– Сені жақсы
көру үшін, қызым. – Әже, әже, тісіңіз
неге сондай үлкен?
– Сені тезірек
жеу үшін, қызым-ау! – деп Қызыл телпекті
бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл
телпегімен бірге жұта салады. Байғұс
қыз айғайлапта үлгермейді. Бірақ,
бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің
қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан
еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп,
үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде,
төсекте орнынан қозғала алмай жатқан
қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына
қарап, не болғанын бірден түсіне қояды.
Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын
жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл
телпек пен әжесі дін аман шыға келеді.
Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп,
бос қоя береді.
Қызыл телпек пен
әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді.
Әжесі шай қойып, немересі әкелген
бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан
жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай
ішеді. Әңгімедүкен құрады. Қасқырдың
сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз
болады.
Бауырсақ ертегісі
Халық ертегісінің ізімен
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».
Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.
Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
- Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.
- Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!
Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- Жолмен домалап барамын.
- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...
- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.
Түлкі оған:
- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.
Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.
- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.
Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.
Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты. Шөлден азап шеккен жануарлар бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп, араларындағы біреуінің ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,- деп жалқауланып жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың ашуына тиіпті.
Сөйтіп жануарлардың еңбегі босқа кетпей, қазған құдықтарынан мұздай су шыға бығыпты. Мұны көрген олар қуанып, суды қанып ішіп, әрі жуыныпты. Ал құдықтың қазылуына көмектеспеген жалғыз қоян ғана су іше алмапты. Орман патшасы арыстан қоянның құдыққа жақындамауы үшін күн сайын кезекші тағайындапты. Қоян істеген ісіне іштей өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмапты. Бір күні түнде кезекшілік кезегі пілге келіпті. Пілмен дос болған қоян «ешкімге білдіртпей су берер»,- деген оймен қасына барыпты. Сөйтсе піл ұйықтап жатыр екен. Қанша оятса да ұйқысынан тұрмапты. Болмаған соң құлағына барып айқайлапты. Ұйқысынан шошынып оянған піл құдықтың шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соқтығысып, үйіндіні құдықтың ішіне құлатып алыпты. Осылайша құдық бітеліп қалыпты. Болған оқиғаға қатты қайғырған піл: «Мұның бәрі менің кесірім! Енді не ішеміз? Ертең жануарлар не дейді?»,- деп жылай бастапты. Қоян: «Достым, қайғырма, бір жолын табармыз. Екеуміз де осы құдықты қазатын болсақ, таң атқанша бітіріп қалармыз»,- депті. Сонда піл: «Сен кішкентай әрі әлсізсің ғой»,- десе қоян: «Енді көр де тұршы менің қалай жұмыс істейтінімді!»,- депті.
Шынында да қоян білегін сыбанып, іске кірісіп, таң атқанша пілмен бірге құдықты қазып тастапты. Ертеңіне піл барлық жануарларға қоянның еңбегін айтып мақтапты. Барлығы шапалақ ұрып, құдықтан су ішуіне енді лайықты болғанын айтыпты.
Қоян су ішкенімен қоймай, өзге жануарлармен қайта татуласқанына да қатты қуаныпты. Өзін орманның бір мүшесіндей бақытты сезініпті. Олай болса, балалар «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»,- деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаса керек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген