Тәрбиелік іс-шара "Күз мерекем,күз берекем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелік іс-шара "Күз мерекем,күз берекем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күзге арналған іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Күз-мерекем,күз-берекем!»

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.


Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі

қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Ән: «Алтын күз!»

Жүргізуші:балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар?

Атап берейікші? Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге орай 0 «б» тобының балалары өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.

Тақпақтар:


сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып


Күз де келді, күз келді.

Күдерін жаз үзгенді.

Күз де келді, күз келді.

Көкте бұлттар жүзді енді.


Күз де келді, күз келді

Құстар мекен ізденді.

Күз де келді, күз келді

Қондырмады түзге елді.


Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп

Күткен күзім келді бе.

Сыңсып бағың мәуелеп.


Қамба толды астыққа

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап – қап қауын алдық біз!




Жүргізуші: Cары жібек көйлегін желбіретіп

Жапырағын ағаштардың селбіретіп.

Тойға бөлеп елімізді күзім келді

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Олай болса, мың бұралған қыздарға кезек берейік.

Би: «Бидай»

Жүргізуші:Келесі кезекті Тақпақтарға берейік

Тақпақтар:


Жау, жау жаңбыр!

Жау, жаңбыр.

Арық суы мол болсын!

Өсімдіктер көп болсын!

Жауған жерің шөп болсын!


Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ!


Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Жүргізуші:Келесі кезекте ата-аналармен және балалармен ойын ойнайық

Ойын: «Дәмін татта ажырат»

Жүргізуші: Жемістер мен көкөністер біздің күнделікті асымыз. Күз түсті, жемістер мен көкөністер пісті. Ортаға жемістер мен көкөністерді шақырайық.

Тақпақтар:


Асханадан шықпаймын.

Атым – пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Өсіретін бойынды,

Дамытатын ойынды,

Қоянға да азықпыз.

Сәбіздерміз жазықсыз!


Картоп – біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз!

Айару:

Мынау – алма айналдым

Түрлі – түсті болатын.

Бірі ерте, бірі кеш

Кезектесіп салатын.

Ән: «Күзгі вальс»

Тақпақтар:


Алтын, сары, қызыл, көк –

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.


О, алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім, жатып ап?!

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.


Жүргізуші: Ал, келген қонақтарымызға « Сауболыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі