Қош келдің, Жаңа
жыл!
Мақсаты: Оқушыларға мерекелік кқңіл күй
тудыру. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың,
Аяз атаның, ақшақардың, күлдіргіштің карнавалдық киімдеріне назар
аударту, көңілді ойындар ойнату, мерекелік көңіл күй
жасау.
Қатысушылар: 2 жүргізуші, Аяз ата, ақшақар,
сикыршы, күлдіргіш, бастауыш сынып оқушылары, жаңа доңыз жылы, ескі
ит жылы.
Сценарий
барысы:
1 -
жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын,
құрметті қонақтар! Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты
шәкірттер.
Құрметті балалар, ата –
аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош
келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Кел, Жаңа жыл! Төрле – төрле
жеріме,
Құт – береке боп келгейсің
еліме!
Үміт артып армандарға
аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де,
- дей отырып жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау
сөзді арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті
басшысы бастауыш оқу ісінің меңгерушісі: Сағызбаева
А.
(музыка қосылады Сиқыршы
шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар!
Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы
ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп – әдемі жаңа
жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ, шыршамыз көңілсіз,
қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен
шамын жағайық!
Бәрі: Қуант , бізді,
таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3
рет
(Шырша шамы жанады,
«Алақайлап» қол соғады)
2 -
жүргізуші: Міне,
керемет.
Би: МАД
«А»
Ән: 1
«Б»
1 -
жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар.
Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
2 -
жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге
шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата,
Ақшақар. 3 рет.
Күлдіргіш
келеді.
Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә,
бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол
жерде тар, әрі қап – қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша, екен! Мен де
сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы.
(шыршаға
қарап)
Шырша дейміз
елканы
Балалар билеп
қоршады
Түрлі – түсті
ойыншықтар
Шыршада көз
тартады.
- Ой, балалар шыршамызға Аяз
ата мен Ақшақар жетіспейді
1 -
жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл
кім?
Балалар: Күлдіргіш.
2 -
жүргізуші: - Иә, Бірақ біз Аяз атаны
шақырдық қой, күлдіргіш емес.
Балалар: Иә
1 -
жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Бәрі:
Аяз ата, Ақшақар 3
рет
(әуенмен бірге шанамен Аяз
ата, Ақшақар келеді)
Аяз
ата:
Құтты болсын,
балалар
Келген Жаңа
жылдарың
Алаңдамай
өсіңдер
Еркелеп қыз ,
ұлдарым
Өткен жылы келіп
ем
Бәріңді де көріп
ем
Жыл өткізіп келем
деп
Уәдемді беріп
ем
Ойларың мен бойларың
да
Бірдей өсіп қалдыңдар
ма?
Ал, мен кіммін
айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар
ма?
Балалар: Аяз
ата.
Ақшақар: - Сәлеметсіздер ме, балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер
маңайды
Ақшақармын
арайлы
Жалт – жұлт еткен
жүзімнен
Күміс сәуле
тарайды
Ақшақармын
аппақпым
Қалай тыныш
жатпақпын
Менсіз қыстың сәні
жоқ
Әнмін, жырмын,
тақпақпын.
2 -
жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда,
алыс жолдан келдіңдер.
Әсем әні де, биі де
бар.
Отырыңыз ата, сәл дем
алыңыз.
Ән: «Жаңа жыл» МАД
«Ә»
2 -
жүргізуші: Ендеше шыршамызға
тақпақтарымызды айтайық.
Рухия: Ақ қырауға
малынған
Сақалы да, мұрты
да
Аяз ата
сағынған
Сәлем берді
жұртына.
Асхат: Жаңа жылға
сәніміз
Біздің айтар
әніміз
Келдіңбе аман
алыстан
Сәлем, Аяз
атамыз
Би: «Аяз
ата» МАД «Б»
Аяз
ата: Жарайсыңдар, өнерлі
екенсіңдер!
1 -
жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз
шеттерінен өнерлі.
Ән: «Шыршаға
бардық» 1
«А»
1 - жүргізуші:
-Балалар, жаңа жыл болса кеп
қалды, біздің қоштасатын ит жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап
тастаған жоқсың ба? Балалар, ит қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді
ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл
есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы
алайық.
Би: «Тамшылар» 1
«Ә»
2 -
жүргізуші: Ау, итжан сенімен де
қоштасатын кез келді.
Ит:
Бір жыл бойы
сендермен
Бірге жүрдім
ойнадым
Енді міне
балалар
Кезек келді
қоштасар.
2 -
жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір
жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай
болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі: Қош, қош, Ескі
жыл!
Ән: «Аяз ата»
МАД «Б»
Би: «Марғаулар» 1
«Б»
1 -
жүргізуші:
Айта берсек
таусылмас
Жаңа жылда жаңа
жыр
Кел оданда,
халайық
Ойын ойнайық жаңа
бір
Ойын:
«Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп
алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп
шыршаны айналып, ортаға бірінші жету
қажет.
(алдымен ата-аналар, содан соң
балалар)
Аяз
ата: Мына ата – аналар да мықты
екен.
Би: Өзбек биі «Назгүлім»
МАД «Ә»
Ән: «Келді міне жаңа жыл» 1
«Ә»
Шошқа:
Мен жаңа
жылмын
Мен жаңа
нұрмын
Нұрымды да
себейін
Жырымды да
себейін.
Ән: «Кел жаңа
жыл» МАД
«А»
Би: 1
«А»
1 - жүргізуші: Балалардың
ең үздік қарнавалдық киім үлгісі.
2 -
жүргізуші: Міне, балалар да өнерлерін
көрсетті. Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен
белсенділік танытып жүрген балаларға
рахмет.
Аяз
ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені
бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап
келгенде
көңілімді көтердіңдер.
Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген
киімдерің қандай әдемі! Солай емеспе қызым? Біздің сыйлығымызға
риза болыңдар. Ал енді біз жолға
шығайық. Басқа да балалардың
өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендерде өсе беріңдер, өркендей
беріңдер. Қош болыңдар.
Балалар: Сау болыңдар! Рахмет
сіздерге!
1 -
жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!
«Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.
Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата –
аналар,
әріптестерім сіздерге де мың
алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын,
отбасыларыңызға тек бақыт пен қканыш
әкелсін!!!!