Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелік шара " Н.Ә.Назарбаев – үлкен философ және көрнекті саясаткер "

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастырып, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтырып, елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н.Ә.Назарбаев – үлкен философ және көрнекті саясаткер

Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастырып, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтырып, елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Әдісі: ой-толғау, ауызша баяндау, сұрақ-жауап, кесте, топтастыру стратегиясы.

Көрнекілігі: елбасының суреті, тірек-сызба, кесте, еңбектері.

Барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»

Эпиграфы: « ...Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты- толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...»

Нұрсұлтан Назарбаев

Жүргізуші: Оқушылар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Қараңдаршы, біздің шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар. (Шеңбер бойымен алдын ала дайындалған айналар қойылған)

Әрбірің өз айналарыңды алып артына қарасаңдар, бір құпия табасыңдар.

Егер күлкі бейнеленсе-онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз,алақан бейнеленсе-қолымызды қысып амандасайық, күн бейнеленсе-жақсы ықыласпен сәлемдесейік, жүрек бейнеленсе-құшақтасайық.

Оқушылар: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбегіне арналған «Н.Ә.Назарбаев-үлкен философ және көрнекті саясаткер» тақырыбында өтпек.

Ой-шақыру стратегиясы.

«Нұрсұлтан Назарбаев – түрік әлемінің лидері»

(Т.Ердоған - Түркияның премьер министрі)

Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаев –мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы.

Н.Ә.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;

-Қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы;

-Қорыққанға қорған,тарыққанға пана,зарыққанға сана бола білетін елінің шын перзенті;

-Алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;

-Елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;

-Халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.

Ой қозғау стратегиясы.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы,экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін талдау үшін зерттеуші оқушыларға сөз кезегін береміз.

1-оқушы: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылдың 7-шілдесінде Алматы облысының Қаскелең (Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туған. Мамандығы – инженер-металлург. Экономика ғылымының докторы, академик, «Ғасыр адамы» атанған қайраткер. Елбасының атасы Назарбай өз аумағында билік жүргізген, ел басқарған адам екен.

1958 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа тұрды.

1958-1960 жылдары Днепрозержинск техникалық училищесінде оқыған.

1962-1965жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыған.

Ән: «Үш қоңыр»

2-оқушы: Өндірістік, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі, халықпен тез тіл табыса алуы, қажырлы еңбекқұмарлығы, жан-жақты білімі, өз көзқарасы мен сенімін табандылықпен қорғай білуі, саяси өмірбаянына негіз болды.

1969-71 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.

1971-73 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің хатшысы.

1973-77 жылдары Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы.

1977-79 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы.

Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтері 1979 жылы Қазақстан КП ОК хатшысы болып сайланғаннан кейін басталды.

1984-89 жылдары ҚКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

1990 жылы 24-сәуірде ҚКСР-інің Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Президент етіп сайлады.

1991 жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды.

1995 жылы 23 сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесі өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылы 10-қаңтарда жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,75% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.

2005 жылы 4-желтоқсанда сайлаушылардың 91,5% дауысын алып Президент болып қайта сайланды.

2011жылы 4-сәуірде 95,5% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.

Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі

Жылдар

Атқарған қызметтері

1940ж 6-шілде

Алматы облысы,Қарасай ауданы,Шамалған ауылында дүриеге келген

1958 жылы

Орта мектепті бітіріп,Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа тұрды.

1958-1960ж

Украинаның Днепродзержинск қаласына техникалық училищеге оқуға түсті.

1962-1965ж

Қарағанды политехникалық институтында оқыған

1969-1971ж

Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды.

1971-1973ж

Теміртау қалалық партия комитетінің хатшысы болды.

1973-1977ж

Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы болды.

1977-1979ж

Қазақстан КП Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы,екінші хатшысы

1979-1984ж

Қазақстан КП ОК хатшысыболып қызмет атқарған

1984-1989ж

ҚКСР-ы Минстрлер Кеңесінің төрағасы

1989-1990ж

ҚКСР-ы КП ОК бірінші хатшысы қызметін атқарды

1990ж. 24.04

ҚКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның президенті етіп сайлады.

1991ж.01.12

Бүкілхалықтық дауыс беру сайлауы нәтижесінде Тәуелсіздік Қазақстанның Президенті қызметіне кірісті.

1995ж.29.04

Жалпыхалықтық референдум Президент өкілеттілігін 2000ж.дейін ұзартты.

1999ж.10.01

Жалпыхалықтық сайлауда 79,75% дауыс алды.

2005ж.04.12

Жалпыхалықтық сайлауда халық сеніміне ие болып, Президент болып қайта сайланды.

2011ж.04.04

Жалпыхалықтық сайлауда халық сеніміне ие болып, Президент болып қайта сайланды

Тәуелсіздік жолындағы қадам.

«Туған халқының тағдыры үшін күрескен»

3-оқушы: Ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысын терең білуі, шешімін күтіп, қордаланып қалған мәселелерді тап басып тани алуы, ел ішінде ұрымтал әрекеттерге барып, таңдаған бағытын табандылықпен жүзеге асыру қасиеті 1989 жылы маусым-шілдеде Жаңаөзен мен Қарағанды оқиғаларының оң шешім табуы, халықпен тіл табыса білуін байқатты.

«Дәуір алмасып жатқанда өмір сүрме» дейді екен қытайлар. Ғасыр мен ғасыр алмасып, заман өзгеріп, аумалы-төкпелі кезде келген жаңа басшының алдында халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыптан арашалау және тіл мәселесін шешу тұрды.

-1989 жылдың 22-қыркүйегінде «ҚКСР-інің Тіл туралы» заңы қабылданды.

-1990жылы қыркүйекте «30-50 жылдары заңсыз қуғын-сүргіннен зардап шегіп, кейін ақталғандарға жәрдем көрсету туралы» Жарлығы шықты.

-1990 жылы қазанның 25-інде «ҚКСР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдады.

-1990жылы 17-желтоқсанда Демократиялық жаңару күні Желтоқсан құрбандарына ескерткіш ашылды.

-1991 жылы тамыздың 29-ында «Семей полигонын жабу туралы» Жарлығы шықты.

-1991жылы қазанның 2-сінде қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

-1991 жылы желтоқсанның 12-сінде «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлығы шықты.

Тәуелсіздік жылдарында

«Адам санасының, қоғам дамуының тамыршысы»

4-оқушы: Елбасы тәуелсіз елдің бұқаралық санасын өзгертуде, ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртуда, тарихи сананы қалыптастыруда ерекше істер атқарды.

1995жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданды.

1997 жылдың Президент Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»,1998 жылдың «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы», 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануы өткен тарихтан келешек үшін тәлім алуға септігін тигізді.

Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосқан қомақты үлес деп бағаланды.



Білім беру саласындағы реформалар. Білім берудің қазақстандық моделі.

«Өмір бойы білім алу»

Кеше

Бүгін

Болашақта

1).1984 жылы ьектеп реформасы жүргізілді.

2).Қазақ мектептері үлесі 3891-ден 2577-ге кеми түсті.

3).55мемлекеттік ЖОО болды.

4).Жаратылыстану ғылымында қазақтардың үлесі аз болды.

5).Ғылыми еңбектердің 95%-ы орыс тілінде жазылды.

6).Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды.

7).Білім беру мазмұны 4 деңгейден тұрды.

1).1993жылы 11-қарашада Президент «Болашақ»атты халықаралық стипендиясы белгіленді.

2)2005 жылы «Болашақ»мемлекеттік стипендиясы 3000-ға көбейтілді.

3)1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.2001 жылы мектептер толық компьютерлендірілді.

4).1999жылғы 11-маусымда «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізілді:

-негізгі мектеп 9-сынып көлемінде аяқталады;

-бағдарлы мектеп 10-11 сынып болады.

5).1999 жылдан бастап ЖОО үшін мемлекеттік гранттар мен несиелер бөліне бастады.ЖОО саны 149-ға жетті.

6).2004жылы «2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы»қабылданды.

7) .2004 жылдан бастап ҰБТ енгізілді.

8).2009ж.Астанада тұңғыш Президенттік бірінші зияткерлік мектебі шылды.

9). 750 мектеп салынды.

1). Орта білім беру 12 жылға созылады.(4+6+2)

2).3ауысымды оқуды жою.

3).Бағалау жүйесін өзгерту.

4).Ағылшын тілін жетік меңгерту.

5).Мультимедиалық кабинетке көшу.

6).Математика, информатика,физика пәндерінің сағаттарын көбейту.

7).Ақысыз оқу жағдайын жасау.

8).2020 жылға қарай барлық мектептерді 12 жылдық оқу бағдарламасына көшіру.

9).2015 жылға дейін тағы да 200 мектеп салу.


«Біз электрондық кітапхана, халықаралық бағдарламалар,интернет жүйесі,ғарыш,бизнес,сервистік технология тілін білмейінше елеулі табысқа жете қоюымыз қиын». Н.Ә.Назарбаев.


5-оқушы: Қазақстан – бүкіл қазақтың Отаны.

Н.Ә.Назарбаев –Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.

Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды атамекенге жинаған үш елдің біріміз. Тәуелсіздік жылдары шетелдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.

1992 жылдың 28-қыркүйегінен 4-қазанға дейін Алматыда қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы өтті. Оған 13 елден 800-дей өкілдер қатысты. Құрылтайда Н.Ә.Назарбаев төраға болып сайланды.

1992 жылы Қазақстанның «Көші-қон туралы» заңы қабылданды.

Шетелдердегі қазақ балалары үшін жоғары оқу орындарына түсуде мемлекеттік грант пен несие қарастырылып, жеңілдіктер жасалған.

6-оқушы: Н.Ә.Назарбаев –әлем мойындаған бүгінгі заман лидері.

Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы, сындарлы саясат ұстанып отыр. Тарихта тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндердің үш бірдей съезі Астанада өтті. Астана халықаралық басқосулар өткізудің орталығына айналды. 2001жылдың 22-қыркүйегінде Рим Папасы ІІ Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты. Бұл Қазақстанды бейбітсүйгіш держава ретінде рөлін мойындаудың көрінісі еді.

Н.Ә.Назарбаев мәдениеттер, діндер және өркениеттердің өзара түсіністігін орнықтыруға зор көңіл бөлді.


7-оқушы: «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз»

«Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы»

Егемендік пен тәуелсіздігімізді нығайтып, алға қарай дамуымызда қазақстандықтардың көптеген ұрпақтары жинақталған достық пен ынтымақтастық аса бағалы құндылықтарға жатады.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы 1995 жылы 1-наурызда Президент жарлығыменен құрылды. Ассамблеяның «Ортақ үйіміздегі бейбіт өмір мен келісім» және «Қазақстан халықтары Ассамблеясы -1995 жыл»деген жинақтары жарық көрді.

8-оқушы: «Президент таңдаған Әнұран»

1992 жылы қабылдаған Әнұран

2006 жылы қабылдаған Әнұран

  1. Әнұран әуезінің қазақ жырының табиғатына керағар келетін 12 буындық өлеңмен жазылуы

  1. Әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілді.

2)Мұның өзі, әуездегі салтанаттылыққа бойлаумен байланысты соншалықты салмақты жазылуына әкеп соқтырған.

2)Ата-бабалар мұрасы –жеріміздің кең байтақтығы орын алған

3)Тым тереңдікке бой ұру әнұранның тілге оралымдылығы мен есте сақталуына қиындықтар туғызды.

3)Еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан.

4)Бүкілхалықтық сипат дәрежесіне көтеріле алмады.

4) Біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі ел бірлігі екенін баса көрсетілген.

Жаңа Әнұран ресми түрде 2006 жылғы 11-қаңтарда Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде алғаш рет орындалды.


Жаңа Астана шежіресі

Жылдар

Атқарылған игі істер

1994жылы,6-шілде

Жоғарғы Кеңес астананы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1995жылы,15-қыркүйек

Президентінің астананы Ақмолаға көшіру туралы Жарлығы шықты

1997жыл, желтоқсан

Президент,Парламент,ҮкіметАқмола қаласына көшірілді.

1997жыл,10-желтоқсан

Ақмола ресми астана болып бекітілді.

1998жыл, 6-мамыр

Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шықты.

1998жыл,10-маусым

Жаңа Астананың ресми тұсау кесері болды.


9-оқушы: Қазақстанның сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы.

Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттарын Н.Ә.Назарбаев өзінің 1992 жылғы 16-мамырдағы «Қазақстанның егемендігі мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде анықтап берді.

Қазақстан –дүниежүзілік беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі.

Халықаралық ұйымдардың аты

1

1992 жылы 2-наурызда БҰҰ-ға мүше болды.

2

БҰҰ дамыту бағдарламасы (ПРООН)

3

БҰҰ-ның экономикалық ынтымақтастық ұйымы(ОЭС)

4

Мәдениет және ағарту саласындағы ұйымы(ЮНЕСКО)

5

1992жылы 30-қаңтарда ЕҚЫҰ-ға мүше болды.

6

Атом энергиясын басқару жөніндегі халықаралық агенттік(МАГАТЭ)

7

Қызыл Крест және Жартылай Ай қоғамының халықаралық федерациясы

8

Халықаралық астрономиялық Одақ(МАС)

9

Парламентарлық Одақ(МПС)

10

Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамы(ВОЗ)

11

Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы(БПИПЧ)

12

Ұлттық олимпиялық комитет(НОК)

13

Халықаралық валюта қоры(МВФ)

14

Халықаралық қайта құру және даму банкі(МБРР)

15

Азиаттық даму банкісі(АБР)

16

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы(ВОИС)


Н.Ә.Назарбаевтың атсалысуымен құрылған ұйымдар

Аймақтық ұйымның атауы және құрылған жылы

1

ТМД, Алматыда 1991ж 21 желтоқсан

2

Орталық Азия Экономикалық қауымдастығы 1994ж.

3

Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымы2002ж.

4

Кедендік Одақ 1995ж.

5

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001ж. 15-маусым

6

Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары туралы кеңес


Н.Ә.Назарбаев –бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен қоғамдық-саяси еңбектердің авторы.

Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері

1

«Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Алматы,1992

2

«Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде». Алматы,1993

3

«Ғасырлар тоғысында». Алматы,1996

4

«Тарих толқынында». Алматы,1999

5

«Бейбітшілік кіндігі». Астана,2001

6

«Сындарлы он жыл». А.:Атамұра,2011

7

«Тәуелсіздік белестері». А.:Атамұра, 2003

8

«Еуразия жүрегінде». Астана,2005

9

«Қазақстан – 2030». Алматы, 1997


Shape1

Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы

Топтастыру стратегиясы. «Біз не білдік?»

Shape2

Қазақстанның тұңғыш Президенті

Shape3

Қазақстан халықтары
Ассамблеясының төрағасы


Shape6 Shape4 Shape5

Көреген саясаткер


Shape15 Shape13 Shape14 Shape12 Shape11 Shape7 Shape8 Shape9 Shape10

Алымды да алғыр басшы

Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы

Қазақтардың Дүниежүзілі Қауымдастығы-ның төрағасы

Shape17 Shape16

«Ғасыр адамы»


Shape18

Shape20 Shape19

Әнұранның авторы,жазушы.

Экономика ғылымының докторы,академик







Ой толғау: «Мен Президент болсам»

Бұл тақырыпқа өз ойын,бағдарламасын жасап келуге алдын ала тапсырма берілген.Оқушылар өздеріне ұнаған,жақсы жазылған бағдарламаның иесін болашақ президентке лайық деп бағалайды.


Қорытынды.

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет – елдің ,халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы ,мадениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат ,патриот қана атқара алады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12