400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелік шара " Өнегелі салтың бар, келер ұрпақ" 2- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Өнегелі салтың бар, келер ұрпақ

Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.

Көрнекілігі: Киіз үй көрінісі, нақыл сөздер.

Жүру барысы:

Кіріспе:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен ата- аналар! 3"А" сынып оқушыларымен ұйымастырылған "Өнегелі салтың бар, келер ұрпақ" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнауына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт- дәстүрлер, әдет- ғұрыптарбарлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.

Салт- дәстүр, әдет- ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт- дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен бастау алады. Сондықтан тәрбие сағатымыздың мәні осы ана сүтімен бойымызға даритын салт- дәстүр жайлы болмақ. Кезекті оқушыларға берейік.

1- оқушы: Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесің,

Жұрт айтады надан деп.

2- оқушы: Ата- бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкеді,

Ата жлын жалғапты.

3- оқушы: Бауырласқан жанымыз,

Бұзылмасын антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

4- оқушы: Тілім барда,

Қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар,

Ата жолы салтым бар.

5- оқушы : Біздер бұрын көрмеген,

Салт- дәстүрім өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп,

Заманымды өрлеген.

6- оқушы: Қырдан өскен самалы,

Салтымыз бар бағалы.

Ақ қағазға аталар

Шешен сөздер жазады.

7- оқушы: Еске алғанда жас күнін,

Ән салғанда қашты мұң.

Жас ұрпақты ісімен

Жалғасады дәстүрім.


8- оқушы: Ата салтым ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты


9- оқушы: Ата - салтым- асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

10- оқушы: Қазағымның салт- дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт- дәстүрді ардақтайық ағайын.

Қазақ аты үлкен- кші балдырған.

11- щқушы: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де

Үлкен- кіші жасымыз, кәріміз де,

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл- гүл жайнап мына біздің төрімізге.

ӘН: "Қазақтың салт- дәстүрлері"

Көрініс" Әжесі мен немерелері"

Көрініс: "Әжесі мен немерелері" (Әжесі ұршық иіріп отырады)

Немересі: Әже, әже, не істеп отырсыз?

Әжесі: Е, балам, мынау ұршық деген болады. мен жіп иіріп , саған жүн шұлық тоқып берейін деп отырмын. Аяз болса мынау.

Немересі: Әжетай," Тұсау кесу" деген қандай ырым? Менің досым Әділеттің інісінің бүгін тұсауын кеседі екен.

Екінші немересі: Ерасыл, ұялмайсың ба, не соны да білмейсің бе?

Әдетте, балаға 12-14 ай болғанда қаз тұрып, жүре бастайды. Осы кезде ауылдағы қарт әжелер мен қыз келіншектер жиналып, ойын- той жасап, шаруаға икемді, пысық, елгезек, еңбексүйгіш бір келіншекке жас баланың тұсауын кестіреді. Ата- әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген. өйткені баланың болашақтағы жолы , аяқ аласы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп түсінген.

Әжесі: Иә, дұрыс айтасың, қарағым. " Тұсау кесу" деген- ерекше бір ырым. Абай аталарың айтқан екен " Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең" деп Айтқандай сәби шыр етіп дүниеге келгеннен "Бесік той" " Қырқынан шығару", " Шідехана" деген сияты ырымдар жасалып, адамның өмірі үлкенді- кішілі той- думаннан басталады.

" Бесік той", " Қырқынан шығару", " Шілдехана" жарық дүниенің есігін ашудың алғашқы қадамдары болса, " Тұсау кесу" ырымы өмірге аттаған алғашқы қадамдарының бірі болмақ.

Немересі: Әже, баланың тұсауын немен кеседі, сол туралы айтып беріңізші.

Үшінші немересі: Әже, әже, мен айтайыншы. баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуына және баланың келешекте бай блуына әсер етед деп түсінген екен.

Төртінші немересі: Ал ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниет туған. Өмірдің ақ- қарасын айыра біліп, адаспай түзу жолмен жүрсін деген ниеттен туған ырым.

Бесінші немересі: Сәбидің тұсауы көк шөппен кесілсе, көк шөптей өсіп- өнсін деген ұғымды білдіреді. " Тұсау кесу" тойында әжелер мен аталар дастарханға шақырылады. Тұсауын кесетін сәби ортаға әкелініп, " Тұсау кесу жыры айтылады.

Кіші немересі: ( Тұсау кесу жырын айтады.)

Алтыншы немересі: Әже, мен бүгін дүкеннен осы " Тұсау кесу" ырымы жайлы бейнатаспа сатып алдым. Соны тамашалайық.( бейнетаспа көру.)

- Әже, әже асық ойнайық!

Сол кезде көрші үйдің келіні сәлем сала кіреді.

Әжесі: Көп жаса, қарағым, бақытты бол!

Келін: Әже, бүгін біз мына кішкентайды қырқынан шығарып едік." Иткөйлек" ырымын жасап берсеңіз қайтеді.

Немересі: Әже, " Иткөйлек" деген не? Ол қандай ырым?

Әжесі: Е, келе ғой, келінжан. Мына немерелеріме көрсетейін" Иткөйлек" деген қандай ырым екенін.

Иткөйлек – сәбидің қырқынан шығарылғанша киген көйлегі. Сәбидің денесіне батпауы үшін тігісі сыртына қаратылып тігіледі. Бала қырқынан шығарылар күні осы уақытқа дейін киген иткөйлегіне түрлі тәтті-дәмділер түйеді де, бір иттің мойнына байлап жібереді. Оны ауыл балалары қуып жетіп, иткөйлекке түйілген тәттілерді бөліп алады. Иткөйлекті баласы жоқ келіншектер ырым ретінде алатын да дәстүр бар.

Келіні: Рахмет. Сіздер ертең немерелеріңізді ертіп біздің үйге келіңіздер. Баламызды қырқынан шығарамыз.

Мұғалім: Балалар, сендерге әжеміз сиқырлы сандықша сауалдарын дайындапты. Соларға жауап берейік.

№1 Сүйінші деген не?

( дәстүр) Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

№2 Байғазы деген не?

(дәстүр) - балалардың , жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай заттай сый.

№3 Кекіл деген не?

( ғұрып) Жас балалардың шашаын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.

№ 4. Тұлым қоюдың ерекшелеігі неде?

Балалардың төбе шашан ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

Мұғалім: Енді әжеміздің орындауында халық әнін тыңдайық. Ал сендер осы әннің ішінде қандай тыйым өздің бар екеніне мән бере отырып тыңдаңдар.

Әже: Талдан таяқ жас бала таянбайды,

Бала бүркіт түлкіден аянбайды.

Угәй-ай, ән салшы, бір бала-ай.

Қос етек, бұраң бел,

Қуалай соғар қоңыр жел.

Мұғалім: Бұл әнде жас баланың таяқты таянбайтындығы туралы айтылады. Өйткені кісі қайтыс болғанда ер адамдар таяқ таянып тұрады да, келген кәсәлер бір - бірімен көріседі. Сондықтан бұл жаман ырым болып саналады.

- Балалар сендер тағы қандай ырымдар білесіңдер?

Қазақта бүйіріңді таян ба" деген тыйым сөздер бар. Себебі бұрында жоқтау айтып жылаған әйел адамдар бүйірін таянып отыратын болған.

Әже : Дұрыс айтасың қарағым ,Халқымызда күнделікті өмірде жиі кездесетін осы сияқты тйым сөздер көп. Алайда біз олардың біреуін білсек, біреуін білмей жатамыз. Сондықтан ата- әжелеріңнен, ата- аналарыңнан осындай сөздер естіп жатсаңдар мағынасын, мәнін түсініп алуға тырысыңдар.


Қорытынды:

Мұғалім: Құрметті оқушылар заман өзгерсе де ұлттық салт- дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңарту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздері көкейлеріңізге сіңіріп алсаңыздар артық болмас .

" Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар" демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің салт- дәстүріннің жанашыры болатындығына сенімдімін. Ендеше , еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда құрметті оқушылар!











































Бекітемін: _________________ Жармуханова Қ. Б.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Күні: 09.01.2015 ж

Тақырыбы: Салт дәстүрім- асыл қазынам

Мақсаты: Оқушыларды ата –бабаларымыздың дүние танымын қастерлеуге, дәстүрімізді

дәріптеп,салтымызды сыйлауға үйрету. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ойын тиянақтай білуге, ашық пікір айтуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа,

саналылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты мақал – мәтелдер, бата, тыйым сөздер.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.

ІІ. «Дәстүр ұғымы»

ІІІ. «Ескірмеген салт - дәстүрлер»

ІV. «Бата, тілек – дәстүріміздің негізгі баспалдағы.»

Мұғалім сөзі: Оқушылар , бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбын: «Салт дәстүрім- асыл қазынам"деп алған себебіміз - өз халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін сыйлап, мәртебесін көтеру. Салт – сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі. Дәстүр ата- бабаларымыздың дүние танымымен астарлас. Ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу - біздің міндетіміз. Сондықтан дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға бәріміз жауаптымыз.
Батыр атамыз бауыржан Момышұлы былай деген екен: «... Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші – немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші – дәмді дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тасуға даяр. Қолына кітап алмайды, үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ ».Батыр атамыздың осы бір көңіліне қаяу алған сөзі неге бізге ой тастап, намысымызды оятпасқа.
ІІ. «Дәстүр ұғымы»

Дәстүр - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі.

Салт - дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.

1-оқушы: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

2- оқушы: Жақсы дәстүрді сақтаған жарар,
Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап,
Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар.
Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар,
Бірақ дәстүрді, әдет-ғұрыпты,
Жасасын осынау өлмес ұғымдар!

ІІІ. «Ескірмеген салт - дәстүрлер»

Мұғалім: Адам мына дүние шыр етіп келгеннен, қартайғанша өмірінің соңына дейін белгілі бір кезеңдер мен өмірдің қызықты да естен кетпес ерекше сәттерін бастан кешіреді.Жалпы қазақ халқында сәбидің дүниеге келуінен бастап, өсіп, мектепке барғаны,ер жетіп, бозбала атанып, отбасын құрып, еліне елеулі азамат боп, игі істердің белесінен көрініп, асқарлы шыңдарды бағындырып,дана да ақылгөй қария болғанша орындалатын салт – дәстүрлер мен жоралғылар бар.Бұл салт- дәстүрлер атадан балаға, кейінгі ұрпаққа жалғасын тауып келеді.Соның ішінде біздің білетіндерімізге тоқталсақ.

Шілдехана 
Қазақ халқы думаншыл халықтың бірі. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын көптеген салт-дәстүрлердің бірі - шілдехана. Бүгінде жас сәбидің дүниеге келгенін той жасап, атап өту рәсімге айналған.Қазақ халқында ұл бала туса да, қыз бала туса да, жақын туыстарына хабарлап, "сүйінші" сұраған. Қуаныштарынан той жасап, атап өтеді. Ол тойға жақын туыстары мен жора-жолдастары келіп, нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіреді.

Бесік той
Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді."Бесік алып беру" - қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүр. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киітін, зергерлік бұйымдары мен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Шай ішіліп, әңгімелер айтылады. сонан соң "бесікке салу" ырымын жасайды. Жаңа бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген шайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқан әйелдерге "тыштыма" деп үлестіріп береді. Жаңа бесікке олар байғазыларын береді. Бесік жыры айтылады.
 
Бауырына салу   
Немерелерін ата, әжесі немесе жақын туыстары уақытша тәрбиелеуге алғанды "бауырына салу" деп атайды. Бауырына салғандарымен, ата-аналарынан айырмайды. Асырап та алмайды. Бұл дәстүрдің мақсаты - жалғыз қалған ата-анасына ермек болсын деп, ал туыстарына көмек ретінде, баларын уақытша жібереді. Бауырына салушылар тәлім-тәрбиелерін береді, қамқорлықтарын жасайды. Бала өскен соң ата-анасына кетеді, немесе сол шаңырақта қала береді. Қазақ халқында, әсіресе, бірінші немерелерін бауырына ұлдың әке-шешелері салады. Үйленіп, теңін тауып тұрмысқа шыққанда, үйлену тойларының қадірлі қонақтары етіп, үлкен ата-аналары деп, тілек білдіруде сөз кезегін бірінші соларға береді. Келін түсіргенде бірінші сол үйдің табардырығын аттатады.

Сүндеттеу
Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ең бірінші Ыбырайым пайғамбар мен оның ұрпақтары сүндеттелген және сүндетке отырғызу Құдайдың берген өсиеті болған. Қазақ халқында бұл салт-дәстүрге айналған. Халықтың түсінігі бойынша, сүндетке отырғызудың мақсаты - бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді. Қазіргі күні қазақ халқы осы салтты "Сүндет той" деп, көп жерлерде үлкен той жасап, атап өтеді. Сүндетке отырғызылған балаға тай мінгізіп, келген қонақтары сыйлықтар сыйлайды.

Тұсау кесу
Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр - тұсау кесу. Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі.Тойға келгендер тұсау кесер тойына сыйлықтарымен, шашуларымен келеді. Дастархан жайылып, көрші-қолаңдар, әйелдер, қыз-келіншектер жиналады. Тұсау кесетін баланың аяғына байлайтын жіпті тұсау кесетін әйел дайындап, алып келеді. Көпшіліктің алдында даярлаған сыйлықтарын беріп, ортада тұрған баланың аяғына байланған жібін кесіп, жібереді. Жіпті ақ, қара жіппен есіп, еркін байлауға жететіндей етіп дайындайды.Ақ, қарадан есіп жасалған жіп біреудің ала жібін аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді. Тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі таңдайды.

ІV. «Бата, тілек – дәстүріміздің негізгі баспалдағы.»

Ауыл адамдары қарапайым, иманжүзді келеді. Қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет ғұрпын ауылдан табуға болады.Қазіргі жастар бір істі бастамас бұрын ата-әжелерімізден ақыл-кеңес алуы керек. Өйткені, олар ата – баба дәстүрін бізден көп біледі.Осы орайда үлкенннің батасын алу деген бар.
Халқымыздың өте ертеден келе жатқан ұлттық салт – дәстүрдің бірі бата беру, ізгі тілек білдіру. Бата-тілек білдіру тұрмыс – салтымызда өміршең болғандықтан осы күнге шейін қолданылып келеді.
Мысалға:

Жолыңды, балам, оңдасын,
Білім қуған ойыңды,
Ата – бабаң қолдасын.
Шетте жүріп налыма,
Байлық қуып шабынба.
Ерінбей еңбек етерсің,
Білімнің шыңына жетерсің,
Байлық деген осы, ұлым,
Ақ жолыңды тіледім!
Жорытқанда жолың болсын,
Іздеген байлығың білімнен болсын.
Өтірік айтып жамандаудан,
Өсек айтып арандатудан,
Мазақ қылып күлуден,
Арамдық пен асқақтаудан сақтасын,
Тапқан байлығың халқымыздың игілігіне жарасын.
Әмин!
Бата берудің де өз реті, яғни жолы бар. Мысалы, күйеуге бата бергізбейді. Туыстық қарым – қатынасқа көңіл бөлінеді. Дастарханға қойылған ас желініп біткен үй иесі түрегеліп тұрып, көпті көрген қариялардан «Әмин»!- деп бата сұрайды. Батагөй жақсы ниет білдіретін сөз айтып, бет сипайды. Жиналған жұрт та жақсы ниетке тілегіміз қосылсын дегендей қол жайып, бет сипайды.
Қорытынды: Мінеки, Оқушылар,біз бүгін өзіміздің ата дәстүрімізді қастерлеп марқайып қалдық. лттық сана-сенімімізді жоғары ұстап, салт дәстүрімізді дәріптейтін және келешек жас ұрпаққа жеткізетін мына сіздерсіздер.

Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы,мақал-мәтелі, тыйым сөздері-тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік.Халқымыздың әдет-ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады.



















Салтым – асыл қазынам

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың

бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;

Ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі: Суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.

Музыкалық сәлем: Күйшілер тобы. «Тойбастар»


1 жүргізуші: Ата-салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгініммен жалғадым.

2 жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз , қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

1 жүргізуші: Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне бағытталған. «Салт-дәстүр-асыл қазына» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Музыкалық сәлем: (Қазақы дастарханым). Хор

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.






Shape2 Shape1

Еңбек дәстүрі

Отбасы, тұрмыс дәстүрі





Shape4 Shape5 Shape3

Наурыз дәстүрі

Отау көтеру дәстүрі

Қазақ халқының салт-дәстүрлері






Shape6 Shape7

Ислам тағылымы

Тәрбие дәстүрі


Shape8

Қаза ғұрыптары







Салт дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

2 жүргізуші: Тәрбие дәстүрі.

Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

Шілдехана (салт)

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.

Кіндік кесер (салт)

Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (Кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.

Бесікке салу (салт)

Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Қырқынан шығару (салт)

Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Тұсау кесер (салт)

Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.


Ғұрып

Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

1 жүргізуші:

Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

Тыштырма (дәстүр)

Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегітұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.

Базарлық (дәстүр)

Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

Байғазы (дәстүр)

Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

Тілашар (дәстүр)

Баласы 7 жасқа толған балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар» тойы деп атайды.

Жеті ата (дәстүр)

Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жет ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

Асату (дәстүр)

Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал, табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.


Би. «Қара жорға»

2 жүргізуші: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

Бала: Сүйінші, Сүйінші дүниеге сәби келді!

Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау – шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінекей сүйіншіңді ала ғой.

Бала: Рахмет.

2 -жүргізуші: Балаға қандай ат қойсақ болады екен? Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.

Әжелер: Иә, ата-бабамыз балаға ізгі оймен, таза ниетпен есім беруде үлкен мән берген. Сондықтан «Ат қою» рәсімін үлкендердің жолын қусын деп, аталарымыздың жолын қусын деп, ауылымыздың ақсақалына жолдайық.


Азан шақырылып,ат қойылады.

Балаға «Ат қою » рәсімі жасалады.


2 –жүргізуші:Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты.Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты


Әжелер: «Бесікке салу »рәсімін жасайды.

Ән: «Шілдехана»

Мұғалім: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі кезекті ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржынна кез-келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз. Кім көп жауап береді екен? Олар құпия асықтар.

1-сұрақ

Он атаны таратып беріңіз

(Әке, Бала,Немере,Шөбере,Шөпшек,Немене,Туажат, Жегжат, Жұрағат,Жамағат)

2-сұрақ

Үш алыс

(Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)

3-сұрақ

Үш биді атаңыз

(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

4-сұрақ

Үш жүзді атаңыз

(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

5-сұрақ

Үш байлық

(Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

6-сұрақ

Үш тәтті

(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)

7-сұрақ

Төрт қонақ

(Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)

8-сұрақ

Төрт қымбат не?

Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт – береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

9-сұрақ

Бес дұшпан

(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

10-сұрақ

Бес асыл

(Талап, еңбек терең ой, қанағат, рақым)

11-сұрақ

Бес байлық

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – еркіндік.

Үшінші байлық – тіл байлық.

Төртінші байлық – қайрат-күш, ақ жаулық

Бесінші байлық – балаңыз.

12-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

(Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

13-сұрақ

Алты қиынды ата

Арадан шыққан жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын

Жазылмаған дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын,

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

2 -жүргізуші: Ата дәстүр абырой көтергенге,

О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

1 -жүргізуші: «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады?

Екі оқушы ортаға шығады?

  • Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді » деген, сәлем беруге келдім.

  • Амансың ба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

  • «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.

  • «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.

  • «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін.

  • «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

  • «Бірлік түбі - тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

  • «Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

  • «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.

  • «Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар» деген, әлі кездесерміз, сау бол!



Мұғалімнің сөзі:

Құрметті көрермен қонақтар, Қош келдіңіздер! Қазақта қонақ кәде деген бар. «Қуыс үйден құр шықпа» дегендей қазақ үйіне қонақ келсе, нанынан ауыз тигізіп, ағын ұсынған. Олай болса наурызымыз құтты болсын! Дәмнен ауыз тиіңіздер.


Қонақтарға бауырсақ пен ақтан дәм тигізіледі.

Музыкалық сәлем: Ата – дәстүр әні.

Қорытынды

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүрлерімізді көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда құрметті оқушылар!

Күйшілер: «Тепең көк»











































Бекітемін:_______________ Құрманова Ш.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Күні: 13.01.2017

Тақырыбы: Салт дәстүрім- асыл қазынам

Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік

қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен  сабақтастығын

түсіндіру, мақал-мәтелдерін үйрету.

Имандылық,инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыу.

Көрнекілік: мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз.

                                 Барысы:

Кіріспе:

Мұғалім:  Қай заман болсын   адамзат алдында тұратын басты міндет-адал, білімді, еңбек сүйгіші ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт- дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлері жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп- білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отырған мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүр бар.Салт- дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсен, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз,

Халық педаогикасының тұрмыстық ережесі болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрптардың тәрбиелік мәні ерекше.

Білімсізден жаман жоқ,

Туған соң адам боп.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп-дегендей қазақтың салт-дәстүрлерін бірнеше топқа

бөліп қарауға болады.

Отбасы дәстүрлері

Shape9

ОShape10 тау көтеру Еңбек дәстүрі

Shape11

Қазақтың салт-дәстүрлері Тәрбие дәстүр

Shape14 Shape13 Shape12


Ислам тағылымы Қаза ғұрыптары Наурыз дәстүрі


Отау көтеру дәстүрлері: Қыз көші,беташар,шаңырақ көтеру.

Тәрбие дәстүрлері: Бесікке салу, алтыбақан.

Отбасы,тұрмыс дәстүрлері: Дастарханға бата,бәйге, отпен аластау.

Еңбек дәстүрі: Аңшылық,Сонар.

Ислам тағылымы: Құрбан шалу

Қаза ғұрыптары: Дұға оқу,жоқтау.


Халық  тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлері ырымдар жасайды.

1 оқушы: Шілдехана: - Сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түркірінде бұл рәсім әр қалай өтеді.  Сол күні баланы шілде суына шомылдырып сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден серпаланып өзінің шілде терін тығаруы тиіс.

2 оқушы: Қырқынан шығару:- Бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнпғы алынатын, бесікке салу рәсімі орындалатын.40 күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімде қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс.Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

3 оқушы:  Есімін атау: (ат қою) – Бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.Қазақ аттарының көптігі басқа хлықтардан ерекшелігі. Қыз  балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою « көз тимесін» , « тіл тимесін» деген ойымен қойылады. Ат тандалғаннан кейін баланың құшағына 3 қайтара айтылады.

4 оқушы: Бесікке салу:Бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шомылады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «Ит көйлегі» беріледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойнына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны « тыштырма» деп атайды. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой қиясына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балаларда жаттап алу керек.

5 оқушы: Тұсау кесер:- Бір жасқа толып еркін жүре бастаған бол бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтедіБөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын»  деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізіледі.

Тұсау кесер жырлары айтылады:

Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадамынды бас,балам.....

Әнекей, ақ бесік

Әлдейіме бақ бесік.

Шүмегінді салайын .

6 оқушы: Баланы атқа мінгізу салты- Баланың буыны бекіп,4-6 жасқа келгенде ат үстіне өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қыйыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.

Балаға ер- тұрмандарын сыйлап ( жандорба, тоқым, жүген, ноқта) атқа мінгізіп той жасайды.

Қорытынды:

Мұғалім:  « Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс- әрекетпен тәрбиелеген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қлғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт- бағдарды белгілеп, қоныс- суды дәл табуға үйреткен.

      Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, он бес- жиырма жасында  енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған.

      Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз,бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру-әке міндеті болып есептелген. « Қыз өссе-елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі,киіне білуі оның ішкі мәдениетімен,тәрбиелік деңгеймен байланысты.

        Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы басынан төзімділікке,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеген.

       Қазақ халқының салт дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да,салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр ,әдет-ғұрыппен өте тығыз байланысты.














№42 "Ақниет" Гимназиясы

Дайындаған: ІІ санатты МдТ тәрбиешісі: С.А.Ескакова


Ата - баба дәстүрі - ұрпаққа өнеге

Мақсаты:Балалардың өз еліне, жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін бойларыңа сіңіру. Халық ауыз әдебиеті арқылы тілдерін байыту,сыйластыққа, Отан сүйгіштікке,бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер:

Армысыз қайырымды Аспан –ата!

Армысыз мейірімді Жер-ана!

Армысыз шұғылалы Алтын күн!

Қуан,шаттан Алақай!

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық!

Тәрбиеші: -Балалар бүгін біз Хамза Есенжанов атындағы кітапханаға қонаққа келдік, кітапханада көптен кітаптар бар, ал біздер қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, және өнері туралы әңгімелесеміз.

3. (Бала жүгіріп келеді.Әже кіреді)

Бала:- Cүйінші! біздің ауылда кішкентай сәби дүниеге келді. Атын Батырхан қойдық болашақта ер жеткенде, нағыз батыр болсын деп

Тәрбиеші:-Балалар біздерге Сұлтан сүйінші сұрап,жақсы хабар айтып келді. Сүйіншісін берейік.(сүйіншіге кітап береді)

( Әже кіреді қолында сәбиді алып).

Әже:-Сәлеметсіңдер ме балалар мен кішкентай Батырханның бесікке салу тойын сіздермен бірге өткізуге келіп отырмын.

Балалар: - Құтты болсын!

Бауы берік болсын!

-Ғұмырлы болсын!

Әже: -Рахмет балаларым, айтқандарың келсін кішкентай немеремді көріп бауырларыңа

алғыларың келеме? Көрімдігін беруге ұмытпандар. (балалар айтқаннан кейін, көрімдігін тәрбиеші береді)

(Балалар кезек-кезек қолдарына алады)

  • Жаным, күнім, айым, алтыным, құндызым, арыстаным,

  • қошақаным, ботақаным,құлыншағым, балапаным.

Әже:-Ал енді балаларым қазір барлығымыз қазақтың «бесікке салу»атты салт-дәстүр рәсімін тамашалаймыз. (Рәсімді түсіндіру)

«Бесік жырын» балалармен бірге айтады.

Тәрбиеші:-Ал,балалар бесікке салу тойына жиналған екенбіз,сіздерде өнерден құралақан

емес шығарсындар?

- Қане,өнерлеріңді көрсетіндерші?

-Мінеки Біржан атамызбен,

- Сара апамыздың ізбасарлары өнерін көрсетпекші.

«Айтыс»

Бахтияр: Тыңдасаңыз халайық,

Әсем әнге салайық.

Амандасып алайын.

Сәламатпа ағайын,

Жансая: Наурызым ұлы мереке,

Әлемге енген береке.

Сау-саламат боларсыз,

Құтты болсын мереке.

Бахтияр: Алдарыңда сары қыз.

Наурыздағы сары уыз

Жауқазындай жайнаған,

Жансая атты ару қыз.

Жансая: Қазақтың дана баласы,

Наурыздың дара саласы,

Бахтияр деген сен боларсың,

Бәрің маған қарашы.

Бахтияр: Ұлыстың ұлы тойында,

Кім айтысар менімен.

Айтыс, айтыс болады,

Айтысқанда теңімен.

Жансая: Айтыс, айтыс болады,

Айтысса ақын теңімен.

Шешен болсаң көрейін

Айтысып көр менімен

Бахтияр: Бармаймын деп бақшаға,

Жылауыңды қойдыңба,

Көтерші деп арқаға,

Сұрауыңды қойдыңба

Жансая: Ерке қызбын білесің,

Бірақ неге күлесің.

Кәмпит сұрап өзіңде,

Күнде жылап жүресің.

Бахтияр: Әділ сөзді жақтаймын,

Ойдан шықса мақтаймын.

Лағындай еліктің

Сендей құрбы таппаймын.

Жансая: Менде әдептен аспаймын

Жеңілем деп саспаймын.,

Достығыңнан қашпаймын

Қанша ақын болсаңда,

4. (Қолында қоржыны бар Алдар көсе кіреді )

- Мен Алдармын, Алдармын

Сақалымды талдармын

Сақал түгіл мұртым жоқ

Көрінгенді алдадым аа-ее-оо

Алдар көсе: – Армысыңдар балалар! Мен сіздерге арнап базарлық алдым,тек қояр бір шартым бар,егер қазақтың дәстүрімен салтына,әдет-ғұрыптарына қатысты сұрақтарға жауап берсеңіздер,ешбіріңізде базарлықсыз қалмайсыңдар. Ал енді кім батыр,келіңдер қоржыннан сұрақ суырайық.

1.Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдерме? Жұмбақты шешіңдер:

Жіберсең бастап

Ойнады асқақ

Ерекше үні бар

Бұл қандай аспап? (қобыз)

Ел қорғайтын ерлікке

Әуенімен шақырған

Батылдыққа,елдікке

Әуезімен шақырған (дауылпаз)

Құрманғазы, Тәттімбет

Бұл аспаппен сайраған

Жүрекке от жақсын деп

Елге күйін арнаған (домбыра)

2.Төрт түлікке жататын малдарды атаңдаршы?(қой, сиыр, жылқы, түйе)

-Ал олардың төлдерін қалай атаймыз?(қошақан, бұзау, құлыншақ, ботақан)

Тәрбиеші:-Балалар төрт түлікке байланысты кім тақпақ айтып береді?

Азат: Шөре-шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секеңдеме,деміңді ал

Селтеңдемей құлағың

Дулат: Ботақаным-бөбегім

Қара көзің мөлдіреп

Қызықтырмай қоймайды

Жібек жүнің үлбіреп

Қарасам көз тоймайды.

Сымбат: Кіп кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам «қозым»деп

Қошақаным өзің деп

Шопан ата өсірген қойдың төлі-қозы

Нарұл: Қамбар ата өсірген жылқының төлі-құлын

Зеңбі баба өсірген сиырдың төлі-бұзау

Ойсыл қара өсірген түйенің төлі-ботақан

Сексек ата өсірген ешкінің төлі-лақ

Алдар көсе:-Жарайды балалар,сендер өте ақылды екенсіңдер,менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер, енді өздеріңнің өнерлеріңді көргім келеді, қане кім біледі мақал-мәтел, жаңылтпаш, өтірік өлеңдер.

Мақал-мәтелдер:

Дамир: Ананың сүті - бал

Баланың тілі-бал.

Нарұл: Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала

Дулат: Ата-бәйтерек,

Бала-жапырақ.

Жансая: Ұлдың ұяты-әкеге,

Қыздың ұяты-шешеге.

Азат: Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Жаңылтпаштар:

Айнара: Атам бақ аралады

Ағам тал аралады

Апам көл жағалады

Асыл ат тағалады.

Аружан: Тоғыз бала-тоғыз

Қалада да тоғысады

Тоғыз қала тоғыз

Баламен толысады.

Өтірік өлеңдер:

Аружан: Жолбарспен тосын кеп

Қара шыбын алысты

Шыбын жеңді, етін жеп

Екі күнде тауысты.

Нарұл: Бірте-бірте төселіп

Солай болды әңгімем

Қара нарға көтеріп

Қоя салдым тауды мен.

Әже: - Ой, балапандарым өте ақылды, өнерлі, мейірімді, сегіз қырлы, бір сырлы екенсіңдер. Мен сендерге бата берейін:

Әлемнің жарық ет

Ұл- қызды түгел білімді ет

Ақылың ассын

Ықыласың тассын

Шаңыраққа иірілсін

Достарың көп болсын.

Әумин!

Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар,балалар бүгінгі халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын ұмытпайық.

Жылдар, жылдар тарихтың мол беттері

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі

Көңілінді алат сезімге баурайды

Халқымыздың бүгінгі мен ертеңі.

Ән: «Атамекен»

әні: Е.Хасанғалиев

Жасыл –жайлау - түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен!

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдын аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі