Тәрбиелік шара "Адамзатқа ортақ ақын". 5-7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелік шара "Адамзатқа ортақ ақын". 5-7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлының 215 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепішілік көркем сөз оқулары ұйымдастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Адамзатқа ортақ ақын»

тақырыбындағы Махамбет оқуларының жоспары.



Өткізілетін уақыты: 6 ақпан, сағ 10-00.

Өткізілетін орны: М.Өтемісұлы әдеби-мемориалдық музейі

Шара түрі: Махамбет оқулары



Мақсаты: Жыл сайынғы дәстүрлі Махамбет Өтемісұлының 10 күндігіне орай мектеп оқушылары арасында баба өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

Шараға қатынасушылар: Махамбет атындағы орта мектептің оқушылары, ұстаздар, музей ұжымы.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі шараның қонақтары. Биыл азаттықты аңсаған батыр, кемеңгер ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 215 жыл толғалы отыр. Теңдікті аңсап, қара қазан сары баланың қамы үшін күресте жауға басын берген Махамбеттің артында ұмытылмастай болып оның батырлығы мен өлең – жырлары қалды.


Тыңдатып тарих сөзін, тағдыр даусын

Нәр болсын нөсерлеткен әрбір тамшың.

Алдаспан ақ күмбезге айналсын да

Артыңнан ақ дауылдан жаңбыр жаусын. - Деп жерлес ақынымыз Қойшығұл Жылқышиев жырлағандай баба артында оның жырларын айтатын ұрпақтары бар. Олай болса мектепмектепшілік ұйымдастырылып отырған дәстүрлі Махамбет оқуларына қош келдіңіздер!


Жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатынасушы оқушыларымызды ортаға шақырайық:


1.Бимұхан Альфия

2.Елтайқызы Айша

3.Еділ Мейрамгүл

4.Жұмаев Жанайдар

5.Атшыбай Қарақат

6.Зинел Фатима

7.Дүйсенғали Айсана

8. Мирамғали Индира

9.Болатова Ботакөз

10.Дауылғали Ілияс


Жүргізуші: «Адамзатқа ортақ ақын» атты Махамбет оқуларының әділқазылар алқасы:


Іңкәрова Нұргүл - Махамбет атындағы орта мектептің тәлімгері

Ілиясова Тұрған -мектеп психологы

Бекмұханова Гүлден Амангелдіқызы - мектеп кітапханашысы


Жүргізуші:Қатынасушылар реттік сандарыңызды алуды сұраймыз.Олай болса, сайыстың бөлімдерімен таныс болыңыздар


І – бөлім Мәнерлеп оқу сайысы (әр қатынасушы 1 өлеңнен мәнерлеп оқиды, жаттаған өлең саны есептеледі) Ұпай 1-10 ұпай аралығында.


ІІ – бөлім Айтыс (қатынасушылар жұп болып өлеңмен айтысады, жалғасын табу) Ұпай саны жалғастырған өлең санымен есептелінеді, әр өлең 1 ұпай .


ІІІ – бөлімде қатынсуларға жазбаша түрде баба өлеңдерінің тақырыбы беріледі, әр айтқан өлеңі 1 ұпай болып есептелінеді.


Жүргізуші: Кезек І бөлімде


Жүргізуші: Сайыстың қорытындысымен танысу үшін сөз төрешілер атынан


Жүргізуші: Махамбеттен бізге жеткен мұра саны жағынан көп болмағанымен, идеялық көркемдік жағынан мәні зор. Махамбет шын мәнінде өз халқын, отанын сүйген патриот ақын. Әр сөзі хан, сұлтан, би, феодалжарға қарсы айтылған үгіт, өмір шындығының бір бөлшегі тәрізді. Құрметті шара қонақтары мен қатынасушы сайыскерлер бүгінгі шараға уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет, баба шығармаларын насихаттаудағы еңбектеріңіз бен ізденістеріңіз нығая берсін, қанаттарыңыз талмасын. Сау болыңыдар.



Мектепішілілік өткен

«Адамзатқа ортақ ақын» атты Махамбет оқуларының мәліметі



6 ақпан күні М.Өтемісұлы 215 жылдығына орай дәстүрлі Махамбет оқулары болып өтті.

Шара мақсаты жыл сайынғы дәстүрлі Махамбет Өтемісұлына арналған 10 күндікке орай мектеп оқушылары арасында баба өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.Жас ұрпақты баба өлеңдерімен сусындату. Махамбет өлеңдерін жатқа үйрету. Оқушылардың отансүйгіштік, ақындық қабілетін арттыру.

Үш бөлімнен тұратын сайысқа 5-7 сынып арасында 10 оқушы қатынасып, Махамбет өлеңдерін мәнерлеп оқу, айтыс және тапсырма бойынша берілген өлеңді оқу арқылы қатынасушылар өз білімдерін сынға салды. Шара соңында төрешілердің шешімімен І орынды Атшыбай Қарақат, ІІ орынды Бимұхан Альфия, ІІІ орынды Жұмаев Жанайдар мен Еділова Мирамгүл еншіледі.

Жеңімпаздар М.Өтемісұлы әдеби-мемориалдық музейінің дипломдарымен марапатталды.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2018
1234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі