Тәрбиелік шара "Болашағың бұлыңғыр болмасын десек..."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелік шара "Болашағың бұлыңғыр болмасын десек..."

Материал туралы қысқаша түсінік
салауатты өмір салтын насихаттауда өткізілген шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашағың бұлыңғыр болмасын десек...»


Еркінқала орта мектебі бойынша «Өз өміріңді қөркемде» атты Республикалық акция аясында 8-9 сыныптар арасында «Болашағың бұлыңғыр болмасын десек...» атты тәрбиелік шара сайыс түрінде өтті

Мақсаты: 

«Бірінші-байлық-денсаулық»деп-айтылғандай,«Қазақстан-2050»бағдарламасында көрсетілгендей,өркениетті елдің әрбір азаматының    денсаулығы мықты,хал-ақуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.
Тәрбиелік - адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

 

Дамытушылық – оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.

Сайысқа қатынасқан оқушылар:


1. «Болашақ» тобы-8 а,ә,б сынып оқушылары;

2. «Салауат» тобы-9 а,ә,б сынып оқушылары:


Әділқазылар алқасы:


  1. Нұрышев Е.С.- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

  2. Мырзабай А.М.- мектеп инсиекторы


Сайыс шарттары:


1.“Бірлік еткен озар ,бірлеспеген тозар” Таныстыру бөлімі

2. “Жаманнан жирен... Газет қорғау бөлімі

3. “Уланбасын өмірің” Көрініс көрсету бөлімі

4. “Салауатты өмір-нұрлы болашақ” үй тапсырмасы


 

Көрнекілігі: плакаттар, слайд, видеоролик


Жүрісі:


Мұғалім:Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы.
Сондықтан ел Президентінің "Қазақстан - 2050” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басым көрсетеді.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу - басты талап. Еркінқала орта мектебі бойынша Атырау облысы білім беру басқармасының 2015 жылдың 20 қазадағы № 15-4-17/2286 санды хатына сәйкес «Өз өміріңді қөркемде» атты Республикалық акция аясында 8-9 сыныптар арасында «Болашағың бұлыңғыр болмасын десек...» атты тәрбиелік шараға қош келдің айтып,сайыстың жоспарымен таныстырып , «Болашақ» және «Салауат» тобын ортаға шақырды.

1.“Бірлік еткен озар ,бірлеспеген тозар” Таныстыру бөлімі

«Болашақ» тобының таныстыруы «Салауат» тобының таныстыруы



  1. Жаманнан жирен...» Газет қорғау бөлімі

«Болашақ» тобы «Салауат» тобы



4.“Уланбасын өмірің” Көрініс көрсету бөлімі

«Салауат» тобының

«Өз өмірің өз қолыңда» атты көрініс



«Болашақ» тобының

«Есірткісіз болашақ» атты көрініс



5.“Салауатты өмір-нұрлы болашақ” үй тапсырмасы

«Болашақ» тобының «Салауат» тобының

«Жаман әдеттен жирен» «Спорт-денсаулық кепілі»

Әділқазылар алқасы:



Picture 10





Мұғалім:- Балалар, бүгін «Болашағымыз бұлынғыр болмасын десек» тақырыбындағы болып жатқан тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Сендер қазір тек 8-9- сыныптың оқушысы болсаңдар да, ата - ана да, ұстаздар қауымы да сендердің болашақтарыңа алаңдаймыз.. Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен. Сондықтан барлығымыз бақытты болайық,яғни деніміз сау болсын. Осы денсаулықтарыңды зиянды әдеттермен улап, өз болашақтарыңа балта шаппаңыздар дегім келеді. Осы өтілген «Болашағымыз бұлыңғыр болмасын» тақырыбындағы тәрбие сағаты сендерге мәңгілік сабақ болсын. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.
Сонда ғана сендердің болашақтарың нұрлы болып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын азамат болатындарыңа сенеміз.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2018
1027
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі