Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбиелік шара: ХХІ ғасыр көшбасшысы- интеллектуалды танымдық шара
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дайындаған: Г.Мукажанова
Қатысқан сыныптар: 11а,11ә,10а,10ә
Бекітемін:____________________
Күні:
Сыныбы: 10-11
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы- интеллектуалды танымдық шара
Мақсаты Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды басқа пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар:Суреттер, түрлі түсті шарлар, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта
Барысы. Ұйымдастыру кезеңі
Ойынға қатысушылармен танысу:
І. Топтың лидері, топ мүшесі (барлығы 2 оқушыдан 8 оқушы)-өз өздерін таныстырады
ІІ.Топтың аты, ұраны, таңбасы
ІІІ.Әділқазылармен таныстыру
Ж: Бүгінгі интеллектуалды ойын төрт асудан тұрады:
I асу – «Логика»
II асу – «Үздік ондық»
ІІІасу- «Туған өлке»
IУ асу – «Астана-20жыл»
У асу- «Менің жолым»
Ж:Күй. Орындайтын Сәліш Камила
Ж: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев :«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет.Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар.Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек. Соның біріншісі- Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деген еді биылғы халыққа жолдауында. Ендеше осы талапқа сай көшбасшы мемлекеттің көшбасшы азаматтары атану үшін бүгінгі ойынымызды бастаймыз.
I асу – «Логика» - 4 ұяшық беріледі. Жеребе бойынша топтар ретімен ұяшықты таңдап жауап береді: ойлануға 60секунд
1.Ауыспалы
мағына. Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп
айтамыз?
Жауабы: Біз сағатқа қараған
кезде, нешеден болмасын он минут кетіп тұрған
жағдайда.
2.Қобдиша. Қобдишада не бар. Ол бізідің өмірімізбен тікелей байланысты. Ол сенің кім екеніңді анықтайды. Жауабы: Төлқұжат
3.Өткен заманда Грекияда Аристотель шыбынның 8 аяғы бар деген. Барлығы шыбынның 8 аяғының бар екендігін мойындап жүрді. Бір күні кенеттен ғалымдар қызығушылықпен шыбынды ұстап алып, аяғын санады. Сөйтсе шыбында 8 емес 6 аяғы бар екен. Сұрақ: Неге адамдар шыбынның 6 аяғының бар екенін кеш білді.
Жауабы: Аристотель әлемнің бірінші ұстазы
4.Алдыңызда су толы пластик дорба. Осы дорбаны қарындаштың көмегңмен бір тамшы су тамызбастан екі жерден тесуіміз керек. Ол қалай жүзеге асады.
Жауабы: Қарндашты дорбаның ортасынан өткізіп қоямыз.
II асу – «Үздік ондық»
1.Қазақстан республикасының рәміздері
қабылданған жыл? (1992 жыл)
2. Шет елде қазақ әнін
орындап, күміс жүлде алған әнші кім? (Ә.
Қашаубаев)
3.Қазақтан шыққан геолог ғалым ? (Қаныш Сәтпаев)
4.Ең кіші планета ?- (Меркурий)
5.Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын
алған палуан? (Қажымұқан
Мұңайтпасұлы)
6. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және
алғаш оқу құралын жазған тұлға? (Ахмет
Байтұрсынұлы)
7. ҚР - сы қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай,
Түркіменстан)
8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері ? (Т.
Әубәкіров)
9. Қазақстанда қанша облыс бар?
(14)
10.Киіз үйдегі киім ілгіш - ( Адалбақан)
11.Шахматтың Отаны (Үндістан)
12.Кіші жүздің атақты биі кім? (Әйтеке би)
13.Мына күйдің авторын тап. Адай (Құрманғазы)
14. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)
15. Қан құрамында гемоглобин азайса, адам ауруға ұшы
райтыны белгілі. Гемоглобин молекуласының құрамында қай элемент бар? ( темір)
ІІІ асу «Туған өлке»
1.Атырау облысы құамындағы 7 ауданның бірі. Каспиидің солтүстік шығысында орналасқан. Биылғы жылы 90 жылдық мерей тойы тойланғалы отырған аудан.-Жылыой
2.Бұл кім. Елімізге танымал болып келе жатырған жас күйші. Жылыой ауданының тумасы. – Нұржан Тәжікенов
3. 1980-1997жж №3 орта мектеп кімнің есімімен аталды- Жданов
4.Бұл кім: Есімі елге танымал. Он саусағынан өнер тамған алтын құрсақты ана. Бүгінгі таңда ұрпақтары облысымызға белгілі кәсіпкерлер. Ауылымыздың ардақта азаматтары- Рысты Балжігітова
5. Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Ол 1979 жылғы 18 желтоқсанда ашылып, 1991 жылы сәуір айында пайдалануға берілді. Атырау облысының Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналасқан.- Теңіз мұнай кен орны
IУ асу – «Астана-20жыл»
Сипаттамаға сай ғимараттарды ата: 4 ұяшықтың бірін таңдайды
1.. Орталық әлемге танымал сәулетші Нороман Фостердің туындысы. Ғимарат салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғыдан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метр. Орталықтағы арнайы қондырғылар ішкі температураны бірқалыпты сақтайды. Алты қабатты сауда орталығына Астанаға келген қонақтар жиі барады.-Хан шатыр
2.. Қаланың ортасына қойылған мәрмәр монумент қазақ халқының бірлігі мен дамуының көрінісі ретінде қойылған. Биіктігі 91 метрге созылуы қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді.Монумент басында алып құс самұрық қойылған. Оның төрт жағында «Тұңғыш Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қолабарельефтері бар.- «Қазақ елі» мемориалды кешені
3.. Бұл Астана қаласын екіге бөліп тұрған саябақ. Екі павильоннан құрылған бақта үш деңгейлі көрме бар. Аумағында көз тартар құрылыстар көп. Әйнектен жасалған өтпелер, түрлі түстерге боялған жолдар, оны қоршаған кеселер бар.Астанаға келген туристердің дені оның жанында демалып, су терапиясын алады.-Әуенді Фонтандар бағы
4.Астанадағы ерекше құрылыстардың бірі. Биіктіктігі 97 метр болады. Бас қалаға барған кез келген қазақстандық тұрғын сол кешенге баруға тырысады.
Ол металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған. Диаметрі - 22 метр болса, салмағы - 300 тонна. «Хамелеон» әйнектерінен салынған құрылыс алыстан көз тартады.
Ғимараттың жоғарысына жедел саты арқылы көтерілуге болады. Оның жоғарғы қабатындағы үлкен зал арқылы қаланың көп жеріне көз жеткізесіз. Залдың қақ ортасында әлемдік дін өкілдері қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус бар. Қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы алақан» да осы жерде. Ол жерден тұңғыш президенттің қолтаңбасын көруімізге болады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер.- «Астана-Бәйтерек» кешені
IV асу- «Менің жолым»- Берілген 4 тақырыптың біреуін таңдай отырып қорғау. Топ басшысы.
Әр дұрыс жауап сайын 1 ұпайдан алып отырған топ өздері таңдаған кілт бойынша құлыпты ашады. Егер құлыпты дұрыс ашса ол топқа 3 ұпай қосылады. Жеңімпаз топ көшбасшы атанады
Қорытындылау. Марапат
№3 жалпы білім беретін орта мектеп
ХХІ ғасыр көшбасшысы-
интеллектуалды танымдық шара
Дайындаған: Г.Мукажанова
Қатысқан сыныптар: 11а,11ә,10а,10ә
2018-2019 оқу жылы