жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Сыныбы: 5а
Тақырыбы : Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың
салт дәстүріміз туралы,білімдері мен өнерлерін байқау. Ән-би,
қолөнер тәрізді халықтық өнерлерден хабардарлығын анықтау.
Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды
ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке
аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Барысы:
Мұғалім: «Отбасы – шағын мемлекет » деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ – мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ «Бала –адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты. Бүгінгі сайысымызға сыныбымыз түгел және үш отбасы қатысады.
1-жүргізуші. Ана-бала,бала-ана бір ұғым
Бір –бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты
2 – жүргізуші: Ана –бала көздің ақ пен қарасы
Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы, ары санасы дегендей бүгінгі «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәрбие сағатымыз 2 бөлімнен тұрады.
І бөлім. Әдеби – музыкалық монтаж
ІІ бөлім. «Отан – отбасынан басталады» сайыс
1-жүргізуші. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен,кіші,жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге
Ортаға «Асыл ана» әнімен Кәрім Әсемді шақырамыз.
1 – оқушы: Жарық дүние сыйға тартып сәбиге,
Мол бақытқа бөленді ана әрине.
Адамзатқа бұл өмірді сыйлаған,
Ана сөзі ұлы дайым фәниде.
Ана сөзі үш әріпті бір ұғым,
Біл ананың тірі кезде қадірін.
Кеш түсініп бұл өмірде барлығын,
Безендіріп жатпа кейін қабірін.
Бір анадан басталады даналық,
Өсіреді ана ұлын дана ғып,
Бұл өмірде қате басып қадамын,
Адам өзі жасамаса балалық.
Жас өмірін құрбан қылып бала үшін,
Барлығынан артық көрген баласын.
Бұл өмірде сыйлап өтер мәңгілік,
Аман болшы менің дайым АНАШЫМ!!!
2-жүргізуші. Би: «Хорезм» орындайтын Жұмақұл Іңкәр
2 – оқушы: Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Жан әке, шертіп сезіп
Домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың
Бұл күнде мен де
Өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса
соның жолдасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
1-жүргізуші. Ән: «Әке» орындайтын Байтүгел Ақгүл
3 – оқушы: Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Ән: « Анашым» орындайтын Зинолла Индира
ІІ бөлім. «Отан – отбасынан басталады» сайыс
Сайыс төмендегідей бөлімдерден тұрады
Таныстыру
«Білімдіге дүние жарық» білімділік сұрақтар
«Мен сенің өміріңнің жалғасымын» сурет салу байқауы
«Тіл өнері» мақал – мәтел жалғасын табу
«Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы
«Сөз тапқанға...» берілген әріптермен жауап беру
Сен білесің бе?
2-жүргізуші. І.Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі
Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.
1-жүргізуші. ІІ. Орасақ та жәннат ішік ,құндызға
Баласақ та айға, күнге,жұлдызға
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға
Сайысымыздың келесі бөлімі «Білімдіге дүние жарық» білімділік сұрақтар қойылады.
І топ
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы – қарта, жал – жая, бесбармақ)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Әкеден балаға берілетін зат ( мұра)
5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
6. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
7. ҚР тәуелсіздікті қашан алды? (1991ж. 16 – желтоқсан)
8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
9. Қазақ халқының салт – дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда тұсіру, келін түсіру, қыз ұзату т.б)
2-жүргізуші. ІІ топ
Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
Абайдың туған жылы? (1845ж)
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)
Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)
Ұлттық киімдерді ата? (тақия, бешпет, камзол, сәукеле)
Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
Беташар қашан айтылады? (келін түскенде)
Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)
1-жүргізуші. ІІІ.Өнерлінің өнерін
Тағыда байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік
Суретшілерге кезек берейік. суретшілер сайысы
2-жүргізуші. ІҮ. «Мақал айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, ал енді мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастырыңыздар.
Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................
Ананың көңілі балада, ..........................
Ата-ананың қадірін - ................................
атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)
Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
1-жүргізуші.
1. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
2. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
3. Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)
4. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)
5. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
6. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)
2-жүргізуші. Ү. Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында
дей келе «Өнерпаздар сайысын» бастаймыз. (әр топ өз өнерлерін көрсетеді)
1-жүргізуші. ҮІ. Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
Берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
І топ
1.Тілді қадірлейсіз бе?
2. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
3. Мерекеге қандай киім киесіз?
4. Кітап оқығанды ұнатасың ба?
5. Лотореядан ақша ұтсаңыз, не істейсіз?
6. Достарың кімдер, көп пе?
7. Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?
8. Түнде аспанда не болады?
9. Баланың бас ұстазы – ата-ана ма?
10. 16-желтоқсанда қандай мереке тойлаймыз?
2-жүргізуші. ІІ топ
Тіл сүйектен өте ме?
Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?
Мектепке немен келесіз?
көршіңмен татусың ба?
ауа райы салқын ба?
Дүниедегі қымбат жан
Түлкі неге қу аң?
Су тіршілік көзі ме?
Бақыт дегеніміз не?
Ит жеті қазынаның бірі ме?
1-жүргізуші. ҮІ.Тәлім алған отбасынан өнегелі
Өнерлілер таң қалдырған талай елді
Ән салсақ,би де билеп,жыр жырласақ
Ешкімнен қалыспаймыз біздер енді
Келесі сайысымыз сен білесің бе?
І топ
1. Оның ағасы маған жезде, мен оған кім боламын? (құда бала)
2. екі қыздың балалары бірі – біріне кім болады? (бөле)
3. Жеті атаны ата. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2-жүргізуші. ІІ топ
1. Анаңның туыстары саған кім болады? (нағашы)
2. Ағамның әйелі маған (жеңге)
3. апамның әкесі маған..., мен оған.... (әке, бала)
1-жүргізуші. ҮІІ.Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес,жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.
Кезекті әділқазалар алқасына береміз.
Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Сіздер бүгін «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» атты тәрбие сағатын көріп тамашаладыңыздар. Өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін. Мектеппен жиі байланыста болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген