Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы күніне арналған сайыс түрі. Ата-ана баласымен бірге қатысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы


Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткізгелі тұрған «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» сайысына қош келдіңіздер! Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі. Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау - бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары 6 миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Ал еліміз азаматтарының жалпы саны 17 миллионнан асты. Бұл Қазақстан Республикасындағы отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының барынша айғағы. Отбасы күні барша қазақстандықтарға амандық және баянды отбасылық бақыт тілеймін. Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін.

Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайыстың шарттары:

1. «Жеті атасын білгенмеген ер, жеті жұрттың қамын жер» таныстыру (әр отбасы өз-өздерін таныстырады)

2. «Сұрақ-жауап»

3. «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.
4. «Тіл өнері» мақал-мәтелдің жалғасын табу.

5. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — қолөнер (Үй жұмысы)

6. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

 

Енді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қайрақбаева Ұлдай апай

Бастауыш сынып жетекшісі Жұмабай Динара апай

Келесі кезеңімізге өтпей тұрып 1-сынып оқушыларының дайындаған өлеңдеріне кезек берейік


1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» таныстыру (әр отбасы өз-өздерін таныстырады)


2. Сұрақ-жауап

Балаңыздың туған күні айы жылы қашан?

Балаңыздың парталас көршісі барма, бар болса есімі кім?

Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?

Балаңыздың сүйікті асы қандай?

Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

Балаңыздың жақсы көретін пәні қандай?

Балаңыздың сүйікті ісі қандай?

Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзі қандай?

Балаңызға үлгі болатындай өз бойыңыздағы жақсы бір қасиетеріңізді айтып берсеңіздер? (әр ата - ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)

3. «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.

4.«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.

1. Атаның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)
10. Атаңа не қылсаң, .................(алдыңа сол келер.)
11. Өз балаң өзекке тепсең де................( кетпейді.)
12. Қарға баласын «аппағым» дейді,.......................(кірпі баласын «жұмсағым» дейді.)
14. Балалы үйдің................( ұрлығы жатпас.)


5. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — қолөнер (Үй жұмысы)

«Жағдаяттар»

1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті

телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

 Балаға:

Ата – анаң қатты дауыс көтерсе немесе ұрса сен қандай әрекет жасайсың?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
Балаға:

Сынып жетекшісімен келіспей қалсаң, не істер едің?


6. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

Әділ қазылар алқасы қорытындысын дайындағанша «Баланың бас ұстазы – ата — ана» — тірек – схемасын құрастыру үшін отбасыларды ортаға шақырайық.

Shape1 Shape2 Shape3



Shape4

Баланың бас ұстазы – ата — ана




Shape6 Shape5


Shape9 Shape7 Shape8

Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.
Жүргізуші: Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.
(Отбасылар номинация бойынша марапатталады)

«Ең өнерлі отбасы»;

«Ең білімді отбасы».







































Құдықсай негізгі мектебі

















Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы




Аға тәімгер: А.А. Абайбек

















2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.00.2018
518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі