400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»


Мақсаты:

1. Отбасының адам өмірінде алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.

2. Адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге, жаманнан жиренуге баулу.

Барысы:

1. Кіріспе

Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.

Отбасының белгілі тұратын мекен-жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен қарым-қатынаста болады. Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым- қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып- сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы-адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған- туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң, сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.

Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР-ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

2. «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» бейнеролик тамашалау

https://youtu.be/Z-Fcwpe2leY


3. Oтбасы туралы мақал-мәтелдер айту

Отан отбасынан басталады.


Отбасы- тәрбиенің басты ұясы.


Әке-асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.


Балалы үй – базар,

Баласыз үй – қу мазар.

Бала – ананың бауыр еті, көз нұры.


Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.


Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.


Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.


Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер.


Ағайын - алтау, ана – біреу.


4. Сұрақ-жауап

1. Отабасының ұйытқысы кім?

2. Отбасының қорғаны кім?

3. Отбасының ақылшысы кім?

4. Отбасының қызығы кім?

5. Қара шаңырақ дегеніміз не?

6. Қара шаңыраққа кім ие?

7. Отбасының берекесі неде?

8. Отбасы мүшелері қандай болуы керек?

9. Отбасының өзіндік ережелері болғаны дұрыс па? Неліктен?

10. Сенің отбасыңда қандай ережелер сақталады?


5. Отбасы туралы қанатты сөздер

Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Назарбаев

Елін сүйер сеніңіз,

Өз отбасын сүйе алған.

Қ. Аманжолов

Анасыз бала болмайды.

І. Есенберлин

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Шал ақын

Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.

Ғ. Мұстафин


Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең.

Д. Бабатайұлы

Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

А. Макаренко


Отбасы өмірді кемеліне келтіреді... бақыт әкеледі.

А. Макаренко


Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю.

Б. Момышұлы


Ана көрегендігінің теңдесі жоқ.

Оноре де Бальзак


Адамдар - әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса, ақын да, батыр да болмайды.

М. Горький


6. Қорытынды

Отбасы – тек ошақ қасы ғана емес, ол ең алдымен, Отанның ошағы. Отан, отбасы деген сөздердің түбірі «от» деген киелі ұғымнан бастау алған. От бар жерде өмір бар. Өмір болған соң, отбасы құрылады. Мың, миллиондаған отбасы Отан деген ұғымды құрайды. Отаның болу үшін жерің, үйің, елің, мемлекетің, дінің, тілің болуы шарт. Мемлекет отбасынан құрылса, отбасы туыс адамдардан құрылады. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасынан берілген тәрбиеге тікелей байланысты.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі