Тәрбиенің қайнар көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиенің қайнар көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе. Бала жүрегі-кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. М.Шаханов.«Ұстаздық еткен жалықпас»...деп Абай атамыз айтпақшы, өзімнің ұстаз мамандығын таңдағаныма кейде сондай риза боламын. Әрбір үйдің еркесі мен тентегін тәрбиелеп, адами қасиеттерді бойына сіңіріп, білімді де, білікті азамат ету тек ұстаздың ғана қолынан келеді. Сүрінсе сүйеп, өмір баспалдағына тәй-тәй бастырып «өмір» атты алаңға шығарып «самғап ұш»-дейтін де ұстаз. Мұғалімдік-әлемдегі мамандықтар арасындағы ең-ең біріншісі, қасиеттісі, құдіреттісі, киелісі. Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты , дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп.Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К. Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шындығында келгенде , тәлімгердің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз.Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер:мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәлімгер мұғалімнің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмауы керек деп ойлаймын. Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау өте қиын.Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес.Қиыны мен қызығы, талабы менжемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені бұл мамандық-менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын.Мұғалімдік қызмет-адам жанына нәрберетін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі –жан азығы.Ол жан азығы жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
786
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі