Тәрбиеші балабақша жүрегі

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Тәрбиеші балабақша жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілерімен сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің

«Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақшасы»КМҚК














Тәрбиеші – балабақша жүрегі










Ұйымдастырушылар: Махатова З.Б

Орынғазинова Н.О

Тексерген: Токбаева С.Б








2025-2026 оқу жылы

Тақырыбы: «Тәрбиеші Балабақша жүрегі»

Максаты: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру,

Педагогикалық жағдайларды шешу. Ұжымда ауызбіршілікті нығайтуға

бағытталған.

Шарты:

  1. Өзін өзі таныстыру

  2. Макал-мәтел табу (сурет арқылы)

  3. «Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)

  4. «Білім бәйгесі» (Сұрақтар жиынтығы)

  5. «Өнерлі өрге жүзер» Тәрбиешінің өз өнері

1-Жүргізуші: - Құрметті әріптестер, ұжымдастар! Бүгінгі «Тәрбиеші

Балабақша жүрегі» сайысына қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші: - Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдіктісіңіріп тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастауалып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын — тәрбиеші, яғни педагог. Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай Атамыз айтқандай

«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»,- дегендей

Болашақтың бакыт жасын салады. Мұндай ізденіс – бүгінгі танда біздің

Тәрбиешілеріміздің бойында ұшаң теңіз.

1-Жүргізуші:

Тәрбиеші…

Осы сөзде қаншама ұлылық бар

Жүрегінде маздаған жылылык бар

Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым

Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым

Ұстаздығы сан сырды ұғынып кал.

Журекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты тәрбиешіге шын көңілден

Жолдаймыз сәттілік пен сәлем бүгін,- дей келе тәрбиешілерімізді қол

Соғып қошеметтеп ортаға шақырайық.

2-Жүргізуші:

Тәрбиешілеріміз дайын болса,сайысымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын, сайыс

Шарттарымен таныс болыңыздар:

  1. Өзін өзі таныстыру

  2. Макал-мәтел табу (сурет арқылы)

  3. «Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)

  4. «Білім бәйгесі» (Сұрақтар жиынтығы)

  5. «Өнерлі өрге жүзер» Тәрбиешінің өз өнері


Ендеше сайысқа әділ төрелік ететін әділқазы төрайымы мен мүшелерін

Таныстырып өтейік.

Әділқазы төрайымы: балабақша меңгерушісі Абдилова Гульнар Жеңісқызы

Мүшелері: балабақша әдіскері: Токбаева Салтанат Балтабековна

Балабқшамыздың аға тәрбиешісі: Омарова Мира Нуртолеуовна

Балабақшамыздың педагог- психологі Абилкасимова Гульжан Балтағалиқызы

Балабақшамыздың музыка жетекшісі Усенова Айжан Сейтхановна


1-Жүргізуші:

Ақыл, көрік бойларына жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызға

Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді.

1. Ал, қанекей танысайық! 1-ші бөлімінде тәрбиешілер өздерін

таныстырады.

2-Жүргізуші:

- 2- бөлім «Мақал- мәтелдерді» табу( сурет арқылы)

1-Жүргізуші: -Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,

Сіздер өтер әліде көп сын бар.

Асығынды ал қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, - дей отырып сайысымыздың

3Бөлімі бойынша «Тапқырлық танытыңыз» (педагогикалық жағдаяттар)

Сайысын бастаймыз.

  1. Бала ұйымдастырылған іс-әрекет үстінде басқа балаларға кедергі келтіріп, шулап отыр. Сіз не істейсіз?

  2. Ата-ана сізге келіп, баласының басқа балалармен ойнамайтынын айтып шағымданады. Сіздің әрекетіңіз?

  3. Бала ойыншықтан айырылып жылай бастайды. Сіз қалай әрекет етесіз?

  4. Топтағы балалардың бірі өзге баланы итеріп, ренжітіп қойды. Не істейсіз?

  5. Балалардың кейбірі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқысы келмейді. Қалай қызықтырасыз?

  6. Топтағы бір бала дұрыс сөйлей алмайды. Басқа балалар оны мазақтай бастады. Сіз не істейсіз?

  7. Әріптесіңіз сіздің әдісіңізге қарсы пікір айтты. Сіз қалай әрекет етесіз?

  8. Бала балабақшада тамақ ішкісі келмейді. Не істейсіз?

  9. Ата-ана сіздің жұмысыңызға сын айтты. Сіздің жауабыңыз қандай болады?


2-Жүргізуші:

«Білім бәйгесі» (Сұрақтар жиынтығы)

  1. Мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші әрекеті не?(Ойын)

  2. Тәрбие мен оқытудың бірлігі қалай аталады? (Білім беру процесі)

  3. Қиын мінезді баламен қалай жұмыс істеу керек? (сабырмен, түсіністікпен және жеке тәсілмен)

  4. Дидактикалық ойынның мақсаты қандай? (баланың ойлауын, тілін, зейінін дамыту)

  5. Баланы еңбекке баулу неден басталады? (өз-өзіне қызмет ету дағдыларынан)

  6. Баланың өз-өзіне сенімділігін қалай арттыруға болады? (мадақтау, қолдау, сенім білдіру арқылы)

  7. Баланың есте сақтау қабілеті қандай әрекетте дамиды(қайталау мен тәжірибе арқылы)

  8. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің ең маңызды кезеңі қайсы? (қорытындылау және бекіту кезеңі)

  9. Қимыл-қозғалыс ойындары қай салаға жатады? (дене тәрбиесі)

  10. Балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы не үшін қажет? (тәрбиенің бірізділігін сақтау үшін)

  11. Ұлттық тәрбие дегеніміз не? (халықтың салт-дәстүріне, мәдениетіне негізделген тәрбие)

  12. Тәрбиешінің басты міндеті неде?(баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау )



1-Жүргізуші:

Қашаннан қазыналы халкым менің,

Өнердің өнегелі алтын кені

Даралап дарынымен шықсын озып,

Танытып көпшілікке өз өнерін, - дей отыра, 2-ші бөлімі бойынша

«Өнерлі өрге жүзер» сайысын бастаймыз

Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша ортаға шығып билеп

Алыңыздар.

Кімдер жүйрік,

Өнерпаз білейікші,

Әділқазы алқасына тек әділдікті,

Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, - деп келесі сөз кезегін әділ-

Қазылар алқасына сөз беріледі.

(Әділқазылар шешімін тыңдау, мадақтамалар табыстау).

Жүргізуші: Ұядағы балапан қақты қанат

Қарға емес, қыранға өзін балап.

Жас канатта жетеді мұратына

Болса егер таудан да биік талап

Барлығына риза болсын көрермендер,

Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.

Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ.

Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде! – дей келе баршанызды

Төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт,

Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!

Қош! Сау болыңыздар!





  1. Мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші әрекеті не?

  2. Тәрбие мен оқытудың бірлігі қалай аталады?

  3. Қиын мінезді баламен қалай жұмыс істеу керек?

  4. Дидактикалық ойынның мақсаты қандай?

  5. Баланы еңбекке баулу неден басталады?

  6. Баланың өз-өзіне сенімділігін қалай арттыруға болады?

  7. Баланың есте сақтау қабілеті қандай әрекетте дамиды

  8. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің ең маңызды кезеңі қайсы?

  9. Қимыл-қозғалыс ойындары қай салаға жатады?

  10. Балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы не үшін қажет?

  11. Ұлттық тәрбие дегеніміз не?

  12. Тәрбиешінің басты міндеті неде?







  1. Бала ұйымдастырылған іс-әрекет үстінде басқа балаларға кедергі келтіріп, шулап отыр. Сіз не істейсіз?

  2. Ата-ана сізге келіп, баласының басқа балалармен ойнамайтынын айтып шағымданады. Сіздің әрекетіңіз?

  3. Бала ойыншықтан айырылып жылай бастайды. Сіз қалай әрекет етесіз?

  4. Топтағы балалардың бірі өзге баланы итеріп, ренжітіп қойды. Не істейсіз?

  5. Балалардың кейбірі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқысы келмейді. Қалай қызықтырасыз?

  6. Топтағы бір бала дұрыс сөйлей алмайды. Басқа балалар оны мазақтай бастады. Сіз не істейсіз?

  7. Әріптесіңіз сіздің әдісіңізге қарсы пікір айтты. Сіз қалай әрекет етесіз?

  8. Бала балабақшада тамақ ішкісі келмейді. Не істейсіз?

  9. Ата-ана сіздің жұмысыңызға сын айтты. Сіздің жауабыңыз қандай болады?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі