400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбиеші болу - бақыт

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші – мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін жүзеге асырушы басты тұлға. Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші болу – бақыт.

«Тәрбиеші балаларға ересек әлемге есік

ашатын сиқыршы. Тәрбиешінің білімі

мен біліктілігіне тәрбиеленушілерінің

болашағы тәуелді».

К.Гельвеций



Тәрбиеші – мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін жүзеге асырушы басты тұлға. Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы.

Тәрбиешінің мінез-құлқы, балажандылығы, ізденіс қабілеті, жан-жақтылығы, тіпті кескін-келбеті, үнінің жағымдылығы өзіне сай болу керек. Тәрбиеші әр түрлі рөлдерде ойнайды: ол балаларға барлығын білетін мұғалім де, ойындағы жолдасы да, қиын сәттерде көмектесетін, бәрін түсінетін екінші анасы да.

Тәрбиеші дегеніміз – балалардың ақыл сұрайтын данасы, ересек досы. Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп айтқандай, осы үш асыл қасиеттерді бүлдіршіндердің бойына сіңіре білу тәрбиешінің негізгі міндеті. Кішкентай балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.

Мен тәрбиешімін және оны мақтан тұтамын. Менің кейбір таныстарым тәрбиеші болғанымды білгенде «қандай ауыр жұмыс» - десе, кейбіреуі «қандай қызықты жұмыс» - деп жатады. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты, жауапты жұмыс. Мен өз таңдаған мамандығымды дұрыс таңдадым деп ойлаймын. Бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Балаларға өзімнің жан жылуымды, сүйіспеншілігімді, білімімді, қамқорлығымды беріп, балабақшада өзімнің мамандығым бойынша жұмыс істеп келемін. Тәрбиеші мамандығы мен үшін ең маңызды екенін түсіндім. Тәрбиеші болу менің тағдырым екенін ұқтым. Кейде жұмыстан соң үйге келгенімде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді еске түсіре отырып, кішкентай бүлдіршіндерімнің маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем шаршағанымды ұмытып та кетемін. Осы бір кішкентай «балалар әлемінің» теңізіне бір бағыт алсаң ешқашан кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек.

Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой-сезімдерін оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Тәрбиеші – болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылатындай талаптар қоймайды. Оның сапасын сызғышпен өлшеп, әрбір мысқылына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүреді. Бала – өмірдің гүлі. Балаға қанша талап-тілек қойсаң, сонша рет бағалау да керек, себебі бала оны күтеді. Әркез бүлдіршін кішкентай достарымды қуанышпен күтемін, өйткені олардың жүрегі жұмсақ, көкірегі ашық, кіршіксіз, сезімтал көруге асығады. Бұл – осындай жауапкершілік. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Олар маған шаттық сезім сыйлайды, қанаттандырады, күш-жігер береді.

Осы жылдар барысында менің ұстаған ұстанымым: «тәрбие беру үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек» орыс педагогы айтқан осындай ұлағатты да, мағыналы нақыл сөз болды. Әрине, тәрбие берудің өзіндік мәні мен мағынаға толы қырлары мен сырлары, талабы мен талпынысы менің кәсіпке деген ұмтылысымды ұштастырып, балалардың өмірге деген қызығушылығын арттырады. Балаларға жаңа білім беру үшін мен де өз білімімді ұштап, жаңалыққа ұмтылып отырамын.

Бала жүрегіне жылылық ұялатып, ойлау қабілеті мен дарынын ашу ең басты міндетім екенін түсіндім. Балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, түрлі іс-шараларға белсене қатыстырып отырамын. Тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан жауапкершілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым.

Тәрбиеші кішкентай шәкірттерінің ұядан ұшып, өмірдің толқынына қосылып, үлкен, мықты, дарынды азаматтар болғанына куә болып, сол жеткіншектің тағдырына аз да болса өз үлесін қосқанымен бақытты.

Қазақтың «не ексең, соны орасың» деген сөзі диқаншыларға ғана емес, ол барша тіршіліктің күтімі мен бабына, әсіресе санасы жоғары саналатын адам баласының тал бесіктен бастаған өмір дағдысын таразыға тартып беріп тұрғандай. Егер ел баласының тұлғалық болашағына жүрек жылуымды бермесем, бар уақытымды бала тәрбиесіне арнамас едім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі