400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбиеші болу бақыт!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанып балабақша мекемесінде еңбек етіп жүрген тәрбиешілеріміздің еңбегі ұшан-теңіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Оразгалиева Камила Боранбаевна


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Золотой ключик» бөбекжайы» КМҚК


Тақырыбы: Тәрбиеші болу – бақыт!


Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанып   балабақша мекемесінде  еңбек етіп жүрген тәрбиешілеріміздің еңбегі ұшан-теңіз.

Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегеніме еш өкінбеймін. Балаға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасымыз. Балалармен жұмыс жасау мен үшін - үлкен бақыт.

Шын жүректен қалаған мамандығың әр кезде жақсы жетістікке апарары анық. Әрбір баланың игеруге қабілетіне қарай, балаларды одан әрі шыңдай түсу тәрбиешілердің негізгі міндеті деп білемін.

Әр мамандықтың өз қиындығымен қатар өз қызығы да бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына ұстаздарымның рөлі ерекше. Осы кісілерден алған ең басты сабағым - балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

Халқымыз ел есінде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді. Сөзіміз – түзу, еңсеміз – биік, рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.

«Білерім - бір тоғыз, білмейтінім - тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсесің. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымдағы ең бірінші мақсатым. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші, бақытты ұстаз, бақытты жанмын деп санар едім.

Ал өзім жұмыс жасап жүрген «Золотой ключик» балабақшамыз туралы айтатын болсам балабақшамыз маған өте қатты ұнайды. Басшымыз Турсунова Ляззат Абдешевна – өте ақылды, парасатты, әділ жан. Ұжымымыз да өте ұйымшыл, әріптестерім де білімді, мейірімді жандар, әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасып тұрамыз. Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашақ бастауы болатын бүлдіршіндерімізді саналы азамат етіп тәрбиелейік!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі