400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәрбиеші болу-бір бақыт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Нуржанова Инкар Мейрамбаевна



«Ұстаз болу – бақыт!» тақырыбындағы эссе



Ұстаз – жеке тұлғаны қалыптастырушы, тәлім – тәрбие өнегесінің бастаушысы, арманын қанағаттандырушы тұлға.

Менің педагогикалық өтілім 9 жыл. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек өз жүрегіңмен және жан – тәніңмен сезіне аласың.

Балалармен жұмыс жасау үлкен бір бақыт. Оны алғаш мектепке жұмысқа келген кезімнен бастап түсіндім.

Балалық шағымда бастауыш класс мұғалімі болуды армандадым. Оқуымды ойдағыдай тәмамдап, Ақтөбе қаласындағы №41 мектепке бастауыш класс мұғалімі болып орналастым. Кейін Қарабұтақ орта мектебіне жұмысқа ауысып, бастауыш класс мұғалімі қызметін атқарып келемін. Алғаш жұмысқа орналасқанда 25 балаға қалай ие боламын, оларды қалай жинап аламын, олар мені қалай қабылдайды деген сұрақтар мазалағаны хақ. Алайда әр мамандықтың өз қиындығы мен қызығы болады демекші мен де бойымдағы үрейді жеңе білдім. Өйткені бала – пәк, бала – тап – таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты тер төгу керек десеңізші?! Балаларды ана тілінде әдемі сөйлеп, олардың ой – сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе білуге баулып, танымдық қабілеттерін дамыту менің алға қойған мақсатым болатын.

«Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі – ата – анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан» деп ұлы Абай атамыз айтқан. Жасыратын жоқ, қазіргі кезде ата – аналарымыз баласы үшін еш нәрсені аямайды. Балаларын кішкентай жасынан бастап түрлі үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине, заман талабына сай, бірақ ең бастысы – адамгершілік, инабаттылық тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз жөн.

«Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» адам ғана ұстаз қызметін атқара алады. Ұстаз ешқашан уақытпен санаспай, өз жұмысына ұстаз ретінде емес, әр баланың өз анасы ретінде кірісуі керек. Әрбір баланы өз бауырына басып, оларды қажет жерінде еркелетіп, оларға ақыл айтып, оқушының жан – дүниесін түсінуге тырысса, оларды өзіне жақын тартып, өз аналары сияқты сырласса, әр балдырған өз балаңдай болуы еш күмәнсіз. Егер ұстаз балаға өрескел қылықтар көрсетсе, балаларға ұрысса, тәрбиеші еш уақытта көздеген мақсатына жете алмайды. Әр баланың мінез – құлқы, әртүрлі болып келеді. Сондықтан еңбегім алға қарай басуы үшін мұғалім шеберлігі болуы қажеттігін жақсы түсіндім. Ұстаз шеберлігі – бұл балалардың ыңғайын табудың жаңа жолдарын іздестіру, оларға ықпал ете білу. Басқалармен тез тіл табысып, араласып кету өте қиын. Олай болса, ұстаз негізгі міндеті – тәрбиеленушілерді қоғамдық өмірде өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, өмірге, болашаққа деген сенімдерін бекіту деп білемін.

Көрнекті гуманист – педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю керек» еңбегінде:

«Нағыз ұстаз бұғау салмайды, еркіндік береді;

Басымдық көрсетпейды, - мақтап – мадақтайды;

Намысына тимейді, - қалыптастырады;

Бұйырмайды, - үйретеді;

Талап етпейді, - сұрайды;

Балалардың қиналған сәтінде олармен бірге күйзеліске түседі» деген болатын. Ендеше, әрбір тәрбиеші осы ұстанымдарды өздеріне өмірлік серік етсе, баланы тәрбиелеуде жоғары жетістікке қол жеткізері анық. Және мен де, өз тәжірибемде қолдануға тырысамын.

Кішкентай бүлдіршіндерімнің күлкіге баулу, ата – аналардың бақытты жүздерін көру, қуанышты сезімдеріне киіну – мен үшін бұл адамдарға үлкен бақыт әкелу деп есептеймін.

Қорытындылай келе, мен «Ұстаз болу бақыты» деп мынаны түсінемін: Әр ұстаз таң нұрымен ілесе келген, әр сәбидің мөлдіреген көздерін көрумен, сол балалардың періште тілінде сөйлеген бал тілін естумен, бүлдіршіндердің шынайы да сыңғырлаған күлкісін естумен, біріне – бірі ұқсамайтын балалардың тәтті де ерке қылығын сезінумен, икемсіз саусақтарға жан бітіріп, түрлі дағдылар үйретумен, қанша балаға қызықты ертегі айтып, қиялын самғатып, ұшырумен, алғашқы білім берумен, сауатын ашумен, мен сол бүлдіршіндерінің ұядан ұшып, өмір толқынына қосылып, үлкен мықты, дарынды азаматтар болғанына куә болып, сол балалардың тағдырына аз да болса өзінің үлесін қосқандығымен бақытты» деп жауап берер едім. Мен де сол бақытты ұстаздардың бірімін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі