Қызылорда
облысы
Қазалы
қаласы
№3 «Өрімтал» бөбекжай
балабақшасы
тәрбиеші: Тұрсынбай
Айман
«Берекелі
Алтынкүз»
Жүргізуші:
Қарсы алайық
бәріміз,
Жасымыз бен
кәріміз
Қырдан кепті
қыдырып
Алын күн бізге нұр
төгіп
Құрметті ата-аналар, балабақша
ұжымы «Берекелі
Алтынкүз» атты ертеңгілікке қош
келдіңіздер.
Хор: «Күз
ырғағы»
Балалар мен сендерге бір
жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Көк майсалы
көрікті
Алқаптағы көп
егін
Бұл күндері
киіпті
Сары жібек
көйлегін.
-Бұл не, балалар (Күз
мезгілі)
Саңырауқұлақ
кіреді: Сәлем балалар, мені
таныдыңдарма?
Балалар
: -Иә
таныдық.
Саңырауқұлақ: Мен сендерді
мейрамдарыңмен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен
саңырауқұлақпын. Мен бәрін білем, шын айтамын. Мен сендердің не
ойлап отырғандарыңды білемін. Сендер жаз қайта келсе екен деп
отырсыңдар, солай ма?
Балалар: Иә
Саңырауқұлақ: Бірақ жаз қайта
оралмайды.
Әуен: Күн
күркірейді
Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл
не?
Жүргізуші: Күн күркіреп жатыр, жаңбыр
жауады.
Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы
көрем.
Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсең, ендеше
«Жаңбыр» әнін тамашалайық.
Орындайтындар: Азамат, Кәусар,
Айсұлтан, Санжар
Бағбаншы
кіреді:
Жүргізуші: Сен кімсің? Қайдан
келдің
Бағбаншы: Мен бағбаншымын, орманнан
келемін. Балаларды мейрамымен құттықтауға келдім. Ал, сендер неге
жалғыссыңдар. Күз ханшайымы қайда?
Саңырауқұлақ: Біз сенімен келеді деп
ойладық.
Бағбаншы: Мен күз ханшайымын көрген
жоқпын, ол орманда адасып жүрген шығар.
Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар
тосайық.
Бағбаншы: Ендеше мен Күз ханшайымын
ертіп келемін.
Осы кезде мерекелік көңіл
күймен залға «Алтын күз» қолына себет ұстай кіріп келеді. Себеттің
ішінде күзге базарлық жемістер салынған.
Алтын
күз: Сәлеметсіздерме, балалар! Мен
сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.Мен сендерге
көкөністерімді, жемістерімді ала келдім.
Алтын
Күз: Сәлем менің
достарым,
Өмірге көп
қосқаным
Күз сыйлығы
алыңдар
Сыйлығына
қоныңдар
Молшылыққа
кенеліп
Шаттық әнге
салыңдар.
Жүргізуші: Міне өлкемізге алуан түсті
жапырақтармен,толқын билеп күзде келді. Күз мезгілі көңілсіз болса
да, біздің көңіл күйіміз әрдайым керемет. Ендеше соның дәлелі
ретінде ертеңгілігіміздің тақпақтарына кезек
берейік.
Нұртас: Сау-сау етіп
жапырақ
Сабағынан
үзілді
Қоңыр тартып
атырап
Көкке құстар
тізілді.
Сұлтан: Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді
Жемістерін
жинауға
Шақырады
біздерді
Мария: Ән салыңдар
келіңдер
Жайнап гүлдей
жүріңдер
Күздің тойын
тойлайық
Би билейік,
ойнайық
Ән
«Күн
суытты» орындайтындар: Ұлдай, Мария,
Жұлдызай
Азамат: Жемісі мол
теретін
Күз дос екен
бізбенен
Бәрін тауып
беретін
Жомарт екен күз
деген.
Алтын күзге арналған коцерттік
бағдарлама:
1 «Біз өмірдің гүліміз» бір
топ қыздар.
2 «Жапырақтар»
биі
3
«Шарлар»әні
4 «Қырманшылар» биі біртоп
ұлдар
5 «Еркесімін атамның» әні
Азамат,
6. «Тик-так сағат»
биі
7. «Тайбурыл» тобы қыздарының
күздік сән үлгісі.
«Алтын күз»: Мен туралы
жаттаған тақпақтарыңды,тамаша әндеріңді,әсем билеріңді тамашалап
көңілімді көтердім.
Жүргізуші: Балалар барлығымыз
күздің сыйына алғысымызды білдіріп,шығарып салайық. Қош сау
болыңыз! Рахмет сізге Алтын күз.
Хор
«Күз»
Жүргізуші: Құрметті
қонақтар,балабақша ұжымы осымен «Берекелі
Алтынкүз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп
рахмет.